С.Аронұлы "Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы". Қазақ әдебиеті, 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті
Сабақ: 4 | Мектеп: Қарағанды НЗМ | ||||
Уақыты: | Мұғалімнің аты-жөні: Исина Б.К. | ||||
Сыныбы: 7 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||
Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі | 3-бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс 7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту. | ||||
Сабақ мақсаты | Айтыстағы лирикалық кейіпкер бейнесін дауыс ырғағы арқылы таныта отырып, үзінділерді жатқа айтады. | ||||
Бағалау критерийлері | Айтыстағы лирикалық кейіпкер бейнелерін дауыс ырғағы арқылы шынайы жеткізіп, үзінділерді жатқа айтады. | ||||
Дескрипторлар |
| ||||
Құндылықтарды игерту | Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбектене білуге баулу. Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады. | ||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Таныстырылым көрсетіледі. | ||||
Пәнаралық байланыс | Мәдениеттану, тарих, ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалар, фольклористика саласы, орыс тілі | ||||
Тілдік міндеттер | Пәнге байланысты сөздер және терминдер: бунақ, дауыс соқпасы, логикалық кідіріс, дауыс кідірісі, екпін түрлері Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,... Менің ойымша,... Мен ойлаймын... | ||||
Алдыңғы білім | ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалар мен зар заман ақындары туралы ұғым-түсініктері қалыптасқан. | ||||
Жоспар | |||||
Уақытты жоспарлау | Сабақ мазмұны | Дереккөздері | |||
Басы 3 мин
| Ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушылар «Шаттық шеңберіне» жиналады, «Маңдайдағы стикер» ойынын ойнайды. Стикерлерде: эпитет, теңеу, метонимия, символ сөздері жазылады. Оқушылар оларға не мысал келтіреді немесе анықтамасын айтады. Маңдайында стикер жапсырылған оқушы оны табу керек. 3 минут. Оқушылар нөмірлену арқылы 6 топқа бөлінеді. Қызығушылықты ояту: Оқушыларға 2 минут айтыстан үзінді көрсетіледі. | ||||
Ортасы 34 мин
| Мағынаны тану сатысы Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін, дескрипторларды талқылау. 3 мин. Оқу мақсатына қатысты талқылау сұрағы:
Ықтимал жауап: Айбынды, намысшыл, сенімді, өткір т.б. 1-тапсырма: Оқушылар топта айтыс бойынша қойылым қоюға дайындалады, рөлдерін бөліп алады. 8 минут дайындалып, жұмыстарын әр топ 2 минуттан сахналайды.
«Алты қалпақ» әдісі арқылы топтар өзара бірін-бірі бағалайды. 2-тапсырма:
Үзіндіні дауыс мәнерін келтіріп, жатқа айтады. Мәтін: СҮЙІНБАЙ МЕН ҚАТАҒАННЫҢ АЙТЫСЫ Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік, Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік. Атақты ас жиынды құттықтауға, Бауырлас қырғыз елі, саған келдік. Жүйріктер қосылмаған қою шаңға, Қосылар қыран бүркіт, қашқан аңға. Хан Жантай, Қара Бәйтік, Әтекеңе, Келіп ек амандаса Орманханға.
Қол жайып, құран оқып өткендерге, Әруағын атаң, қырғыз, келдім жоқтай. Алдына қалың қырғыз келгеннен соң, Жарай ма қайтып кету көңіл айтпай?! Қырағы аспандағы ақиықпын, Құмары басылмайтын борандатпай.
Қатаған сөзден жаңылып, Өзінен өзі қағынды. Қызып тұрған темірге, Өзі келіп қарылды. Наркескенге жолықтың, Шашамын судай қаныңды. Болаттан соққан қылышпын, Алтындатқан сабымды. Тоқсан баулы Қоңыраттың. Тоқсан екі ұлы бар, Білуші ме едің, Қатаған, Кім екенін Қыпшақтың? Естіп пе едің, Таманың, Көкбөрісі даланың. Жабылып атқа қонғанда, Көзіңнің жасын төгуден, Ашылмас сенің қабағың. Тіліңді шайнап, қан құсып, Астында тастың жатарсың. Әй, Қатаған, Қатаған, Күнің қандай болады? Қазақты жинап алғанда. Қанеки бетке, қарашы, Толып жатқан көп қазақ, Көк пенен жердің арасы. Көппін деген қазақтан, Қатағанның жоқ санасы. Манаптары қырғыздың, Қатағанды ақын деп, Алып келдің ұялмай, Қатаған ақын сөйлсе, Күлесің езу жия алмай. Енді міне отырсың, Орыныңнан тұра алмай. Мына отырған Қатаған, Қайта-қайта мақтанып, Жантайдың шенін қоймайды. Аңға шыққан тазыға, Оғанда қарғы байлайды. Еменнен күшті ағашпын Майысса да сынбайтын. Алдаспанға жолықтың, Басыңды кеспей тынбайтын. Топ бастаған бұлбұлмын, Сөз бастаған жүйрікпін, Судан шыққан сүйрікпін, Бәйгеден озған дүлділмін Шығарма Қатаған үніңді, Есіңе сақта бүгінгі, Қанатың сынған күніңді. Жардағы өскен жапалақ, Бұралқы иттей абалап, Келтірме менің жынымды. Қырғыз, Қазақ қосылып, Енді топқа кіргізбе, Ақын деп мақтап мұныңды?! - деп тоқтағанда батыр Жантай: - Сүйінбай ботам! Сен жеңдің. Қатаған жеңілді. Көппін деп мақтанғаны басына сор болды. Аттың түгіндей қазақтан қырғыз қашан көп болып еді? Қазақтың алауыз халық екенін айта алмады, - деп ашуланған Жантай екпіндеген Қатағанға сөз бермей, кейін серпіп тастады. Айтысты қортындылған Қара Бәйтік: -Өзіңдей қазақтың жүйрік, алғыр ақынына қандай силық жасасақта жарасады. Ерлігіңді, еркелігіңді қырғыз халқы көтеріп алады. Жеңген жүлдеңе не таңдайсың? Соны өлеңмен жеткізші, Сүйінжан! - дейді екі елдің айтысын басқарып отырған Қара Бәйтік.
Айт десеңіз, айтайын, Мырзалығыңды байқайын. Ер тоқымы алтыннан, Бір ат мінгіз арғымақ. Керегесі күмістен, Босағасы асыл тас, Бір ақ отау үй бергіз. Алтын қынап қылыш бер, Білегіме ілерге. Он жеті жасар бір қыз бер, Онымен ойнап күлерге. Он бес атан түйе бер, Жүгімді артып жүрерге. Бір қос жылқы берерсің, Еліме айдап барарға. Қос жамбас алтын берерсің, Сандығыма саларға. Айтысты жеңген Сүйінбай, Кем берсең бұдан алар ма?! Келістіріп сөйлесе, Жақсылардан сөз қалар. Суырылған жүйрік болмаса, Топқа түсіп не табар? Ақ, қараны шешетін, Көріп тұрған Алла бар! - дейді Сүйінбай.
| ||||
Рефлексия 3 мин | Рефлексия . «Бес саусақ» стр. Сұқ саусақ – ескерту Бас бармақ – ұнаған жағы Қалған саусақтар - сабақ туралы өзінің жеке пікірі. Үйге тапсырма: Қазіргі ақындар айтысы бойынша бейнебаян көріп, айтыстағы көтерілген мәселелер туралы қысқаша мәлімдеме жаз. |
Қосымша ақпарат | ||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) |
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? |
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?