Р.Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, нұсқаулық.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Поэзияға анализ жасау

А – Атауы

Бірінші, оқушылар өлеңнің тақырыбына қарайды. /Тек қана өлеңнің атауын қарап шығу тапсырылады./ Өлеңнің мазмұнына, көлеміне назар аудармайды. Өлең тақырыбымен танысқанда алғаш, ойыңызға не келді? Не сезіндіңіз? Поэма не туралы деп ойлайсыз?

/ Бұл қадам маңызды. Поэманың тақырыбы туралы алғашқы әсеріңіз бен оқып болғаннан кейінгі әсеріңіз поэма туралы ойыңызды өзгертуі мүмкін/

П – Парафраза

Бұл анық нәрсе. Өлеңді бірден түсінуге тырыспаңыз. Анализ жасауға кедергі келтірмейтіндей қылып өлеңнің сөздерін қарапайым тілге «аударыңыз». Ешқандай шумақты, тармақты, сөзді тастап кетпеңіз. Келесі қадамға өтпес бұрын өлеңнің сізге түсінікті екендігіне көз жеткізіңіз.

Бұл жерде ақынның көңіл-күйі маңызды.Бұл қадамда өлеңді түсіну үшін «автордың» қандай жағдайда, қандай көңіл-күймен жазғаны маңызды. Осы жұмыстардан кейін өлеңге анализ жасау жеңіл болады.

К – Connotation (коннотация)

«Коннотация» сөздердің тура немесе астарлы мағынада қолданылғанын анықтау. Мұндай сөздерді анықтау анализ жасауға көмегін тигізеді.

Мынадай сөздерге қараңыз:

  • Оқырманға әсер ететін сөздер;
  • Сөздердің «өзгеше» қолданылуы
  • Тақырыпқа немесе «идеяға» қатысты сөздер

Бұл сөздерді анықтап, олардың қандай мағына (сезім) беретінін, не үшін ол жерде қолданылатынын анықтау керек. Неліктен басқа сөз емес, осы сөз қолданылып тұрғанын талдау керек.

К – Көзқарас

Автордың көзқарасын анықтау маңызды. Ақындар бір тақырыпқа қатысты қарама-қарсы көзқараста шығарма (өлең) жазуы мүмкін.

Сөздердің мағынасына назар аударыңыз.

Яғни, қолданылған сөздерден автордың көзқарасын анықтаңыз.

А – «Ауыстыру»

Өлеңдегі «ауыстыруды» анықтағанда , автордың көзқарасын айқын көре аламыз. «Ауыстыруды» негізінен екпіннен байқауға болады. Кейде мына жағдайларда да көрінеді:

  • Жаңа шумақ
  • Мақамдағы (дикция) өзгеріс
  • Өзгеше пунктуация

Көбінесе бірінші шумақ өлеңге кіріспе ретінде болады. Одан кейінгі шумақтар өлеңнің мазмұнын ашады.

А – Атауы

Өлеңге анализ жасап болғаннан кейін, өлеңнің атауына қайта ораламыз. Мыналарға қараңыз:

Тура мағына мен астарлы мағынаның арасында айырмашылық бар ма? Метафора түрлері қолданылған ба?

Көркемдегіш құралдар қолданылған ба? Немесе шығарманың атына қатысы бар ма?

Шығарманың атауына қандай ұсыныс айтасыз?

T – Тақырып

Анализ жасаудың соңғы қадамы. Шығарманың өзегі – поэманың тақырыбы. Тақырып негізі шындық,сұрақ (мәселе), қақтығыс туралы болады.

Тақырыпты анықтау үшін, мыналарды байланыстырыңыз:

-Тақырыбы (субьект)

-Автор кім? Оның көтерілген мәселе туралы ойы.

-Автордың көзқарасы қандай? Неліктен?

[attachment=28028:aza-debieti_6-synyp_4-tarau_7-saba__malimge-arnalan-nsauly_2-nsa-2.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу