алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Р.Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, нұсқаулық.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Интербелсенді оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтаумен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Интербелсенді әдістің тағы бір ерекшелігі оқушылардың белсенділігі мұғалімнің белсенділігімен сәйкестігінде сонымен қатар оқушы мен мұғалімнің тұрақты өзара іс әрекетінде. Интербелсенді әдістерді қолдануда оқушыларды сапалы дайындықпен қамтамасыз ету оқу процесінің нәтижелігіне тікелей байланысты. Басты тапсырма оқушыларға берілген білімнің бағасында емес ол тапсырманы орындаудағы іс – әрекетінде. Интербелсенді әдістерге мыналар жатады: проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, «инсерт» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т.б. «Дәйексөз » тәсілі

Қажетті жабдықтар: Флип-чарт, түрлі-түсті қарындаштар, стикерлер.

Тапсырманы орындау барысы: Флип-чартқа өтілген шығармадан бірнеше дәйексөз жазылады. Дәйексөз жазылған флип-чарт қабырғаға ілінеді.

  • Әр топ бір дәйексөз таңдайды.
  • Топтар берілген үлгі бойынша шығарманы талқылайды:

A. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр? (1 ұпай)

B. Интерпретация:Үзіндінің немесе дәйексөздің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырып. Тартыс. Өңдеңіз. (1-3 ұпай)

C. Анализ: Жоғарыдағы сұраққа жауапты автор қолданған әдеби құралдармен байланыстыру. Дикция, детальдар, суреттеу, диалог. (1-3 ұпай)

  • Топтарға дәйексөзді талқылауға 4 минут беріледі. Дайын болған топ бастайды. Жұмысын қорғауға 2 минут беріледі.
  • Топ өз жұмысын таныстырып болғаннан кейін, қалған топтардың жұмысын толықтыра алады.
  • Әр топқа өз жұмысын таныстыруға 1 минут беріледі. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

Ескерту: Барлық топ бір дәйексөзбен жұмыс істей алады. Талқылау кезінде жауаптардың қайталанбауын талап ету керек. Ондай кезде оқушылардың бірін-бірі белсенді тыңдау және бір-бірінің жұмысын бағалай білу дағдысы қалыптасады.

Тиімділігі:әдеби көркем шығарманы талдау, шығармаларды қайталау

[attachment=27954:aza-debieti_6-synyp_4-tarau_2-saba_-malimge-arnalan-nsauly_1-nsa-3.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтеді 05.02.2023
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы