С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары ІІІ бөлім: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі

Сабақ : № 6,7

Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ

Күні :

Мұғалім: Меңдібаева С.Ә

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаты

Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.

Құндылықтарды игерту:

  • адамгершілік
  • сыйластық
  • құрмет

Бағалау критерийлері:

  • Шығарма жанрын анықтайды
  • Идеясы арқылы түсіндіреді

Тілдік мақсаттар:

Тірек сөздер

Жиһан, асылық, надан

Қажетті ресурстар

А3 қағаздар, түрлі - түсті маркерлер

Осыған дейін меңгерілген білім

Абай Құнанбайұлының өлеңдері, қарасөздері

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3-4 мин

Қызығушылықты ояту кезеңі

Әдеби эссенің басқа эсселерден айырмашылығы бар ма?

Оқушылар ойларын тақтаға шығып, бір-бірлеп жазады.

Жазғандарын мұғалімдегі теориялық ақпаратпен салыстырады

  • Эссе - бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма.Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді.
  • Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді.

Сабақтың ортасы

5 – 7 минут

5 минут

7 минут

Ауызша кері байланыс 3 мин

10

минут

Саралау тапсырмасы

Мағынаны тану кезеңі

1-тапсырма

Эссе құрылымымен оқушыларды таныстыру

КІРІСПЕ

  • Тақырыпты түсіну сөйлемі:
  • Бұл сөйлемде оқушы эссенің тақырыбына орай, эссенің кім туралы болатынына түсінік беріп тұрады
  • Тақырыптың өзектілігі:
  • Тақырыптың өзектілігі эссе жазуға себеп болған жайдан хабардар етеді.
  • Тезис:
  • Эссе тақырыбынан тезис қойылады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 - абзац

Тезисті қолдаушы пікір

  • Аргумент
  • Талдау (анализ)
  • Абзацта айтылған пікір, аргумент, анализдерден кейін абзацты қорытындылап, жинақтап, бекітетін сөйлем.
  • Негізгі бөлімнің бір абзацынан екінші абзацқа өтуші сөйлем
  • Ой салатын тағы да басқа себептер бар.

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Әдеби эсседе тезиске оралу міндетті емес. Қозғалған тақырыптың маңыздылығы туралы жазып, өз көзқарасын қысқаша жеткізіп, аяқтайды

2- тапсырма

Оқушыларға С.Торайғыров «Шәкірт ойы» өлеңіннің сол заман үшін жаңашылдығы болды ма? деген тақырыпта әдеби эссе жазу тапсырмасы беріледі. Мұғалімнің басшылығымен кіріспе бөлім жазылады. Кіріспе бөлім 5-6 сөйлемнен тұру керек. Оқушылар алдымен жазғандарын жұпта ауысып оқиды, бірін-бірі тексереді. Мұғалім әр топтан бір оқушының жазғанына ауызша кері байланыс береді.

3- тапсырма

Негізгі бөлімді жазу үшін төмендегі мәлімет пен кеңестерге сүйену керек.

Негізгі бөлім 3 абзацтан тұрады. Әрбір абзац кіріспе бөлімінде көрсетіп кеткен мақсатқа сәйкес болу керек. Яғни, егер сіз аспектілерге талдау жасауды мақсат ету керек, әрбір абзацта талдау жасау керек. Ал әрбір абзац 5/7 сөйлемнен құралғаны жөн. Бұнда да кіріспеде қолданылған принцип жүреді. Мәселен, 1 және 2-сөйлемдерде мәселенің белгілі аспектісі туралы мәлімет беріледі. Ал 3 пен 4-сөйлемдерде осы мәліметтер бойынша оқушы ойы. 5-сөйлемде жалпы жасалынған ойыңызды 1 сөйлеммен қорытындылау керек.

4- тапсырмаҚорытынды бөлімді жазу үшін де белгілі-бір уақыт бөлініп:

  • Кіріспе бөлімде айтылған тезиске қайта оралу
  • Негізгі бөлімдегі ойлардың түйінін беру
  • Эссені қорытындылаушы сөйлемнен тұратынына ерекше назар аудару керек.

Оқушы жазба жұмысын орындау барысында дәптер жиегіне түрлі түсті қарындашпен белгі салып отырады. Оның мағынасы: «қызыл – тексеріп, барлық қателерін түзетіңізші», «жасыл – барлық қателерді белгілеңізші, мен барлығын өзім түзетемін», «көк – қате санын көрсетіңізші, мен өзім тауып түзетемін», «қара – бұл жұмысқа баса назар аудармаңыз, мен оны асығыс орындадым» және т.б. Бұл тәсіл- «түрлі түсті жиектер» тәсілі деп аталады.

Эссе тексерілгеннен кейін мұғалімнің әр оқушыға жазбаша кері байланыс беруі маңызды. Егер мұғалім осы сабағында эссе құрылымын меңгертуді мақсат етсе, құрылым бойынша (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім, абзацтардың сақталуы тсс) кері байланыс береді. Кіріспе бөлімдегі тезис сөйлемді дұрыс құрастыруға басымдылық берсе талдауды, кері байланыста оқушыда қиындық келтірген, оқушы жаза алмаған сәтсіз шыққан мәселелерді таратып жазуы керек. Жақсарту жолдарын көрсеткен жөн.

Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады

Қабілеті жоғары оқушыларға «Шығамын мен де әлі адам болып» тақырыбында Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдерімен байланыстыра отырып эссе жаз деген тапсырма беру арқылы оқушының эссе туралы түсінігін, дағдысын тереңдете түсуге болады.

http: //melimde.com/astana-alasi-nazarbaev-ziyatkerlik-mektebi-aldiiz-esbolatizi-b.html

https://massaget.kz/blogs/18793/

презентация

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақ рефлексиясы

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлан

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

  • Конспектілеуді пирамидалық тәсіл арқылы бергенім дұрыс, ұтымды болды

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу