алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


ІІІ бөлім: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі

Сабақ : № 2

Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ

Күні :

Мұғалім: Меңдібаева С.Ә

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаты

Т/Ж2. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

Құндылықтарды игерту:

  • Білім, Мәңгілік ел құндылықтары

Бағалау критерийлері:

  • Шығарма фабуласын біледі
  • Әдеби шығарманың жанрын анықтайды

Пәнаралық байланыс

Әдебиет теориясы, қазақ тілі

Тілдік мақсаттар:

Тірек сөздер

Менің ойымша, басқа қырынан қарастырсақ, қорытындылай келе, біріншіден, екіншіден..

Осыған дейін меңгерілген білім

Абай Құнанбайұлының қарасөздері

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 – 7 минут

Оқушылар сыныпта бірнеше топқа бөлінеді. Әр топқа мұғалім Сұлтанмахмұт сипаттаған заман келбетін таныту үшін, қоғамдық, әлеуметтік мәселелерден хабардар ету үшін бірнеше ақпараттық мәтіндер таратып береді

1-мәтін

Сұлтанмахмұт өмір сүрген кезең ХХ-ғасырдың бас кезі- Ресей топырағындағы ең бір дүр сілкіністің, азаттық үшін арпалыстың кезеңі болды. Бірімен-бірі қабаттасқан үш бірдей төңкеріс патшашылдық биліктің тас-талқанын шығарды. Отаршылдық езгінің әлсіреуі ұлттардың оянуын тездетті. Саяси жағдай ұлттық сананың оянуына себепкер болған төменде айтып кеткен үш төңкеріс, ол Ресейдегі 1905-1907 жылдары және қазақ даласындағы патшаға қарсы 1916 жылғы қозғалыстар, 17 жылғы Ақпан төңкерісі. Ақынның бел шеше жазу ісімен айналысқан кездері де осы бір шытырман жылдар еді. Ол мәдениеті озық елдердің жоғары жетістіктерін уағыздап, жаңалық жаршысы бола білді. Сол себептен ақын «Бүгіндегі жастарға оқу міндет, бар қиындық тек қана ғылым жеңбек» деген үлкен ойдың қажырлы көрінісіндей жыр жолдарын өз оқырмандарына жолдады.2-мәтінҚазақ халқы ерте заманнан-ақ білімді де сауатты болуға ұмтылған, надандық пен топастықты әжуа етіп, күлкіге айналдырған. Әрбір ата-ана баласына әдептілікті үйреткен, сауатты да білімді болуға баулыған. Бұған мысал ретінде қазақтар арасында «Қара күш бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген мақал кеңінен тараған. ХІХ-XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі екі: діни және зайырлы бағытта жүргізілді. XIX ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мектептер мен медреселерде мұсылманша білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде негізінен ер балалар оқыды.

3-мәтін

XX ғасырдың бас кезінде дәстүрлі мектептер мен медреселер коғамның өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Мұсылман мектептерін реформалау қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылар жадидшілдер болды. XX ғасырдың бас кезінен бастап жаңа әдістемелік мектептер пайда бола бастады. Жадидшілдер мектептерде арифметика, география, жаратылыстану, тарих сияқты басқа да зайырлы пәндерді оқыту қажеттігін дәлелдеді. Жаңа әдістемелік мектептерде білімді де білікті мұғалімдер сабақ берді, оларда қажетті оқу құралдары мен жабдықтары жеткілікті болды. Оның үстіне, оқыту әдістемесі де әлдеқайда тиімді еді Қазақстандағы ең алғашқы жаңа әдістемелік мектеп 1900 жылы Түркістан қаласында ашылды. Ондай мектептер Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазалы, Қостанай, Перовск, Семей сияқты басқа да қалаларда пайда бола бастады. Қазақ зиялыларының едәуір бөлігі жаңа әдістемелік мектептерде білім алып шыққандар болатын. Мәселен, Уфадағы «Ғалия» медресесінде Б. Майлин, Орынбордағы «Усмания» медресесінде Қ. Болғанбаев және басқалары оқыды. Абай Құнанбаев та Семейдегі Ахмет Риза медресесінде жаңа әдістемелік оқыту методикасын жақтаушы ұстаздардан дәріс алған болатын.Алайда жаңа әдістемелік мектептер елге кең көлемде тарай алмады. Патша үкіметі жаңа әдістемелік мектептердің ашылуына барынша қатты қарсылық көрсетті. Себебі ондай мектептерді панисламизм мен пантүркизмнің ошақтары деп білді. Соның салдарынан 1917 жылы Қазақстан аумағында 100-ге тарта ғана жаңа әдістемелік мектеп бар еді.

4-мәтін

Ресей империясы қазақтардың орта және жоғары білім алуына жол бермеуге тырысты. Сауатты қазақтардың қатары өскен сайын олардың Ұлттық сана-сезімі тезірек оянады деп қауіптенді. Мәселен, 1885 жылы Қазақстанда орыс мектептерін ашудың басты идеологта- рының бірі Ильминский былай деп ашықтан-ашық жазған болатын: «Бізге тиімді болатын бір жағдай бар. Ол — бұратана халықтың әрбір өкілінің орысша сөйлегенде шатасып, қысыла қызарып тұратын болуы. Ол — орысша жазғанда да аяқ алып жүргізгісіз қыруар қате жіберіп, өз ойын дұрыс жеткізе алмауы. Олар губернаторлардың алдында ғана емес, сонымен қатар кез келген бастықтардың алдында да қалтырап-дірілдеп тұруы керек». XIX ғасырда ауыл шаруашылық және фельдшерлік мектептері ашыла бастады. Олар орта білімді дәрігер мамандарын даярлап шығарды. Алайда Қазақстанда бірде-бір жоғары оқу орны ашылған жоқ.

Мәтінмен жұмыс

Оқушылар мәтінді оқып, топта талдап біткеннен кейін дәптерлеріне ХХ ғасыр басында туындаған өзекті мәселені түртіп жазып алып отырады. Мысалы:

  • Оқу барлығына қолжетімді болған жоқ
  • Діни мектептер негізгі қажеттілікті өтей алмады
  • Қыз балалар оқыған жоқ
  • Қазақ мектептері аз болды
  • Қазақ халқы үш төңкерісті басынан өткізген. тсс

Әр топ өз мәтінін оқып, талдағаннан кейін сағат бойымен жылжытып отырып келесі топтың мәтінімен айырбасталып оқып, көтерілген мәселені тағы да торпта талдайды. Осылайша, әр топтың мәтінімен танысып болғаннан кейін мұғалім оқушы назарын С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңіне аудартады.

Сабақтың ортасы

10 минут

5 – 7

минут

5

минут

Мағынаны тану кезеңі

Оқушылар С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін көз жүгіртіп оқып болғаннан кейін, мұғалім сұрағымен жұмыс істейді

1-тапсырма

Қалай ойлайсыңдар, С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңімен сендер оқыған ақпараттардың қандай байланысы бар ?

Сұраққа жауап беру үшін ойларын алдымен топта талдайды. Талдауға берілген уақыт аяқталған кезде мұғалім әр топтан спикер шақыру арқылы жауаптарын тыңдайды, әрі сынып оқушыларына топ спикерлерінің жауабын мұқият тыңдаумен бірге өзіне дейінгі айтылған спикер жауабын қайталамауын өтіну арқылы бірізді жауаптардың алдын алады, әрі оқушының тереңірек ойлануына бірнеше мәселені анықтауына ықпал жасайды.

2- тапсырма

«Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,Жүргенше өмір сүріп, надан болып, - деген жолдар ақынның қызуқандылығын білдіре ме әлде өмірлік ұстанымы ма, дәлелде», -деген тапсырма бойынша оқушы жұпта бір-бірімен ой бөліседі.

Оқушы жауабы нақты, дәлелді болу үшін «төрт сөйлем» тәсілін пайдалануға болады. Кейбір оқушылар әрі қызуқандылық, әрі өмірлік ұстанымы деп те жауап беруі мүмкін. Мұғалім назарын оқушы жауабының дұрыстығын емес, пікірін еркін жеткізу, дәлелді жеткізуіне аударған жөн.

3- тапсырма

Өлеңнің идеясы не? Қай жолдардан көрінеді?

Оқушылар 4 адамнан құралатын топта «пирамидалық талқылау» әдісі арқылы жауап береді.

Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды.

Сабақтың соңы

Сабақты кесте толтыру арқылы қорытындылау:

Өлең кімге арналған?

Авторды қандай мәселелер толғандырады?

Автор өлеңде көтерілген мәселені қалай шешеді?

Бағалау дескрипторы

ХХ ғасыр басындағы әлеуметтік жағдайларды біледі

Өлеңде көтерілген мәселені анықтайды

Өлең жолдарын талдап, мағынасын түсіндіреді

Өлеңдегі идеясын айқындайды

Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.

Саралау тапсырмасы үш негізгі аспекті бойынша жұмыс істейді. Олар:

  • Үйренуге деген дайындық;
  • Оқу қажеттілігі;
  • Қызығушылық.

Мұғалім осы үш бағыттың бірін басшылыққа ала отырып, қабілеті жоғары оқушыларға «Сұлтанмахмұт өмір сүрген кез қандай болды?» деген шағын зерттеу жасау, қосымша ақпарат қарастыру мақсатында тапсырма беруіне болады.

https://www.zharar.com/kz/referat/7301-sultanmahmut.html

презентация

Сабақтың соңы

3 минут

Ауызша кері байланыс беру

2-минут

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлан

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

  • Конспектілеуді пирамидалық тәсіл арқылы бергенім дұрыс, ұтымды болды

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы