Абай өлеңдері. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.
Мұғалімге арналған қосымша ақпарат
Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан тұрады, көлемі З0 жол. Бұл өлеңінде Абай оқырман-тыңдаушыларына, ақындарға қарап сөйлейді. Сын мен пікірін нақтылай айтуға ойысқан. М. Әуeзовтің айтуынша, бұл өлең Абайдың «тек бір өз басының ақындық жолындағы ізденуі ғана емес. Мұны ақындық жайында өзгеше мәні бар өлең деп ұғынуымыз керек».
Ақын өлең сөзді кімге арнауды, кімге айтуды ескертеді: тасырға айтпай, «көңіл көзі ашық, кекірегі сөзімді», сергек те талаптыларға айтуды қалайды. Оның өсиеті - күле тыңдаған парықсыздарға сөзіңді қор қылма! «Қызшыл», «қызықшыл» әуейілерге жолама! Арсыздық пен ақылсыздықтан, шаруасыздық пен маскүнемдіктен аулақ бол!
Ұлы ақын өзі жайлы, өзінің жеке басы жайлы айтса да, көптің тағдырын, адамзат жайын сөз етеді» деуі тегін айтылмаған. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирикалық қаһарманның ой-сөзімі, тағдыры өз заманында суреттелсе, соғұрлым ол типтік қасиеттері мол, сомдап жасалған ірі түлғаға айналып, дәуірдің көрнекті екілі болып шығады. Лирикалық поэзияның осы ерекшеліктері Абайдың өлеңдерінен мейлінше толық керінеді. Абай лирикасынан ақынның кеңіл күйін, жан дүниесін, толғанысын сөзініп қана қоймаймыз; солар қылы қазақ қоғамына, жалпы адам баласына тән сипаттарды, дәуір, заман келбетін танытатын қасиет белгілерді молынан табамыз.
Сұрақ қою әдісі
Оқушылардан сұрақ құрстыру арқылы үйренгендері мен білгендеріне қайта оралып отыру керек болады.
Кейбір оқушылар жауабы оңай қарапайым сұрақтар құрауы мүмкін.
Қабілеті жоғары оқушылар кең көлемді, жауабы ойландыратын күрделі сұрақтар құрауы мүмкін. Мысалы:
Негізгі сұрақ
Әлемдегі кедейлік пен теңсіздік мәселесенің шешімі бар ма?
Қосымша сұрақ
Оқушылар құрастырған сұрақтарын басқа топтарға айтады және идеалды әлем туралы талдайды. Баспана мәселесі, тамақтың қымбаттауы сияқтыкөтерілген тақырыпқа қосымша сұрақтар құрастырады
Анықтауыш сұрақтар
Алдыңғы сұрақтардың жауаптарын жазып одан тағы да сұрақ туындатады. одан көп сұрақтар қояды.
Жауаптағы детальдар негізгі сұраққа жауап бере ала ма?
Сұрақтар мен жауаптар шынайы ма? Әлде шындыққа жанаспай ма?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?