Ойталқы (диспут). Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: № | Мектеп: НЗМ Астана қаласы | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Уристимова Б.К. | |||||||||||||||
Сынып: 11 (Т1) | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер Ойталқы (диспут). Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері | |||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 11.3.1.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, аннотация жазу; | |||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар: Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі, іргелі ел, ата-бабаларымыз, ар-намыс,дәстүр, орны бөлек, зор Менің ойымша.....Мен мұны былай дәлелдеймін....Дәлел ретінде мысалдар келтіремін......Мынадай қорытынды шешімге келдім....... | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | тарих, география | |||||||||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар | ұлтжандылық, елжандылық тәрбие, ынтымақтастық, бір-біріне құрмет көрсетеді. | |||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Интерактивті тақтамен жұмыс | |||||||||||||||
Алдыңғы оқу | ||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөз дер | ||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут Сабақтың ортасы 15 минут 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту “Ана тілі — халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі”. -деген екен қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев. Осы сөздердің мәніне қарасақ, үлкен ой жатыр. Сіз қалай ойлайсыз? Жазылым алды тапсырма. 1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Мәтіннің стилін анықтаңыз. 1-мәтін Қазақстанның болашағы қазақ тілінде Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Нарық-ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға, Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында? Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында, Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқын да. Мұхтар Шаханов Қазақстан - өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар іргелі ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат, мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Қазақ халқы -ертеден өз дәстүрін, өз мәдениетін, өз тілін, өз ұрпағын қадірлеп, қастерлеп келеді. Көненің көзі болған, елдің ұйытқысы болып, қаймақтай ұйыған,туған тілді қадір тұтқан, ағаларымыздың қазақ әдебиетінде орны бөлек, әрі зор. Ал ұлт қазынасы болған, халық санасыздығын жойған, білімдіні шыңға шығарып, «Қазақ» деген сөзді қанға құйған ол әрине- тіл. Ұлт тілі, қазақ тілі, халық тілі! Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай Қазақ халқының үнін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.Жауын өткір тілмен торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қайсар рухпен -қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы. Тіл-әрбір ұлттың мақтанышы, жан дүниесінің айнасы.Ол қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Міне сондықтанда ұлттың болашағы - оның ана тілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып-«Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» (Массагет порталы) деген болатын. Ана тілі – тағдырдың басымызға жазған тылсым күші. Ол- ең ұлы , тамаша тіл. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Осыдан кейін өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Бірақ елдің бүгінгі күні бұрынғы КСРО қоғамыменде байланысты. Кешегі орыстандыру саясаты, бүгінгі тіл өркениетінің өспеуіне кері әсерін тигізуде.Сондықтанда бұл -қазіргі, көкейкесті мәселенің бірі. Шындығын айтсақ, тәтті өтірікті айтқанша, ащы шындықты айтқан дұрыс болар. Себебі елдің ертеңгі тұтқасы бүгінгі жастар. Қарапайым ғана мысал алсақ, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қазақ тілінде еркін сөйлей білуі міндет болып табылады.Бірақ қазіргі күні екінің бірі , мемлекеттік қызметте бола тұра оны білмеуі. Кейбір дүкендер, жұмыс бөлімдерінің тақтайшаларындағы сөздер, сонымен қатар ресми құжаттарда ( логикалық тұрғыдан алып қарасақта) қарапайым «Қазақстан» деген сөздің теріс жазылуы. Бұл үлкен қателік. Қазақ тілін біле тұра өзге тілде сөйлеу ол бүгінгіге сән, кешегіге ұят нәрсе болған. Тарихқа үңіле отырып: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» - деп ойлансақ бұл - туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзі. Ал осыған қарап жас ұрпақтың бойына , ойына түзері көп.Солай дей тұра қазіргі күні қазақ тілінің қоғамдағы рөлін арттыруға үлкен жұмыс жасалынуда. Соның бір кепілі ғаламтор жүйесіндегі «Әдебиет порталы», қазақ тілінде «Сұрақ-жауап» сайттарының пайда болуы. Бұл ана тіліміздің кішкентай болсын бүршік жарғанының белгісі. Кез келген мемлекет өз шекарасы шеңберінде көп этносты мәдениеттің әр текті сипатына қарамай, өзінің ұлттық мәдениетін қалыптастыратыны сөзсіз. Ал ұлттық мәдениеттің өзегі — ұлттық тіл, ол халқымыздың тәуелсіздігінің тұғыры! «Тірі қалсам... Қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» -деп әдебиеттің де, тарихтың да белгілі тұлғасы әрі сыншысы Әлихан Бөкейханов айтып кеткен еді. Биыл тіл жанашырының 150 жылдық мерейтойы. Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл тіл жанашырының мерекесі себептен себепсіз болуы мүмкін емес.Біз жалпы ұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді,Мәңгілік тілді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел, Мәңгілік тіл - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел, Мәңгілік тіл! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде! Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық!«Тыңдалымда көтерілген мәселе қаншалықты өзекті?» Оқушылар сұрақты жұпта талқылап, жауап береді. Сұрақты «Тоғыз гауһар тас» әдісі арқылы талқылайды. Мұғалім үшін: «Тоғыз гауһар тас» әдісінің жұмыс алгоритмі 1. Оқушыларға карточкада немесе стикерде белгілі бір сұраққа қатысты тоғыз идея беріледі (немесе өздері алдын ала жазады). 2. Олар өзінің бірінші басымдық берген карточкасын жоғарыға қояды, бұдан кейін екі карточканы екінші орынға қояды, үш карточканы үшінші орынға қояды, содан соң қайтадан екі және неғұрлым төмен артықшылығы бар карточка төменге орналастырылады. Осылай гауһар тас пішіні пайда болады. 3. Оқушылар бір-бірімен бітімге, келісімге қол жеткізуге Ойталқы жүргізіледі. Талқылау сұрағы: Қазақ тілінің мәртебесін асқақтата түсу үшін тағы қандай жұмыстар атқару керек? Жазылым тапсырмасы Ж. Тапсырма Тезистік жоспар құрыңыз, мәтіннің негізгі тезистерін жазып шығыңыз Жазылымнан кейінгі тапсырма
Дескриптор:
Дескриптор арқылы жұпта, топта бағалайды. | таныстырылым | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут |
| |||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||
Сұрақтардың қарапайымнан күрделіге қарай құрылуы, оқушылардың жауабының да әр түрлі болуын қамтамасыз етеді. | Оқушылардың өлең талдауы бойынша құндылықтарды анықтағандарынан аңғарамын. | Оқушылардың Елжандылық, Туған жерге деген құрметін қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті арттырады. | ||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Тест сұрақтары
- Жазба тілдің стильдік тармақтарын көрсетіңіз.
- А)Ауызекі сөйлеу стильі В) Ғылыми стиль, сөз мәдениеті
- С) жүйелі сөйлеу мәдениеті Д) Көркем әдебиет стилі
- Е) мақала, баяндама
- 2. Ауызекі сөйлеу тілінің стильдік ерекшелігін табыңыз.
- А)үндемей тыңдау В) қарапайым сөздерді қолдану
- С) тіл тазалығын сақтау Д) қыстырма сөздерді қолдану
- Е) диалогке құрылмайды
- 3. Тілдесу үстіндегі қойылатын талаптар қалай аталады?
- А)коммуникативтік талап В) грамматикалық талап
- С) лексикалық талап Д) мәнерлеп сөйлеу талабы
- Е) ғылыми стиль тұрғыда
- 4. Стильдің қанша түрі бар?
- А) 4 В)5 С) 6 Д) 3 Е) 2
5. Бұлт көлеңкесімен түтеген дала үнсіз бағынып, жаңбыр күтуде еді. Жел ұйытқытып қара жолдың күлгін шаңын көкке көтерді. Мәтін қай стиль үлгісінде жазылған?
- А)Ғылыми стиль В) ресми стиль
- С) Көркем әдебиет стилі Д) мақала, баяндама
- Е) ауызекі сөйлеу стилі
- 6. Стилистика қай тілдің сөзі?
- А)Араб В)Латын С)Орыс Д)грек Е)француз
- 7. Бірін-бірі бетпе бет көріп отырған екі не одан да көп адамдардың өзара пікір алысуы, түсінісуінде қай стиль қолданылады?
- А)Ғылыми стиль В) Көркем әдебиет стилі
- С) Жазба тіл Д) ауызекі сөйлеу стилі Е) мақала, баяндама
- 8. “Ақуыз синтезі” қай стильге жатады?
- А)Ғылыми стиль В) ауызекі сөйлеу стилі
- С) Көркем әдебиет стилі Д) публицистикалық стиль
- Е) ресми стиль
9. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы Қиыннан қиыстырар ер данасы....... Өлең қай стильде жазылған?
- А) Әдеби стиль В) Көркем әдебиет стилі
- С) Ғылыми стилі Д) ауызекі сөйлеу стилі Е) іс-қағаздар стилі
- 10. Құрмалас сөйлем дегеніміз кем дегенде екі жай сөйлемнен тұрып, күрделі ойды білдіреді..... Мәтін қай стиль түріне жатады?
- А) ресми стиль В) ауызекі сөйлеу стилі
- С) әдеби стиль Д) Ғылыми стиль
- Е) публицистикалық стиль
- 11. “Хаттама, мінездеме, хабарлама” стильдің қай түріне жатады?
- А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль
- С) ресми стиль Д) әдеби стиль
- Е) ауызекі сөйлеу стилі
- 12. Ресми іс-қағаздар түрін көрсетіңіз.
- А) мақала В) роман С) кейіптеу Д)өтініш Е) шығарма
- 13. Газет журналдар тілі қай стильге жатады?
- А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль
- С) ресми стиль Д) әдеби стиль
- Е) ауызекі сөйлеу стилі
14. Өмірбаян, кепілхат қай стиль түріне жатады? А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль С) ресми іс-қағаздар стилі Д) әдеби стиль Е) ауызекі сөйлеу стилі
- 15. Экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер, неологизмдер, сұраулы, лепті сөйлемдер қандай стильдің сипатына сай келеді?
- А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль
- С) ресми стиль Д) Көркем әдебиет стилі
- Е) ауызекі сөйлеу стилі
- 16. “Айтпақшы”, “тәйірі”, “ұят-ай” сияқты сөздер қолданылатын стиль түрін анықтаңыз.
- А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль
- С) ресми стиль Д) әдеби стиль
- Е) ауызекі сөйлеу стилі
- 17. Сөйлем соңынан қойылатын тыныс белгіні табыңыз.
- А) сызықша В)сұрау, леп белгісі С)үтір Д)жақша Е) Қос нүкте
http://engime.org/stile--sojleushini-jazushini-belgili-bir-tairipa-atisti-soz-sa.html
презентация
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?