Экология мәселелері. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ. 2 нұсқа.


САБАҚ: 7

Мектеп:

Мерзімі:

Оқытушының аты-жөні: Угыбаева Г.А.

СЫНЫП: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім

Табиғат және экология

Сабақтың тақырыбы

Экология мәселелері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.4.4.1 мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып)

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы

Жазба жұмысын дайындайды;

Көптеген оқушы

Жазба жұмысында мәтін нормаларын сақтап жазады;

Кейбір оқушы

Мәтін нормаларын сақтап, жазба жұмысын шығармашылықпен орындайды.

Бағалау критерийі

Мәтін нормаларын сақтап жазады

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминалогия: экология, экологиялық мәселе, табиғат ресурстары, табиғат қорлары, мақала

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: Таза болса табиғат - аман болар адамзат, ғылыми прогресс, туған жер табиғатының тағдыры, экологиялық апат

Мектеп құндылықтары

Жауапты азаматтық позиция: өзіне патриоттықты қамтиды. Жауапты азаматтар адал, сындарлы әрі белсенді, олар тұтастық, сыни идеялар мен қоғамды дамыту, ұлт пен қоршаған ортаны қорғау үшін пікір алуандығын әкеледі, олар қазақша, орысша және шет тілдерінде сөйлейді.

Алдыңғы сабақта

Әр түрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар орындады.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек

көздері

Сабақтың басы

6 минут

Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді. Топтар «Қазақстан экологиясы», «Әлем экологиясы», «Қазіргі экология мәселелері», «Біз және қоршаған орта» тақырыбында өз ойларын ортаға салады.

Слайд

Сабақтың ортасы

6 минут

2 минут

15 минут

5 минут

4 минут

ЖЖ

Жазылым алды тапсырма

Берілген пікірлерді әрі қарай өрбітеді.

  • Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экология мәселелері тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда.
  • Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жер табиғатының тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр.
  • Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені тіршілік табиғатта өсіп-өнеді. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіруде.

Кері байланыс.

  • Сіздің ойыңызша бұл пікірлер өз көзқарасыңызды танытуға мүмкіндік бере алды ма?
  • Ойды өрбіту сізге қиындық тудырды ма? Неге?

Жазылым тапсырмасы

«Таза болса табиғат - аман болар адамзат» тақырыбында мақала жазыңыз. Алдыңғы пікірлердің бірін жазба жұмысында қолданыңыз.

  • Дескриптор:
  • Мақаланы шығармашылықпен жазады;
  • Мәтін нормаларын сақтап жазады;
  • Мәтін бөліктерінде пікірлерді тиімді қолданады;
  • Абзацтарды сақтайды;

Бірін-бірі бағалау. Әр оқушы дескриптор бойынша

2 оқушыны бағалайды.

Жазылымнан кейінгі тапсырма

Оқушылар жазбасында кездескен ұтымды ой-пікірді дәптерге түртіп алыңыз.

Слайд

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақта кездескен кедергілер ...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу