Қазақстан экологиясы. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, таратпа материал. 4 сабақ. 1 нұсқа.
Қазақстан экологиясы
Уақыт өткен сайын табиғат пен адамдардың ара қатынасы айқындала түсуде. Соңғы жылдары экология туралы пікірлер жиі айтылып жүр. Алғашқы рет экология деген ұғымды (1866 ж.) ғылымға неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Экология мағынасы гректің "Эко-Ойкос" деген сөзінен шыққан, үй, бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді. Демек, өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң, қоршаған табиғатты да солай таза сақта, соған өз үлесіңді қос.
Бүгінде табиғатты қорғау ісі бүкіл дүние жүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің экологиялық проблемаларын айтқан кезде, алдымен Арал, Балқаш, Семей қасіреттерін ауызға аламыз. Бар жоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге бөлінді. Тұзы көтеріліп, қышқыл жауын-шашын болып жауатын болды.
Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға 145 млн. тонна күкірттің қос тотығы, 250 млн.тонна шаң-тозаң, 5 млрд. тонна көмір қышқыл газы, 1 млн. тоннадай қорғасын қосылыстары ауаға бөлініп шығарылады екен. Әр түрлі зиянды заттардың биосферадағы таралуы тіршілікке көп зиянын тигізуде. Соның салдарынан атмосфераны ластаушы қосылыстар түтін тұманына айналуда. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фотохимиялық құрғақ түтін ауаның ластығын, улылығын арттыра түседі. Тянь-Шань тауының баурайында орналасқан Шымкент, Тараз, Алматы, Өскемен қалаларының ауасы басқа қалаларға қарағанда бірнеше есе көп ластанған. Олардың басты себебі - осы қалаларда өнеркәсіп орындарының көп шоғырлануы.
Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан әр түрлі жұқпалы аурулар көбейіп кетті. Соңғы жылдары республикамызда экология және табиғатты пайдалану жөніндегі министрлік құрылды. Ол экологиялық жағдайларға жан-жақты талдау жасап, еліміздің топырағы, суы, ауасының тазалығына бақылауды жақсарту ісін қолға алуда.
http://testent.ru/publ/studenty/kazak_tili_sabagi/aza_stan_ehkologijasy/3-1-0-689
1-топ:
Мәтінге тақырып қояды.Әр бөлімнің аттарын табады.
2-топ:
Мәтін ішіндегі ақпараттарға шолу жасайды. Маңызды, маңызды емес.
3-топ:
Мәтін абзацындағы сандардың роліне шолу береді.
Шолу | Талдау | Оқу | Бағалау |
Шолып оқу: мәтін тақы рыпшасын, бөлімдер аттарын, абзац санда рын шолу. | Талдап оқу арқылы сти лі мен жанр ын, кімдер ге арнап жазылғаныноқу. | Мәтіннің мазмұн ын,автордың айтпақ болған ойын, мәтінді жазудағы мақса тын түсіну әр ақпаратты ұғыну | Мәтіндегі ақпараттар дың шынайы лығы, оқыр манға қанша лықты пайда сы бар? |
Ж
Оқушылар жұптасып мәтінді стилі мен жанрына және түрі мен аудиториясына қарай әрі мәтіннен дәлелдер келтіре отырып, талдап түсіндіреді.
стилі | жанры | түрі | аудиториясы |
ЖЖ
Берілген мәтінді оқушылар тұтастай оқып шығады.
Қалаған жұптар бір-біріне автордың айтайын деген ойы мен мәтінді жазудағы мақсатын ақпараттар арқылы ұғындырады.
«Соңғы сөзді мен айтайыншы» әдісімен
мәтінге 3 сөйлеммен комментарий жазыңыз. Жазылымда бір маңызды ой айтуды ұмытпаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды