Қазақстан экологиясы. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ. 1 нұсқа.


Пән қазақ тілі

(Қоғамдық-гуманитарлық бағыт) 3-тоқсан 1-нұсқа

Сабақ

4-сабақ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Табиғат және экология.

Шешендік сөздер

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан экологиясы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • белгілі бір мақсат үшін қолдана біледі;

Көптеген оқушылар:

  • оқылым стратегияларын қолданады;

Кейбір оқушылар:

  • жүйелі қолдана біледі.

Бағалау критерийлері

  • белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана біледі

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Экология, атмосфера, биосфера, фотохимия, т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

«Менің ойымша,... », «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Мектеп құндылықтары

  • Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Табиғат және экология

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

5 минут

Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру

Оқушылар берілген суретке қарап өз ойларын ортаға салады. «Соңғы сөзді мен айтайыншы» әдісімен 1 оқушы нақты тұжырым жасап, сабақтың тақырыбын ашады.

  • Оқу мақсатымен таныстырылады.

МЖ = Мұғалім жасаған

Сабақтың ортасы

3 минут

5 минут

5 минут

10 минут

2 минут

5 минут

2 минут

Оқылым алды тапсырма

Экологияны жақсартудың қандай жолдары бар?

Қазақстанның экологиясы туралы нақты 1 пікір білдіріңіз?

Өзің қосатын үлесің бар ма? Дәлел айтыңыз.

Оқылым тапсырмасы

С

Оқушыларға бірдей мәтін беріледі.

Уақыт өткен сайын табиғат пен адамдардың ара қатынасы айқындала түсуде. Соңғы жылдары экология туралы пікірлер жиі айтылып жүр. Алғашқы рет экология деген ұғымды (1866 ж.) ғылымға неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Экология мағынасы гректің "Эко-Ойкос" деген сөзінен шыққан, үй, бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді. Демек, өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң, қоршаған табиғатты да солай таза сақта, соған өз үлесіңді қос...(247 сөз).

Т

«Төрт сатылы сыни оқу» стратегиясын қолдана отырып алдымен мәтінді шолып оқып шығады. Оқушылар мәтіндегі ақпараттардың қаншалықты шынайы екенін білу үшін шолу жасайды.

  • Жұптаса отырып оған өз пікірлерін білдіреді.
  • Оқушылар төмендегі кесте бойынша жұмыс жасайды.
  • Тапсырманы ауызша орындайды.

1-топ:

Мәтінге тақырып қояды.Әр бөлімнің аттарын табады.

2-топ:

Мәтін ішіндегі ақпараттарға шолу жасайды. Маңызды, маңызды емес.

3-топ:

Мәтін абзацындағы сандардың роліне шолу береді.

Шолу

Талдау

Оқу

Бағалау

Шолып оқу: мәтін тақы

рыпшасын, бөлімдер аттарын, абзац санда

рын шолу.

Талдап оқу арқылы сти

лі мен жанр

ын, кімдер

ге арнап жазылғаныноқу.

Мәтіннің мазмұн

ын,автордың айтпақ болған ойын, мәтінді жазудағы мақса

тын түсіну әр ақпаратты ұғыну

Мәтіндегі ақпараттар

дың шынайы

лығы, оқыр

манға қанша

лықты пайда

сы бар?

Ж

Оқушылар жұптасып мәтінді стилі мен жанрына және түрі мен аудиториясына қарай әрі мәтіннен дәлелдер келтіре отырып, талдап түсіндіреді.

стилі

жанры

түрі

аудиториясы

ЖЖ

Берілген мәтінді оқушылар тұтастай оқып шығады.

Қалаған жұптар бір-біріне автордың айтайын деген ойы мен мәтінді жазудағы мақсатын ақпараттар арқылы ұғындырады.

Оқушылар өздері жасаған жұмыстарына

Ф’ кері байланыс береді.

Оқылым соңындағы тапсырма

«Соңғы сөзді мен айтайыншы» әдісімен

мәтінге 3 сөйлеммен комментарий жазыңыз. Жазылымда бір маңызды ой айтуды ұмытпаңыз.

Оқушылар бір бірінің жұмыстарын бағалайды.

http://testent.ru/publ/studenty/kazak_tili_sabagi/aza_stan_ehkologijasy/3-1-0-689

Қазақстан экологиясы

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Мен үшін 2 қызықты тұсы Мен үшін 2 қиын тұсы.

Уақыт өткен сайын табиғат пен адамдардың ара қатынасы айқындала түсуде. Соңғы жылдары экология туралы пікірлер жиі айтылып жүр. Алғашқы рет экология деген ұғымды (1866 ж.) ғылымға неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Экология мағынасы гректің "Эко-Ойкос" деген сөзінен шыққан, үй, бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді. Демек, өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң, қоршаған табиғатты да солай таза сақта, соған өз үлесіңді қос.

Бүгінде табиғатты қорғау ісі бүкіл дүние жүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің экологиялық проблемаларын айтқан кезде, алдымен Арал, Балқаш, Семей қасіреттерін ауызға аламыз. Бар жоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге бөлінді. Тұзы көтеріліп, қышқыл жауын-шашын болып жауатын болды.

Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға 145 млн. тонна күкірттің қос тотығы, 250 млн.тонна шаң-тозаң, 5 млрд. тонна көмір қышқыл газы, 1 млн. тоннадай қорғасын қосылыстары ауаға бөлініп шығарылады екен. Әр түрлі зиянды заттардың биосферадағы таралуы тіршілікке көп зиянын тигізуде. Соның салдарынан атмосфераны ластаушы қосылыстар түтін тұманына айналуда. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фотохимиялық құрғақ түтін ауаның ластығын, улылығын арттыра түседі. Тянь-Шань тауының баурайында орналасқан Шымкент, Тараз, Алматы, Өскемен қалаларының ауасы басқа қалаларға қарағанда бірнеше есе көп ластанған. Олардың басты себебі - осы қалаларда өнеркәсіп орындарының көп шоғырлануы.

Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан әр түрлі жұқпалы аурулар көбейіп кетті. Соңғы жылдары республикамызда экология және табиғатты пайдалану жөніндегі министрлік құрылды. Ол экологиялық жағдайларға жан-жақты талдау жасап, еліміздің топырағы, суы, ауасының тазалығына бақылауды жақсарту ісін қолға алуда.

http://testent.ru/publ/studenty/kazak_tili_sabagi/aza_stan_ehkologijasy/3-1-0-689



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу