Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 10 сынып, таратпа материал. 3 сабақ. 2 нұсқа.


Оқылым мәтіні

Қазақстанда қалыптасқан саяси ахуал.

 1991 жылдың желтоқсанына дейiн бұрынғы КСРО-ның қарамағында болған республикалардың бәрi мемлекеттiк тәуелсiздiгiн жариялаған болатын. Қазақстанның саясатшылары бұл үдерiстердiң баянды дамуының соңын тосты. Оның әлеуметтiк-экономикалық, саяси және демографиялық себептерi болды. Қазақ елi — Ресей құрамында ең ұзақ уақыт болған ел. Қазақ халқы Кеңес үкiметi қалыптастырып кеткен демографиялық саясат салдарынан өз жерiнде ұлттық азшылыққа ұшыраған болатын. Сондықтан республика тәуелсiздiгi төңiрегiндегi айтыстар әлi де қызу жүрiп жатты. Осы кезеңде Қазақстанның тәуелсiздiк алуына қарсы күштер белең алып, Орыс автономиясын құру немесе солтүстiк облыстарды Ресейге қосу “идеялары” көрiнiс бердi. “Қазақстанда тұратын орыстiлдi халықтың құқықтары аяққа тапталып жатыр-мыс” деген айғайлар жиi естiлетiн. Тәуелсiздiк туралы заңды талқылау кезiнде Жоғарғы Кеңес мiнберiнен “Тәуелсiздiк туралы заң қабылдаудың қажетi не?”, “Бұрынғы империя жоқ, сонда Қазақстан кiмнен тәуелсiз болғысы келедi?”, “Мұны халық шешсiн, референдумға салайық” деген сияқты ұсыныстар мен талаптар алға тартылды. Республика атауының өзгеруi. 1991 жылы 10 желтоқсан күнi республика атауын өзгерту туралы заң қабылданды. Бұдан былай Қазақ Кеңестiк Социалистiк республикасы Қазақстан Республикасы (Қазақстан) деп аталатын болды. Қазақ елi коммунистiк тоталитарлық режiм тұсында таңылған кеңестiк социалистiк анықтауышынан бiржола құтылды. Бұл да тәуелсiздiкке барар жолдағы бiр маңызды баспалдақ болды. Бүкiлхалықтық президент сайлауы. Республиканың егемендiгiн жариялауға байланысты ендi президенттi бүкiл халық болып сайлау қажеттiгi туды. Осыған орай, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi 1991 жылы 16 қазанда қаулы қабылдады. Бұл қаулы бойынша президенттiкке кандидаттар тiркеу қарашаның 10-ына дейiн, ал сайлау желтоқсанның 1-i күнi өтетiн болып белгiлендi. Бұл кезде ендi ғана құрыла бастаған саяси партиялар президент сайлауына қатысуға дайын емес болатын. Нәтижесінде республиканың президенттiгiне жалғыз үмiткер болып Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi ұсынған Н. Назарбаев тiркелдi. Республика тұрғындарының iшiнде сайлауға сайлау құқығы барлардың 88,23%-ы қатысып, олардың 98,78%-ы Н. Назарбаевқа дауыс бердi. Желтоқсанның 10-ы күнi Н. Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдап, Қазақстан Республикасының халық сайлаған Президентi ретiнде ресми iске кiрiстi.

 Президент Н. Назарбаевтың алдында күрделi мiндеттер тұрды: Қазақстан экономикасының бiржақты шикiзаттық-өндiрушiлiк бағыты, соның әсерiнен өзгелерге тәуелдiлiгi, өнеркәсiптi қалалардағы экономиканың негiзгi тұтқаларына ие болып отырған топтардың қысымы, нарық қатынастары тудырып отырған қиындықтар, т.б. Сонымен қатар ұлтаралық татулықтың көпұлтты Қазақстан үшiн маңызы зор едi.

 

 

 

 

 

 Тапсырма.

 Мәтінді оқып, төмендегі кестені толтырыңыздар, мәтіннің ғылыми стиль екендігін дәлелдеңіздер.

Ссөйлеу барысында сөз саптауыңызға, ойыңызды еркін, дәлелді жеткізуге мән беріңіз.

 

Мәтіндегі тілдік құралдар

Қолданылу себебі

Терминдер мен ұғымдар

шартты белгілер

синтаксистік құрылымы

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу