Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, таратпа материал. 3 сабақ. 1 нұсқа.


1-тапсырма. Берілген сөздердің қайсысы сізге қажет болуы мүмкін? Ойыңызды дәлелдеңіз.

Этностық құрам, үлес салмағы, халық құрамы, абсолюттік көбею, табиғи өсіп-өну коэффиценті, экономикалық дағдарыс

Неге мен бұл сөзді таңдадым?

Таңдау кезінде не туралы ойладым?

Мәтінді мұқият оқыңыз.

Қазіргі кезде Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілі тұрады. Республикадағы басым ұлттар –қазақтар мен орыстар, олар Қазақстанның этникалық құрылымында 85%-ды құрайды, оның үстіне қазақтар санының және олардың республика халқының құрамындағы үлесінің абсолюттік көбеюі және орыстардың осы көрсеткіштерінің 70-жылдардың аяғынан бастап азаюы үрдісі жалғасуда.

Байырғы тұрғылықты халықтың неғұрлым жоғары үлес салмағы Қызылорда (93,5%), Атырау (90,6%), Маңғыстау (83,5%), Ақтөбе (75,8%) облыстарына тиесілі. Неғұрлым аз салмағы Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарына тиесілі.

Консулдық қызмет департаменті басқармасының деректеріне орай әрбір үшінші қазақ шетелдерде тұрады. Олардың жалпы саны шамамен 3,5 миллионға жетті: Қытайды -1258 500 адам, Монғолияда -83000, Ауғанстанда -20000, т.б..

Қазақстан үшін табиғи өсіп-өну халық санының көбеюінің негізгі көзі болып табылады. 80-жылдардың аяғынан бастап респуликада бала туу ұдайы төмендеді. Соның салдарынан табиғи өсіп-өну ұдайы қысқарды. Мәселен, табиғи өсіп-өну коэффиценті 1987 жылы 18,1 промилле, 1995 жылы 6,8 промилле болды.

Табиғи өсіп-өну қазақ халқы санының өсуінің басты факторы болып қалады. Алайда экономикалық дағдарыс жылдары бұл көрсеткіштің өсу қарқыны едәуір төмендеді. Қазақ халқының демографиялық өсу серпінінің төмендеуі атом қаруын ұзақ жылдар бойы сынау, Арал теңізінің тартылуы, Семей полигоны аймағындағы жарылыстар, уран кеніштерін ашық әдіспен қазу салдарынан қоршаған ортаның экологиялық жағынан нашарлауымен түсіндіреді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу