Жастар мәдениеті және мәселесі. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: Қызылорда қаласындағы ХББ НЗМ

Бөлім тақырыбы:

Сабақтың тақырыбы:

Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер

Жастар мәдениеті және мәселесі

Күні:

Мұғалімнің аты - жөні: Ералиева А.К.

Сынып: 11Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

 Оқу мақсаты

11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;

 Сабақтың мақсаты

Барлығы: бейнебаяннан терминдер мен ұғымдарды табады.

Көпшілігі: мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды анықтайды.

Кейбірі: мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды , мәтін үзінділерін талдайды.

 Тілдік міндеттер

Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер: жастар мәселесі, жұмыссыздық деңгейі, еліміздің болашағы, әлеуметтік мәселе

Мектеп құндылықтары

«Мәңгілік ел» құндылығы:

  • Тіл және мәдениет

Мектеп құндылықтары:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапкершілік;
  • Қазақтың ұлттық өнеріне деген құрмет

Пәнаралық байланыс

экономика

Алдыңғы білім

Қазақстан бейнесі

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

10 минут

дайындалуға

10 минут қорғауға

7 минут

3 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі:

Сынып оқушылары берілген суреттер арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.

Тыңдалым алды тапсырма

Төреғали Төреәлінің орындауындағы «Қазақ жастары» әнін орындайды. Оқушылар әнді бірге шырқайды.

  • «Теуіп кетсе темірді жүргені үзіп», «Бір кемеде келеміз бірге жүзіп» деген өлең қатарын қалай түсінесіздер?

Тыңдалым тапсырмасы

Түрткі сұрақтар беріледі:

Бейнебаян кімдер жайында?

Неліктен жастар мәселесін қарастыруда?

Берілген бейнебаян бойынша сынып оқушылары дифференциациялық тапсырма орындайды. Оқушылардың қабілетіне қарай 3 түрлі сурет үлестіріліп, сол бойынша тапсырма таратылады.

С деңгейі. Бейнебаяндағы термин мен ұғымдар, тілдік оралымдарды тауып, олардың қолданысын түсіндіреді, бейнебаянда айтылған пікірге өз пікірін қосып, 1мақал-мәтел, 1 теңеумен жеткізеді.

Сөздер

Қолданысы

Менің пікірім

Терминдер мен ұғымдар

Тілдік оралымдар

Бағалау дескрипторы:

  • термин мен ұғымдар, тілдік оралымдарды табады олардың қолданысын түсіндіреді;
  • бейнебаянда айтылған пікірге өз пікірін қосады:
  • өз ойын 1мақал-мәтел, 1 теңеумен жеткізеді.

В деңгейі. Бейнебаянда айтылған екі пікірді таңдап, мәселені анықтайды. Айтылған мәселе бойынша «ПОПС» формуласы арқылы өз ойларын 1 тұрақты тіркес пен 1 эпитетпен білдіреді.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »

Бағалау дескрипторы:

  • пікірге қатысты фактілер мен мысалдар келтіреді.
  • өз ойын білдіруде1 тұрақты тіркес пен 1 эпитетті қатыстырады.

А деңгейі. Бейнебаяннан алынған кез келген үзіндіні «Гипотеза» әдісі арқылы талдайды.

Жас мұраты, білім, тәлім — талабы...Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы.деген ойды жалғастырып, бейнебаяндағы терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды қатыстырып, бейнебаяндағы негізгі мәселені талдай отырып, монолог айтады. Сөз саны-140-150 сөз

Бағалау дескрипторы:

  • берілген ойды жалғастырады;
  • бейнебаяндағы терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды қатыстырады;
  • бейнебаяндағы негізгі мәселені талдайды.

С.Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

«Егер..., онда..., өйткені..» әдісі арқылы тақырып бойынша алған ақпараттарды жинақтап, тұжырымдайды.

https://www.youtube.com/watch?v=SJxcCPm88lc

Төреғали Төреәлі

«Қазақ жастары»

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/baspasozge-sholu/item/292004-zhastar-zhylyna-artyl-an-mitter-zhajly-otandy-ba-ne-dejdi

Жастар жылына артылған үміттер жайлы отандық БАҚ не дейді?

Таныстырылым

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия. «3-2-1» әдісі

  • Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат
  • Қиындық тудырған 2 аспект
  • Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ

Қосымша тапсырма.

Рефлексия

Сабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты? Уақыт бойынша үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма? Болса неге?

Бұл бөлімді сабақ бойынша ойларыңызды білдіру үшін пайдаланыңыз. Сол бағанада берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өзіңіздің сабағыңыз жайлы пікіріңізді білдіріңіз

Оқушылар бұл сабақта оқылым дағдысы бойынша тапсырмаларды орындады.

Қорытынды бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?

Қандай екі жағдай сабақты жақсырақ өткізуге мүмкіндік берер еді (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?

Жалпы сынып немесе жеке оқушылар жайлы мен не білдім? Келесі сабақтарға дайындалу барысында бұл мәлімет қандай көмегін бере алады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу