Жастар мәдениеті және мәселесі. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті Сабақ №2 | Мектеп: Қызылорда қаласындағы ХББ НЗМ | ||||||||||||||
Бөлім тақырыбы: Сабақтың тақырыбы: | Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер Жастар мәдениеті және мәселесі. | ||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты - жөні: Ералиева А.К. | ||||||||||||||
Сынып: 11Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||
Оқу мақсаты | 11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау; | ||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлығы: бейнебаяннан терминдер мен ұғымдарды табады. Көпшілігі: мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды анықтайды. Кейбірі: бейнебаяндағы пікірлерді талдауда термин сөздер мен тілдік оралымдарды орынды қолданады. | ||||||||||||||
Тілдік міндеттер | Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер: жастар мәселесі, жұмыссыздық деңгейі, еліміздің болашағы, әлеуметтік мәселе | ||||||||||||||
Мектеп құндылықтары | «Мәңгілік ел» құндылығы:
Мектеп құндылықтары:
| ||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | экономика | ||||||||||||||
Алдыңғы білім | Жастар мәселесі | ||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс - әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут 10 минут дайындалуға 10 минут қорғауға 7 минут 3 минут | Қызығушылықты ояту кезеңі: Сынып оқушылары берілген суреттер арқылы сабақтың тақырыбын болжайды. -Үкімет отырысында қандай мәселе қаралып жатыр? -Неліктен жастар мәселесі өзекті мәселелердің бірі деп ойлайсыздар? Тыңдалым алды тапсырма «Азия» тобының орындауындағы «Мен жастарға сенемін» әнін тыңдайды.
Тыңдалым тапсырмасы Түрткі сұрақтар беріледі: Бейнебаян не туралы? Неліктен жастар мәселесі үкіметтің жіті назарында? Берілген бейнебаян бойынша сынып оқушылары дифференциациялық тапсырма орындайды. Оқушылардың қабілетіне қарай 3 түсті конвертке салынған тапсырмалар таратылады. С деңгейі. Бейнебаяндағы термин мен ұғымдар, тілдік оралымдарды тауып, олардың қолданысын түсіндіреді, бейнебаянда айтылған пікірге өз пікірін қосып, 1мақал-мәтел, 1 тұрақты тіркеспен жеткізеді.
Бағалау дескрипторы:
В деңгейі. Бейнебаянда айтылған екі пікірді таңдап, мәселені анықтайды. Айтылған мәселе бойынша «Төрт сөйлем» әдісі арқылы өз ойларын білдіруде 1 теңеу мен 1 эпитеттті қатыстырады. • Менің ойымша, ... • Себебі ... • Мысалы, • Ойымды қорытындылайтын болсам... Бағалау дескрипторы:
А деңгейі. Бейнебаяннан алынған кез келген пікірді таңдап, «Гипотеза» әдісі арқылы өз пікірін Қазыбек бидің шешендік сөзімен байланыстыра отырып талдайды. Өркенім өссін десең, кекшіл болма, кесепаты тиер еліңе. Елім өссін десең, өршіл болма, өскеніңді өшіресің. деген ойды жалғастырып, бейнебаяндағы терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды қатыстырып, бейнебаяндағы негізгі мәселені талдай отырып, монолог айтады. Сөз саны-140-150 сөз Бағалау дескрипторы:
С.Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Сынып оқушылары Бөлтірік шешеннің сөздерін қазіргі өмірмен байланыстырып талқылайды. Үлкен алдында иіліп сөйле, Кіші алдында сызылып сөйле. Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді, Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді, – Күншілдік деген бар, содан сақтан, Кекшілдік деген бар, содан сақтан. Астамшылық деген бар, одан алыс жүр. Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр. Қараулық деген бар, одан таза бол, Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол! – | https://www.youtube.com/watch?v=sreJDbRgFhk «Мен жастарға сенемін» әні» Азия тобы https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-astana-vox-pop-deputies/29726316.html Депутаттар жастар мәселесі туралы Таныстырылым | |||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. «Бір сөзбен» әдісі Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады, неліктен сондай жағдайда болғанын түсіндіріп кетеді.*Төзімсіздік, *Ашу, *Қуаныш, *Немқұрайлылық, *Қанағаттану, *Шабыт,*Зерігу, *Алаңдау, *Тыныштық, *Сенімділік, *Сенімсіздік. | ||||||||||||||
Қосымша тапсырма. | |||||||||||||||
Рефлексия
Сабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты? Уақыт бойынша үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма? Болса неге? |
| ||||||||||||||
Қорытынды бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)? Қандай екі жағдай сабақты жақсырақ өткізуге мүмкіндік берер еді (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)? Жалпы сынып немесе жеке оқушылар жайлы мен не білдім? Келесі сабақтарға дайындалу барысында бұл мәлімет қандай көмегін бере алады? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды