Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ. 1 нұсқа.


САБАҚ:

Мектеп: Атырау НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Угыбаева Г.А.

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау, дәйексөз келтіру жолдарын білу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден қажетті деректерді алады;

Көптеген оқушылар БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді алып, сілтеме жасай алады;

Кейбір оқушылар БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді аляп, сілтеме жасай алады, дәйексөз келтіру жолдарын біледі.

Бағалау критерийлері

БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді алады;

Сілтеме жасау, дәйексөз келтіру жолдарын біледі.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Мақал-мәтел, нақыл сөздер, дәйексөз, өлең шумақтары;

... деп айтқандай, ... дегендей, ... дегеніндей, ... деген, ... дейді, ... демекші, т.б.

Мектеп құндылықтары

Жауапты азаматтық позиция: өзіне патриоттықты қамтиды. Жауапты азаматтар адал, сындарлы әрі белсенді, олар тұтастық, сыни идеялар мен қоғамды дамыту, ұлт пен қоршаған ортаны қорғау үшін пікір алуандығын әкеледі.

Осыған дейін меңгерілген білім

Негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру бағытындағы тапсырмаларды орындап, ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктерін анықтады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

3 минут

7 минут

ТЖ

Ой шақыру

Қазақстан

кеше

Қазақстан

бүгін

Қазақстан ертең

Топтар жұмыстарын сынып қабырғаларына іледі. Әр жұмыспен танысып, шолу жасайды.

Кері байланыс

  • 1,2-бағандардың қайсысында ақпарат көбірек жазылған?
  • Себебі неде деп ойлайсыздар?
  • Бізге еліміздің өткені мен бүгіні туралы білу керек пе? Неге?

Оқушылар пікірінен кейін оқушыларға төмендегі сөздер ұсынылады:

Егер сен өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атар. (Р.Ғамзатов.)

Бүгін – кешенің баласы, ертеңгі күннің атасы. (А.Байтұрсынұлы.)

Өткенсіз бүгін жоқ... Бүгінгі өміріміз – кешегінің жалғасы. (Бабалар тәмсілі.)

Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз келешек жоқ. (Бабалар тәмсілі. «Ана тілі» газеті)

Сабақтың ортасы

20 минут

10 минут

ЖЖ

Жұптарға «Қазақстан және болашақ энергиясы» тақырыбында таныстырылым, мақала, реферат, баяндама мәтінін дайындау тапсырылады. Жұптар ақылдаса отырып, тапсырманы өздері таңдайды.

Дескриптор:

1) «Қазақстан және болашақ энергиясы» тақырыбында таныстырылым, мақала, реферат, баяндама мәтінінің бірін дайындайды.

2) БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді алады;

3) Алған деректеріне сілтеме жасайды;

4) Дәйексөз келтіреді.

Жұптар жұмыстарын сынып қабырғаларына іледі.

Әр жұп сыныпты аралай жүріп, жұмыстармен танысады, дескриптор бойынша 3 жұмысты бағалап, кері байланыс береді.

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

* Таныстырылым, мақала, реферат, баяндама мәтінін дайындауда менде қандай кедергілер болды?

* Түрлі еңбектерден деректерді алуда нені ескердік?

* Алған деректерге сілтеме жасаудың қандай тиімділігі бар деп ойлайсыз?

* Дәйексөздердің рөлі қандай деп ойлайсыз?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу