Сәулет өнері. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 1 сабақ. 2 нұсқа.


5. Сәулет өнері.

Тілдік жүйе және норма

Сабақ тақырыбы:

Қазақ сәулет өнерінің дамуы

Сабақ мақсаты:

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, өз ойын дәлелдей отырып аргументативті эссе жазу.

Тыныс белгілерін орынды қолдану.

Бағалау критерийлері:

- логикалық негіздемелер мен мысалдарға сүйенеді;

көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жаза алады.

тыныс белгілерін орынды қолданады.

Суретке қарап болжам жаса.

Сабақ тақырыбына болжам жасап, 20 сөз шамасында ойларыңды жазыңдар. Жауаптарыңды жұпта оқып, өзара комментарий жасаңдар, сынып алдында таныстырыңдар.

Бейнематериалды тыңдап, өзара талқылаңдар. Жаңа қолданыстағы сөздерді анықтаңдар.

тақырыбы: «Сәулет өнері»

/Францияның ең ірі компаниясы «Жан Нувельдің» бас сәулетшісі Алан Гвозденовичтің сұқбаты./

https://www.youtube.com/watch?v=eFZb6u477IM

«Ұлттық нақыштағы ғимараттар салу қаншалықты сұранысқа ие

Берілген тақырыпқа аргументативті эссе жаз:

Аргументативті эссенің құрылымдық бөлімдері

КІРІСПЕ:

Тақырыпты тұжырымдау;

Тақырыптың өзектілігі;

Біршама пікір алшақтық;

Тақырып құрылымын қарастыру және негізгі ойға көшу.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

Автордың алға қойған (2-3) шешімі (дәлелдері).

Шешімдерді талқылау кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдарды анықтау.

Шешімдерді растайтын дәлелдемелер және қолдау (фактілер немесе мысалдар).

Қарсы дәлелдерді немесе қайшылықты шешімдерді қарастыру (неліктен әлсіз екенін көрсету қажет, ал автордың мақұлдауы күшінде қалады).

ҚОРЫТЫНДЫ:

Негізгі шешімді қайталау.

Негізгі шешімді қорғайтын екі-үш ұсыныс сөйлем, түйінді аргументтер.

Ұсынылған шешімдерді қабылдамаған жағдайдағы келетін зияндар туралы жалпы ескертулер және аталған тұжырымның пайдалы жақтары туралы жалпы қорытынды сөз.

Жазған эсселеріңді жұпта, топта талқылаңдар, ең жақсы эссе жұмысын «Ыстық орындықта» оқыңдар.

Дескриптор

- тақырыпты жан-жақты ашады;

- кем дегенде 3 дәлел келтіреді;

- эссе құрылымын сақтайды.

- сауатты, жүйелі жаза алады.

Рефлексия

Мысалдар мен зерттеулердің көмегі арқылы дәлелденген шешімді ұсына алдым ба?

Аудиторияны өз жағыма қаншалықты тарта алдым?

Өз ұстанымымның тиімділігіне сендіре алдым ба?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу