Экономикалық интеграция - бүгінгі күннің даму үрдісі. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Экономикалық интеграция - бүгінгі күннің даму үрдісі | Мектеп: Астана қаласы ФМБ НЗМ | |||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Жанаева Г.Ш. | |||||||
Сынып:10 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Экономикалық интеграция - бүгінгі күннің даму үрдісі | |||||||
Сабақтың мақсаты | 10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, нұсқаулық жазу. | |||||||
Бағалау критерийлері
| Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазады. | |||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Синонимдер, сөздердің тура мағынасы, терминдер, неологизмдер, сұраулы және лепті сөйлем. Жаһандану үрдісі, экономикалық интеграция, инвестициялық келісім, еркін сауда аймағы, кедендік одақ құру, саясаттық одақ, интеграциялық үдеріс, ортақ нарық, стратегиялық әріптес, ресми растау, валютаның құнсыздануы, индустриялық-инновациялық әріптестікті дамыту, ерекше бағалау. | |||||||
Құндылықтар | Ашықтық, өмір бойы оқу, құндылықтарды дәріптеу | |||||||
Пәнаралық байланыс | Математика, экономика | |||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | - | |||||||
Сабақтың барысы | ||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы
3 минут | Қызығушылықты ояту Топқа бөлу. Теріс қаратылған қиынды қағазды таңдайды.
Шарты: әр топ суреттің белгілі бір кішкентай бөлігінен бастап көреді де, оның не екенін табулары керек.
Жалпы сынып оқушылары негізгі сурет бойынша жаңа бөлімнің атауына болжам жасап, оған 3 себеп пен дәлел келтіреді. Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады. Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды. | https://www.google.kz/ кескіндемелері | ||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 10 мин 15 мин | Мағынаны тану Әр топқа сұрақтары бар парақ беріледі. Сұрақты топта талқылап, жауаптарын ұсынады. Т
*Оқушылар ғылыми стиль теориясын оқиды, талқылайды. Ж.Т. Ғылыми стиль - табиғат, адам және қоғам туралы объективті хабар беруді мақсат ететін стильдердің бірі. Ғылыми стильдің мақсаты – бізді қоршаған шындықты мүмкіндігінше дәл және толық түрде түсіндіру. Ғылыми стильдің жанрларына монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер т.б. жатады. • Ғылыми стильдің ең басты үш түрлі сапасы:• Логикалылық• Айқындылық• Дәлдік Мәтінде берілетін ойдың жүйелі орналасып, оның берік мағыналық байланыстарының болуы логикалылық деп есептеледі.• Айқындылықтың мәнісі – үлкенді-кішілі пікірлердің түсінікті қабылдануы, осылайша түсінікті болуы, сөздің өз мағынасында қолданылуы, екіұшты мағынаның туындамауы, ойдың нақтылы жеткізілуі.• Дәлдік ғылыми еңбекте сөз мағынасының бейнелі түрде жұмсалуын қолдамайды. Демек, сөздің эмоциялық бояуының ғылыми стильде қолданылмағаны жөн. Ғылыми стиль әдетте үш шағын стильге жіктеледі:Ғылыми шағын стиль;Оқулық-ғылыми шағын стиль;Көпшілікке арналған ғылыми шағын стиль. Көпшілікке арналған ғылыми шағын стильде жазылған еңбектер ілгерілерден өзгеше. Олар білім, ғылымның белгілі бір саласындағы мамандарға немесе білім алуға ұмтылған жастарға емес, жалпы қауымға, жасына, интеллектуалдық дәрежесіне, ұлттық ерекшелігі мен наным-сеніміне қарамастан, кең аудиторияға арналады. Мақсаты – ғылым саласындағы жаңалықтар туралы немесе елдің ішкі, сыртқы жағдайы туралы көпшілікті хабардар ету. Ғылыми стильдің лексикасы туралы сөз болғанда, ең алдымен ескеретін жағдай терминдерге қатысты болмақ. Терминдік дара сөздер мен сөз тіркестері екі түрлі: таза ғылыми терминдер және көпшілікке түсінікті терминдер. Ғылыми стильдің ерекшеліктерін танытатын көрсеткіштердің бір түрі - морфологиялық тұлғалар. Зат есімдердің қолданылуында қызықты жайлар кездесіп отырады. Сөздердің өздері жекеше келіп, көптік мағынаны білдіреді. Жекеше түрде қолданудың ыңғайлы тәсілі ғылыми атақ, дәрежелер мен мекеме атауларына байланысты болып келеді. Есімдік пен етістік қиысу арқылы көпше түрде жұмсалып, жекешелік мағынаны білдіретіні бар. Етістіктің шақ категориясының стилистикалық қызметі әр алуан. Ғылыми стильде баяндауыштары ауыспалы осы шақ формалы етістіктен жасалады. Ырықсыз етістен жасалған баяндауыштары да көп жұмсалады.
*Топтық жұмыс. Әр топ ұсынылған кесте бойынша талдау жасап, өз жұмыстарын қорғайды. Топаралық бағалау «Дауыс беру» әдісі. Мұғалімнің кері байланысы Жазылым тапсырмасы. Ғылыми-көпшілік стильде Қазақстанның сыртқы саудаға шығара алатын өнімі туралы мақала жазыңыз. Қажетті сөздер: Жаһандану үрдісі, экономикалық интеграция, инвестициялық келісім, еркін сауда аймағы, кедендік одақ құру, саясаттық одақ, интеграциялық үдеріс, ортақ нарық, стратегиялық әріптес, ресми растау, валютаның құнсыздануы, индустриялық-инновациялық әріптестікті дамыту, ерекше бағалау. Мақала құрылымы мен мақала жазу талаптары Тақырып
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Қорытынды
Тақырыптың өзектілігін білдіретін бағалауыштық құрылымдар, әдетте, белгілі бір мәселенің зерттелу барысын баяндау барысында қолданылады: зерттеу маңызды, ... зерттеу аса//өте маңызды, ... алатын орны орасан зор, бүгінгі күннің өзекті тақырыбы, бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналып отыр, бүгінгі күн талаптарының бірі, орынды, үлкен сұранысқа ие болып отыр, өзекті, сөзсіз, даусыз, қажет, мүмкін, ықтимал т.б. Дескриптор: Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін түсінеді; Ғылыми стильдің басқа стильдерден ерекшеліктерін ажыратады; Мақала жазуда стильдің тілдік құралдарын, қажетті сөздерді дұрыс қолданады; Мақала құрылымы мен мақала жазу талаптарын сақтайды. |
| ||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Рефлексия
| Рефлексия парағы | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды