Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі. Қазақ тілі, 10 сынып, нұсқаулық.


«Ішкі – сыртқы шеңбер» әдісі.

Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер болып бір-бірлеріне қарап тұрады. Бірінші ішкі шеңбердегі оқушылар сұрақ қояды, сыртқы шеңбердегі оқушылар жауап береді. Бір минуттан соң сыртқы шеңбердегі оқушылар сұрақ қояды, ішкі шеңбердегі оқушылар жауап береді.

“Елші” ойыны.

Оқушылар тапсырманы бірге орындайды, әр топтан бір оқушы шығып, өзге топ оқушыларына жауаптарын оқиды, салыстырады, талдайды. Тыңдаушы топ кері байланыс береді.

«Менің сөзім» әдісі.

Сыныптан бір оқушы тұрып сабақта не болғанын қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабақ бойынша рефлексия жасайды.

“Автор орындығы” оқушыға өзі жазған жазба жұмысын (эссе,бес жолды өлең т.б.) оқытқанда қолдануға болады.

Өзара бағалау

Оқыту үрдісінде өзара бағалау түрін қолдану тиімді. Оқушылар бағалау үрдісіне қатысу арқылы оны қалай жақсарту керектігін ұғынады. Бір-біріне сындарлы кері байланыс беруге, қолдау көрсетуге үйренеді. Қарым-қатынас орнатуға, талқылауға, жауапкершілікті өз мойнына алуға, тәуелсіз оқуға ықпал етеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу