Ыңғайлас салалас. Бостандық. Қазақ тілі, 9 сынып, таратпа материал. 4 сабақ.


 Қосымша 1

 Құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуын ыңғайлас салалас дейміз. Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар арқылы да, жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып та байланыса береді. Жалғаулық шылаулардың қатысу-қатыспауына қарап, ыңғайлас салаластарды жалғаулықсыз ыңғайлас салалас және жалғаулықты ыңғайлас салалас деп екіге бөлеміз. Жалғаулықсыз ыңғайлас салаластағы кейбір жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болған я болатын істерді білдіреді. Мұндайда олардың баяндауыштары көбінесе бір шақта тұрады. Жалғаулықты ыңғайлас салалас және,да,де,әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады.

 Олар төмен түсіп еді, жол екіге бөлінді.

 Маған ойыншық берді, ағама доп берді.

 (слайдтағы үлгі негізінде оқушылар өздері толықтырады)...

 

 Қосымша 2

 А мәтіні

 Америкадағы Бостандық ескерткіші жөнінде қызықты фактілер Бостандық ескерткіші... Бұл сөзді естігенде ақ, қара, сары адамдардан құралған әртүрлі ұлт өкілдері тұратын Америка туралы романтикалық фильмдер еске түседі. Осы мүсін жанына барып, бір рет суртеке түсу үшін ғана Нью-Йоркке баруды армандайтын адамдар бар. Ал бұл ескерткіш жөнінде не білуіміз керек? Бүгін, 28 қазан күні құрылғанына 129 жыл толуына орай, бірнеше мәлімет тізбектеп берейік. Бұл – Америка мен Франция елінің біріккен жобасы. Яғни Франция мемлекеті Америка жұртына тарту етті десе де болады. Ескерткіш тұрғызу мүсінші әрі құрылысшы Фредерик Бартольдке тапсырылған. Әртүрлі көмек қорынан, арнайы ұйымдастырылған қайырымдылық концерттерден, іс-шаралардан жиналған қаржыға жасалды. Париждегі атақты Эйфель мұнарасын салған білікті инженер Александр Густав Эйфель Америкадағы алып ескерткіштің құрылысына да ат салысты. Ескерткішті алғашында Америкада емес, Египеттегі Порт-Саид қаласында салуды және «Азия шуағы» деп атауды жоспарлаған. Қазір «Нью-Йорк пен АҚШ символы», «бейбітшілік және демократия символы», «Бостандық әйелі» секілді бейресми атаулары көп. Ал негізгі аты «Әлемге жарық шашқан бостандық». Бостандық әйелі оң қолына факел (алау) көтеріп тұр. Ал сол қолында «JULY IV MDCCLXXVI» деген таңбасы бар тақтай ұстаған, жазу «4 шілде 1776 жылы» АҚШ тәуелсізідігі жөнінде келісімге қол қойылған күнді білдіреді. Басына киген тәжінде жер бетіне шуақ шашатын бағалы тастарды бейнелейтін 25 терезе орнатылған, ал төбесіндегі 7 сәуле (үшкір бейне) 7 теңіз бен 7 құрлықтың символы. Мүсін толығымен 31 тонналық жезден құйылған. Ал өзінің жалпы салмағы 125 тоннаға тең. Биіктігі – (қолындағы алауды қоса есептегенде) 93 метрге дейін жетеді. Жылдамдығы 100 км/сағ жел болғанда ескерткіш 7 сантиметрге қозғалады, ал қолындағы факел 12 см теңселеді. Бастапқыда ескерткіш түсі жасыл болған, кейін қаланың ауа райына, экологиялық қолайсыздығына байланысты қазіргі түсіне енді.

 Ә мәтіні

 Бейбітшілік ұялаған "Бәйтерек" Әлемтану айдары Астана қаласына саяхаттауды жалғастырады. "Хан шатыр" ойын-сауық орталығына және "Мәңгілік ел" қақпасына жасаған саяхатымыз "Астана-Бәйтерек" кешеніне де келіп жетті. "Астана-Бәйтерек» монументі – елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, "бәй" - үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек "Бәйтерек" екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Қанатымен аспанды жауып «Самұрық» тұр. Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді. Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда. Ал астында, тамырында айдаһар орналасып, түн мен қысты шақыруда. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, шыныдан, металдан, бетоннан тұрғызылған. Алып шардың түсі хамелеон шынылармен көмкерілген. Күннің шапағына шағылысып, әртүрлі түске құбылып тұрады. Құрылым биіктігі 105 метрді құрайды. Салмағы 1000 тоннадан асады. 97 метрді құрайтын көрініс кешені замануи қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысқан мезгілін білдіреді. Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 түрлі әлем діндерінің уәкілдері қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе, орындалады деп айтылады.  Соның ішінде «Бата» композициясы да бар. Бұл - 2003 жылы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада жиналған он жеті әлемдік діни конфессиялардың жетекшілері Қазақстан халқына және жеріне берген ақ батасы.

 

 Қосымша 3

1-тақырып, мазмұн тобы (берілген екі мәтіннің тақырыбы мен мазмұнын салыстырады:

  • Мәтін не туралы?
  • Мәтінде қандай мәліметтер және не үшін қолданылған)

2-стиль, қызмет тобы (берілген екі мәтіннің стилін анықтап, қызметін толтырады:

  • Мәтіндердің стилі қандай,
  • неге олай ойлайсыңдар,
  • мәтін не үшін қолданылған)

3-тілдік ерекшелік тобы (берілген екі мәтіннің тілдік ерекшелігін салыстырады:

  • мәтінде қандай сөйлемдер көбірек қолданылған,
  • салалас құрмалас сөйлемдердің не үшін қолданылған,
  • басқа да қандай сөйлемдер қолданылған)

4-мақсат тобы (берілген екі мәтіннің жалпы мақсатын салыстырады:

  • екі мәтінді жазудағы авторлардың мақсаты қандай,
  • авторлар мәтінді қандай аудиторияға,
  • кімдерге, арнап жазған деп ойлайсыңар...)

Қосымша 4

Салыстырылған қос мәтіндегі мысалдарды пайдаланып жеке талдау пайымын жасаңыздар. Талдау барысында төмендегі алгоритмді қолданыңыздар:

  • Берілген мәтіндердің екеуі де ... тақырыбында жазыллған.
  • Стильдік ерекшелігіне қарай А мәтіні ... стильде жазылған деуге болады. Себебі... Ал Ә мәтінін ... стильде жазылған. Өйткені ...
  • Мазмұнына қарай Ә мәтінінде ... туралы айтылса, А мәтінінде ... туралы айтылған...
  • Сөлем деңгейінде А мәтінінде негізінен ... сөйлемдердің көп қолданылғанын көруге болады. Себебі... Ал Ә мәтінінде көбінесе ... сөйлемдердің көбірек қолданылғанын көруге болады. Сондай-ақ мәтіндерде ... сияқты сөйлемдер де кездеседі. Ондай сөйлемдердің негізге мақсаты...
  • Құрылымына қарай А мәтінінің құрылымы ... деуге болады. Ал Ә мәтінінің ....
  • Жалпы мәтіндер ... сияқты оқырмандарға арналған деуге болады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу