Ыңғайлас салалас. Азаматтық құқық қорғау жүйесі. Қазақ тілі, 9 сынып, таратпа материал. 5 сабақ.


 Қосымша 1

1-топ

Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекітетін, аса маңызды алғашқы халықаралық-құқықтық құжат 1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған, Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы болып табылады. Осы құжатқа Бастама бөлімде былай мәлімделген: «Бас Ассамблея осы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын оны орындауға барлық халықтар және барлық мемлекеттер әрбір адам мен қоғамның әрбір органы осы Декларацияны үнемі ескеріп, ағарту және білім беру жолымен осы құқықтар мен бостандықтарды құрметтеуге және ұлттық пен халықаралық прогресті шаралар жолымен олардың Ұйымға мүше мемлекеттер халықтарының арасында да, сондай-ақ олардың юрисдикциясында болатын халықтардың арасында жалпыға ортақ және тиімді танылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге ұмтылатындай етіп жариялайды» [1].

Декларацияның 1-бабында былай деп жарияланған:«Барлық адамдартумасынан өзініңар-намысы мен бостандығында еркін және тең болады. Оларға ақыл мен ар берілген және олар бір-бірімен ағайындылық рухында әрекеттесуі тиіс». Осы жарияланған құқық 3-баппен күшейтіледі: «Әрбір адамның өмір сүруге, бостандыққа және жеке ісіне қол сұғылмауына құқығы бар».

2-бапта Декларация әрбір адамның нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа нанымдарына, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік, сословиелік немесе басқа жағдайына қатысты қандай да болмасын айырмашылықсыз, осы Декларациямен жарияланған барлық құқықтар мен барлық бостандықтарды иеленуі тиіс екенін анықтайды.

Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 7-бабы мынаны бекітеді: «Заң алдында барлық адамдар бірдей және ешбір айырмашылықсыз заңның тең қорғауына құқығы бар. Барлық адамдардың осы декларацияны бұзатын қандай да болмасын кемсітушіліктен және осы кемсітушілікке қандай да болмасын арандатушылықтан қорғауға құқықтары бар». Осы халықаралық құқық нормасының мағынасын қоғамның кез келген мүшесінің лайықты адамша тіршілік етуге құқығын қорғау ретінде, әрбір адамнан жеке тұлғаны көруді талап ету ретінде түсіну керек.

Көрсетілген қағида кейіннен адам мен азамат құқықтарын сақтау стандарттарын анықтайтын, барлығы дерлік халықаралық-құқықтық көздерде, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің ұлттық заңдарында қайталанған.

2-топ

Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант, Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап, белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаевта адам құқықтарымен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?1989 жылдың 20 қарашасында Бала құқықтары туралыКонвенция БҰ ұйымында қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды. 

1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні20-қараша – дүниежүзілік балалар күні10-желтоқсан – адам құқығы күніМіне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10 - желтоқсанда қабылданған. «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 - тарау, 53 - бап - тан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау - біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді.Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

Конвенция - Бала құқығының әлемдік Конституциясы. Халықаралық шарт бойынша бала деп кімді санайды?

Балалар - бұл бесік арбадағы нәресте, бала бақшаға асыққан сәбилер, бастауыш, 5 - 7 сынып оқушылары сонда да болса, 8 сынып оқушылары кейде өздерін бала деп атағаны үшін ренжиді. Олар - жеткіншектер, яғни өздерін ересек сезінеді.

16 - 17 жастағы жоғары сынып оқушыларын жасөспірім деп атаймыз.

Конвенцияның бірінші бабын оқып көрейік: 18 жасқа толмаған әрбір адамзат иесін бала деп санау шартты мақсат. Яғни, 18 жасқа толмаған жасөспірім, жеткіншек те Конвенцияда атап көрсетілген бала құқығын пайдалана алады.Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан

● Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;

● Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;

● Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;

● Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;

● Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;

● Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;

● Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;

● Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;

● Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;

● Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Конвенция бала азаматтығы жайында олардың өмірі мен денсаулығын қорғап, балалардың отбасында өмір сүруін қамтамасыз ету құқығын сақтауды мемлекеттік міндет деп қарастырған.Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

3-топ

Тарихқа кері шегінетін болсақ, тәуелсіздікке ие болған Қазақстанның ең басты қадамы Конституцияны қабылдаумен тұтастай байланысты. Бұл туралы: «Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген сенімді жинақтаған Негізгі Заң қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың негізгі принциптерін баянды етуге тиіс болатын», - деп жазады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы» атты кітабында. Осылайша, ел егемендігінен кейінгі 1993 жылы  қабылданған Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы егемендік тарихындағы ең демократияшыл құжат болып табылған еді. Алғаш қабылданған 1993 жылғы Конституцияның мәні мен маңызына  келетін болсақ, бұл Негізгі құжат Президенттің көрсеткен мақсаты бойынша төрт басты мәселеге жауап беруі және соған жағдай жасауы тиіс болатын. Оның біріншісі - мемлекеттік билікті басқарудың барлық жүйесін нығайту, екіншіден - экономикалық реформаны жүргізе отырып, елді сол кездегі терең дағдарыстан шығару, үшіншіден - жас мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыру, төртіншіден - ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін заңдық негіздерді Ата заңда көрсету. Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабында жазуына қарағанда, жоғарыда қамтылған төрт мақсатты шешіп беретін баптар әуелгі Конституцияның жобасында барынша қамтылмады. Президент бұл ретте тұңғыш Конституция жобасы әуелден-ақ еліміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық үдерістен алшақ қалғанын жазады. Сөйтіп, уақыт өте келе заман ағымы мен сұранысына қарай, Бас заңымыздың кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болмай шыққаны байқалды. Сондықтан да арада екі жыл өткенде 1995 жылы қазіргі Негізгі заң - Конституция қабылданды. Осылайша, тәуелсіздік жылдары Қазақстанның мемлекеттігін айқындаған Ата заң екі қайтара түледі. Өйткені 90-шы жылдардың басында Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы мүлдем басқаша болатын.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstannyn-ata-zany-alemdegi-en-zhas-konstituciyalardyn-biri_a2785608

4-топ

Әкімшілік құқық бұзушылық ретінде мемлекеттік немесе қоғамдық меншікке, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандығына қол сұғу әрекетін (әрекетсіздікті) түсінеміз. Мейлінше қажеттілік жағдайында, мәселен, қатердің көзін жою үшін, егер ол қатерді басқадай тәсілдермен жою мүмкін болмаған жағдайда  жасалған әрекеттер әкімшілік құқық бұзушылық болып саналмайды.  

Әкімшілік құқық бұзушылық

Әкімшілік құқық бұзғаны үшін жеке тұлғаға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін: 

  •  ескерту жасау;
  •  әкiмшiлiк айыппұл;
  • әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу;
  • арнайы құқықтан айыру;
  • рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау;
  • қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
  • заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу;
  • әкімшілік қамаққа алу;
  • шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу.

Ескерту жасау, әкiмшiлiк айыппұл, әкімшілік қамаққа алу негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн 

Арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен алып тастау, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу негiзгi, сол сияқты қосымша әкiмшiлiк жазалар ретiнде қолданылуы мүмкiн.

Тәркілеу, заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу қосымша әкімшілік жаза ретінде ғана қолданылуы мүмкін

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу