"ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесі: маңыздылығы, экономикалық тиімділігі және келешекке көзқарас. Қазақ тілі, 9 сынып, презентация. 3 сабақ.


Топтар

«Проблемалық мақала» тобы

«Теориялық мақала» тобы

«Ақпараттық мақала» тобы

«Мақала – зерттеу» тобы

Проблемалық мақала

Қоғамда маңызды бір көкейтесті мәселе төңірегінде болады.

Ақпараттық мақала

Бір нәрсе туралы ақпарат береді.

Мақала - зерттеу

Қызықты бір тақырып алынып, сол нәрсе зерттеледі.

Теориялық мақала

Ғылыми стильде жазылады. Шаблон сөздер болады. Бір сөздердің шығу төркіні, мәні, мағынасы беріледі.

Баяндамашы- мақаланы оқиды

Хатшы – мақаланы қағазға түсіреді

Идея қосушы – идея қосады

Сараптамашы – грамматикалық – лексикалық нормалардың дұрыс қолданылуын тексереді.

Бағалаушы – өзге топты бағалайды.

Топ мүшелері

Мақаланың талаптары:

1.Мақалада өзекті мәселе қозғалуы керек.

2.Жаңа ой, жаңа дерек келтіруі қажет.

3. Тақырып туралы мәліметтер жинақталуы тиіс.

4.Ақпараттың шынайылығына назар аударылуы қажет.

5.Оқырманды сендіріп, қызықтыру үшін кесте, сурет, диаграмма болуы керек.

6. Мақала жоспарға сай жазылуы қажет.

Кіріспе бөлімінде ақпараттың басына көз жүгірте отырып, оқырман оны ары қарай оқу қажет пе, жоқ па, соны түсінеді. Кіріспе сөйлемде ең маңызды мәселе айтылады. Сәтті шыққан кіріспе сөйлем 25-40 сөзден тұрады, ол мақаладағы негізгі оймен таныстырып, оқырмандардың қызығушылығын тудыруға арналады. Егер бұл сөйлем өзіндік жаңалығы бар ақпарат болған жағдайда оны сәтті деп есептеуге болады.

Негізгі бөлімде қысқаша баяндаудан кейін журналист мақаладағы негізгі деректерді келтіріп, көтеріліп отырған мәселеге қатысы бар тұлғалар мен ұйымдар туралы мәлімет беріп, түпкілікті ойын түсіндіруге кіріседі. Талқылау тудыратын сұрақтарын қояды, сұрақтарға жауап іздейді.Қорытынды бөлімде көп жағдайда мақала белгілі бір адамның айтқанын сөзбе-сөз келтіре отырып, екіұшты сұрақ тастаумен тәмамдалады,

Кіріспе бөлімінде ең маңызды мәселе айтылады

Негізгі бөлімде деректер түсіндіріледі

Екіұшты сөйлемдер тасталады

Үй жұмысы : Мақала жазыңыз. Сөз саны: 100-120сөз

Өзін – өзі бағалау

1.Оқырмандар не туралы білгісі келетінін білесіз бе?

2. Ол туралы сіздің біліміңіз жеткілікті ме?

3. Мақалаңызбен оқырманыңызды қызықтыра аласыз ба? Ол үшін не істейсіз?

4. Мақалаңыздың сапалылығын қалай анықтайсыз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу