ЭКСПО-2017 көрмесі. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 4 сабақ


Оқылым

  Экспо – бүкіләлемдік көрме. Уикипедияның тілімен айтқанда, индустрияландырудың нышаны мен техникалық, технологиялық жетістіктерді әлемге паш ету мүмкіндігі. Экспо көрмесінің тарихы сонау 1851 жылдан бастау алады. Тұңғыш рет ол Ұлыбританияда өткен. Көрме сол уақытта темір мен шыныдан жасалған хрусталь сарайының құрылысымен ерекшеленді. Алғашқы әлемдік көрмеде өндірістік тауарлар, көліктер және көркем өнер заттар әкелушілер назарына ұсынылды. Ұлыбританияда өткен көрменің әсері аз уақыттың ішінде технологиялардың тез таралуына ықпал етті. Бұдан соң көрме тек бір ғимаратпен шектелмей, оны өткізу үшін тұтас қалашықтар салына бастады. Мысалы Париждегі Эйфель мұнарасы да осы халықаралық көрмеге орайластырып салынған еді. 1928 жылдан бастап Экспо ұйымы мен Халықаралық көрме бюросы айналысады. Оның құрамына 168 мемлекет кіреді. Көрме көптеген мемлекеттердің басын қосып қана қоймай, түрлі кезеңдерді біріктіреді. Экспо өткен уақыт, қазіргі уақыт пен болашақ арасындағы көпірге айналып отыр.

 Әдетте, Экспоға қатысуға дарынды ақындар, суретшілер, мүсіншілер тартылады. Вагнер, Штраус, Верди көрмеге арнап музыкалық шығармалар жазса, қылқалам шеберлері Манэ, Дали және Пикассо суреттер салған. Өндірістік даму мен алға ілгерілеуді білдіретін экспоны өткізу бұл бертін болашақ жетістіктерінің белгісі. Сол себептен Қазақстан көрмені ұйымдастыруға қызығушылық білдірді және әлемдік бірлестік тарапынан қолдау тапты. Қазақстан Азия мен Европаның қиылысында орналасқан. Мұндағы жылдар бойы еліміздің аумағынан түрлі өркениеттерді қосты. Нәтижесінде мұнда ерекше мәдениет қалыптасты. Бұл Қазақстанның ең басты байлығы.

 Көрменің тақырыбы – болашақ энергиясы. Мақсаты – ғаламшар тұрғындарының климаттың өзгеруі мен көмірқышқыл газының шығарылуына азайтуға бағытталған күреске шақыру.

Көрмеде жұмыс істегендер де, оны тамашалағандар да ЭКСПО-мен қимай қоштасты. Көрмеге 178 елден адам келген. Жалпы, ЭКСПО-ға үш айдың ішінде 4 млн-ға жуық адам кіріп-шыққан. Көрменің аумағын толығымен аралау үшін 96 сағат қажет екен. «ЭКСПО» аумағында 93 күннің ішінде 3,5 мың мәдени іс-шара өтті. Алып шар – «Нұр Әлем» павильонын салу үшін 13 мың тонна металл мен 2800 бірегей әйнек қолданылған. Сфераның жалпы аумағы: 22 мың шаршы метр. ЭКСПО-ға 53 елдің мемлекет және үкімет басшылары келіп, көрменің құрметті қонағы болған. Жұмыс істеген еріктілер саны – 4500. Үш ай ішінде келушілер көрме аумағында 100 млн-нан астам суретке түскен. Ғалымдар 153 ғылыми жаңалық ұсынып, 33 мың әртіс өнер көрсеткен екен.

Сұрақтар:

 

Оқушылар ауызша мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

1. Тест сұрақтарына жауап беріңіз және бір сұрақ (жауаптарымен) құрастырыңыз.

1. Көрме неге елімізде өтпекші? Себебі

А. Қазақстан Азия мен Европаның қиылысында орналасқан

В. Қазақстанның өзі қызығушылық білдірді

С. Қазақстан Азия мен Европаға өте жақын орналасқан

Д. Қазақстан Азия мен Еуропадан қашықта орналасқан

2. Көрменің мақсаты не?

А. Экономикалық өсімді ілгерілету

В. Жасыл экономика дамуын бәсеңдету

С. Баламалы қуат көздерін қолдану

Д. Тек қана желдің қуатын пайдалану

  • Оқушы 2 тест және мәтін бойынша диаграмма құрастырады.

Дескриптор:

  • Тест сұрақтарына дұрыс жауап береді;
  • Сұрау есімдіктерін қолданып, сұрақ құрастырады;
  • Деректерді қолданып, диаграмманы сауатты құрады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу