Қазақстандағы көрікті жерлер. (Шымбұлақ, Астанадағы Бәйтерек пен ЭКСПО көрмесі). Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 5 сабақ


1-мәтін

«Шымбұлақ» тау-шаңғылы шипажайы мен «Медеу» мұз айдынына келушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл туралы бүгін Алматы әкімдігінде Универсиада ойындарына дайындық барысын талқылау бойынша өткен жиын барысында «Chimbulak Development» ЖШС бас директоры Ержан Еркінбаев хабарлады. «Медеу» мұз айдынына биылғы қысқы мусымда күні бүгінге дейін 260 мыңнан астам адам келді. Бұл өткен жылғы бүкіл маусымдағы көрсеткіштен 60 мың адамға артық. Ал Шымбұлақта сырғанаушылар саны 20 пайызға өсті. Осы маусым басталғалы, күні бүгінге дейін Шымбұлаққа 90 мың сырғанаушы мен 90 мың демалушылар келді. Сондай-ақ, өз автокөлігімен келетіндер де бар», - деді Е. Еркінбаев. Сонымен қатар, Шымбұлаққа өткен жылғы маусымдағы күндердің бірінде бір күнде - 7 мың адам келіпті. Ал биылғы маусымда рекордтық күндердің бірінде - 10 мыңнан астам адам келген. Өткен жылы Медеуге бір күнде 7 мың адам келсе, биылғы рекорд - 13 мыңға жуық адам. «Бұл сандарға қарап, қала тұрғындары арасында табиғат аясында белсенді демалу мәдениеті өте танымал бола бастағанын көруге болады. Адамдар тек сырғанау үшін емес, жәй серуендеу және таза ауамен тыныстау үшін де келеді. Бұл тұрғыда трекингтің (жаяу туризм) әлеуеті жоғары.

2-мәтін

 Елорда символы «Бәйтерек» монументіне келушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Күрделі жөндеуден кейін келбетін өзгерткен нысанды бүгінге дейін 263500 адам  тамашалады. Шамамен 90 миллионға жуық табыс түскен. ЭКСПО көрмесі кезінде «Бәйтеректің» түбі кезектен арылмады.

 «Бір күнде 3000-ға жуық адам кірді. Қауіпсіздік шараларына мән бердік. Арнаулы терминалдар орнатып, кассаның жұмысын жеңілдеттік. Арнайы мамандандырылған күзет қызметі мен полиция өкілдері күні бойы кезекшілік жасады. Таңғы 09.00-ден түнгі 11.00-ге дейін адам қарасы үзілмеді. Келушілердің қатарында шетелдік қонақтар, туристер және әр өңірлерден келген мектеп оқушылары болды. Ал көп балалы отбасының, балалар үйінің шәкірттері тегін тамашалады. «Бәйтерек» монументіне келгендер алаң шетінде құрылған сахнада аймақтардан келген өнер шеберлерінің концертін тамашалады. Қазіргі уақытта ЭКСПО көрмесі аяқталып, жаңа оқу жылы басталған соң келушілер қатары саябырсыды. Халықаралық шара кезінде қонақтарды жылы қарсы алып, шығарып салған қызметкерлерге алғысым шексіз» дейді «Астана-Бәйтерек» ЖШС директоры Мұрат Сапарғалиев. Оның айтуынша, көрме кезінде «Бәйтерек» монументінің 150 мыңыншы қонағы Ресейдің Түмен облысынан келген сәулетші Елена Михайловаға ескерткіш сыйлық табыс етілген.

Италиялық технологиямен әзірленген шыны витраждар қақаған аяз бен аптап ыстыққа төзімді. Билет бағасына келсек, үлкендерге – 700, балаларға – 300 теңге.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

3-мәтін

«ЭКСПО-ның аяқталуына бір күн қалғанда, яғни 9 қыркүйекте ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне 100 514 адам келді. Салыстырып қарар болсақ, Көрменің алғашқы күндері орта есеппен күніне 22 840 келуші тіркелген еді», - деп жазды «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. Осылайша, 10 маусымнан 9 қыркүйекке дейінгі аралықта ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне 3 860 000 адам келген. Айта кетейік, бүгін ЭКСПО-2017 көрмесінің жабылу салтанаты өтеді. Бұл күні көрме павильондары түнгі сағат 3:00-ге дейін ашық болады. Бір ғана өзгешелік, ресми тұлғалардың келуіне байланысты көрме аймағы 19.00-ден 22.00-ге дейін жабық болады. Ал 22.00-де оңтүстік пен батыс жақтағы кіреберістер қайта ашылады. Амфитеатрдағы концерттік бағдарлама 18:00-20:00 және 21:00-23:10 аралығында ұйымдастырылады. Ал көрме жанындағы кассалар 08:30-18:30 және 22:00-00:30 аралығында істейді. Мерекелік отшашу сағат 21.15-те болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу