Көшпелі өркениеттер фестивалі. Қазақ тілі, 7 сынып, қосымша ресурс.


Оқушының аты-жөні:____________________________

Сыныбы: _______

Бөлім атауы: Көшпенділер мәдениеті

Сабақтың тақырыбы: Көшпелі өркениеттер фестивалі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

7Т/А6 Сөйлеу мәдениетін дамыту: Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.

7ӘТН3 Лексикалық норма: Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.

Бағалау критерийлері:

- Тыңдалым барысында көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді жазып алады.

- Айтылым кезінде фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдана алады.

Дескрипторлар:

- Тыңдалым мәтініндегі эмоционалды-экспрессивті сөздерді, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді анықтай алады;

- Айтылым барысында фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді орынды қолдана алады;

- Нақты фактілер келтіреді;

- Қорғау кезіндегі спикерлердің тіл байлықтарының молдығы, тіл тазалағы;

- Сарапшылардың сұрағына тез әрі нақты жауап беріп, шешім қабылдайды.

1-топтың тапсырмасы: «Қазіргі қоғамға көшпелі мәдениетті қайта енгізу керек» деген тақырыпта фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді сөйлем ішінде орынды қолдана отырып, нақты фактілер мен дәлелдер келтіре отырып пікір білдіру, кішігірім жоба қорғау.

2-топтың тапсырмасы: «Қазіргі қоғамға көшпелі мәдениетті қайта енгізу керек емес» деген тақырыпта фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді сөйлем ішінде орынды қолдана отырып, нақты фактілер мен дәлелдер келтіре отырып 1-топтың жауабына қарсы пікір білдіру, кішігірім жоба қорғау.

3-топтың тапсырмасы: «Көшпенділер өркениеті» фестивалінің маңызы» деген тақырыпта тыңдалған мәтіндегі және қосымша ақпаратты пайдаланып, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді сөйлем ішінде орынды қолданып, нақты фактілер мен дәлелдер келтіре отырып пікір білдіру, кішігірім жоба қорғау.

4-топтың тапсырмасы: Сарапшы топ өзге топтарға жобалық жұмысты қорғау кезінде сұрақтар қою, әр топтың жауабының тереңдігіне, дәлелдердің көптігіне мән бере отырып үш топтың ішінен өздерінің көңілдерінен шыққан топты таңдау және оны неге таңдағаны туралы дәлелдеп беру. Сондай-ақ, екі топты жетістік критерийлері бойынша бағалап, мұғалімге тапсыру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу