Климат өзгерісі. Қазақ тілі, 7 сынып, презентация. 1 сабақ
Қызығушылығын ояту сатысы
Бөлім атауы
Ауа және климаттық өзгерістер
Сабақтың тақырыбы
Климат өзгерісі
Оқу мақсаты:
7. Т/А1 Болжау
Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау.
7. ӘТН2 Орфоэпиялық норма
Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану.
Жетістік критерийі:
Тыңдалым бойынша:
мәтіндегі тірек сөздерді анықтай алады;
алғашқы бөлігін тыңдау арқылы, тақырыпты анықтай алады;
көтерілген мәселеге болжау жасай алады.
ӘТН бойынша:
екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдана алады.
Климат сөзіне ассоциативтік сызба жасау
https://www.twig-bilim.kz/film/climate-zones-5460/
«Климаттық аймақтар» тақырыбында бейнежазбаны тыңдау
Екпін – сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы. Түркі тілдерінде екпіннің қызметін сингармонизм атқарады. Қазақ тіліндегі екпін тұрақты, көбіне соңғы буындармен байлаулы болады. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі екпін сөз мағынасын айқындап, саралап, дәлелдеп тұрады.
Екпін түспейтін буындар.
1. Жіктік жалғауына. Мысалы: оқушымыз, барамыз.
2. Болымсыз етістіктің жұрнағына. Мысалы: ағашты жарма, сен оған айтпа. 3. Шылау сөздерге. Мысалы: үй де, мал да – бәрі де аман. 4. Көмекші сөздерге. Мысалы: мен ғой кеңседе болдым, үйге шейін атпен келдім.Екпін — сөйлемСөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буынБуын, дыбыстардыңДыбыс басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.
Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбысДыбыс екпіні деп бөлінеді.
Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпінЕкпін дауыс (мұндай бет жоқ) Екпін дауыс (мұндай бет жоқ)дауыстыЕкпін дауыс (мұндай бет жоқ) дыбысқа түседі.
Ой екпіні — сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.
Тіркес екпіні — бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепкеМектеп дейін, әке-шеше, әдет-ғұрыпӘдет-ғұрып (мұндай бет жоқ) т.б.
Дыбыс екпіні — сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.
ЖЖ.
Жұптық әңгіме.
Тыңдалған мәтіндегі оқиғаның дамуы мен аяқталуын оқушылар жұп құрап болжап әңгімелейді. Болжаған оқиғаларын сынып алдында бірі оқиғаның дамуын, бірі оқиғаның аяқталуын әңгімелейді.
ТЖ.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
Оқушылар 4 топқа бөлініп, жылдың 4 мезгіліндегі ауа райының құбылыстары туралы шағын жобалық жұмыс құрастырып, сынып алдында қорғайды.
Қалыптастырушы бағалау
Талқы себепшісі - мәтіннің идеясын, тақырыбын айтады.
Белгілеуші - негізгі ой бойынша төрт сұрақ құрастырады.
Байланыстырушы - қазіргі өмірмен байланыстырып, өз өмірінен мысал келтіреді.
Қорытындылаушы - шешім ұсынады.
Суреттеуші - мәтін желісі бойынша сурет салады.
Бағалау критерийі.
мәтіндегі тірек сөздерді анықтай алады;
алғашқы бөлігін тыңдау арқылы, тақырыпты анықтай алады;
көтерілген мәселеге болжау жасай алады.
Бағалау критерийі.
мәтіндегі тірек сөздерді анықтай алады;
алғашқы бөлігін тыңдау арқылы, тақырыпты анықтай алады;
көтерілген мәселеге болжау жасай алады.
Кері байланыс 3-2-1
Сабақта алған
3 маңызды ақпарат
Қиындық келтірген 2 мәселе
Сабақта ұнаған 1 аспект
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды