Климат өзгерісі. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ


Мұғалім үшін

Тыңдалым мәтіні

 Ауа райы берілген уақыт пен жердегі атмосфералық жағдайларды сипаттайды.

 Бірақ ауа райы мен климат бір емес.

 Климат 30 жыл не одан да ұзақ уақыт аралығындағы орташа ауа райы бойынша есептелетін орташа атмосфералық жағдайларға негізделген.

 Нақты бір күннің ауа райы сан алуан болуы мүмкін, дегенмен аумақтық климаты бізге қандай ауа райын күтуге болатынын айтады.

 Ауа райы – қысқа мерзімдегі жергілікті атм. жағдайы. Климат – ұзақ мерзімдегі орташа атм. жағдайы

Климаттық аймақтар

 Әлемді бірнеше климаттық аймақтарға бөлуге болады.

 Олар: тропикалық, қоңыржай, құрғақ, суық, полярлық.

 Тропикалық. Қоңыржай. Құрғақ. Суық. Полярлық

Полярлық климаттық аймағы

 Әр климаттық аймақтың өзіне тән климаты, өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі бар.

 Полярлы аймақтар жоғары атмосфералық қысыммен, құрғақ мұзды желімен және ылғалдылықтың аздығымен ерекшеленеді.

 Полярлық климаттық аймақ: Жоғары атмосфералық қысым. Төменгі температура. Жылдық жауын-шашынның ең көп мөлшері 25 см. Тропикалық климаттық аймақ

 Климат жағдайлары аймақтан аймаққа өткенде өзгеріп отырады.

 Тропикалық немесе экваторлық белдеулерде ыстық және ылғалды ауа райы жыл бойы байқалады.

 Тропикалық климаттық аймақ: Жауын-шашын мен күннің көп түсуі. Орташа жоғары температура 32°C. Орташа төменгі температура 22°C

 Мұз қатқан полюстерден ыстық шөл мен қоңыржай шалғынға дейін климат ғаламшарымыздың әртүрлі мекендеу орталары мен биоалуандылығына зор әсер етіп, қалыптасуына үлес қосады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу