Қазақстанның жеті кереметінің бірі – домбыра. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 8 сабақ


Тыңдалым алдындағы тапсырма.

«Сен білесің бе?»

Сыныпта осы сұрақтарға «иә,білемін» деп жауап беретіндерді тауып көріңіз. Барлық сұраққа оң жауап тапқан оқушы, жеңімпаз атанады.

  • Домбыраның құрылысын
  • Домбыраның шығуы туралы аңыздарды
  • Домбыра туралы өлең, ән
  • Атақты домбырашы, күйшілерді
  • Домбыра үйірмесіне қатысатындарды
  • Домбыра тартуды білетіндерді

Тыңдалым тапсырмасы.

«Домбыра балладасы» әнін тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.

Ән не туралы?

_____________________________________________________________________________

Өлең қандай мақсатта жазылған деп ойлайсыз?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

«Күй ойнайды қазағымның қанында,

Күй ойнайды қазағымның жанында.» - деген жолдарды қалай түсінесіз? Өмірден мысал келтіре, пікір білдіріңіз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

«Бабамыздың мұңысың сен домбыра» деген тіркесті қалай түсінер едіңіз?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Осы өлең сізге қандай ой салды?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Өлеңнің негізгі ойын білдіретін, негізгі ойды жеткізе алатын тіркестер мен сөздерге мысал келтіріңіз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дескриптор.

  • Тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • шынайы өмірден мысалдар келтіреді;
  • өлеңдегі ойға қатысты жеке пікірін білдіреді.

Жазылым тапсырмасы.

Хабарламаны оқыңыз.

Елбасы Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол қойды Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық домбыра күні туралы жарлыққа қол қойды.

01:00 14.06.20

  • Ұлттық домбыра күні атап өтілетін туралы білдіңіз бе?
  • Ұлттық домбыра күнін тойлау керек деп ойлайсыз ба?
  • Ол күні қандай шаралар орын алады деп ойлайсыз?

Тапсырма.

Өзің тұратын мекеннің тұрғындарын ұлттық домбыра күнімен құттықтап, құттықтау хат жазыңыз.

Ол үшін:

Дескриптор:

  • Құттықтау хат жазады;
  • белгілі бір аудиторияға бағыттайды;
  • мерекенің маңыздылығына тоқталады;
  • тілек білдіреді;
  • құрылымын сақтап жазады;
  • тірек сөздерді пайдаланады;
  • сауатты жазады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу