Отбасы құндылықтары. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық және отбасылық құндылықтар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Отбасы құндылықтары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.2.2.1 ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

 Сабақтың мақсаттары

Мәтіннің тілдік құралдарына талдау жүргізу;

мәтіннің стилін анықтау

 Бағалау критерийлері

Мәтіндегі тілдік құралдарды (тұрақты сөз тіркесі, антонимдер, эпитет, сұраулы сөйлем) анықтайды. Қолданылу мақсатын түсіндіреді.

Мәтіннің стилін табады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Ауызекі сөйлеу стилі, тұрақты тіркестер, антонимдер, эпитет, сұраулы сөйлем

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша...

Мәтінде ... мәселесі көтерілген

Мәтінде ... қолданылады

Қолданылу себебі...

Құндылықтарды игерту

Тақырып аясында ұсынылатын мәтіндер арқылы оқушылар отбасындағы сүйіспеншілік, құрмет құндылықтарының маңызын түсінеді, қазіргі кездегі мәнін талқылайды.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар стиль ұғымымен таныс болулары қажет.

Жоспар

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

ТЖ. Оқылымалды тапсырма.

Оқушылар қазақ отбасындағы маңызды 2 құндылықты талқылайды. Өз пікірлерімен бөліседі.

Өз отбасыларындағы маңызды құндылық туралы айтады. Оның неліктен маңызды екенін түсіндіреді.

Сабақтың ортасы

5-10

10-20

20-25

25-30

30-35

Ж. Оқылым тапсырмасы.

Оқушыларға А/Ә/Б/В мәтіндері таратылады. Мәтіндегі тілдік ерекшеліктері анықтау арқылы оқушылар мәтіннің стилін табады. Оқушылар жұптасып (А мәтіні бар оқушы мен Ә мәтінін талдаған оқушы, Б мәтіні мен В мәтінін оқыған оқушылар жұптаса алады), өз мәтіндерінің талдауын жұбына айтып береді.

Жұбы оқушы жауабын бағалау парағы (2-қосымша) бойынша бағалайды.

Тапсырма:

Мәтінді мұқият оқыңдар. Мәтіннің тілдік еркшелігін талдап, стилін анықтаңдар.

Дескриптор:

  • Мәтіннің мазмұнын қысқаша 3-жақта баяндайды (3-4 сөйлем: Мәтінде ... туралы айталды. Автор ... туралы айтқысы келген).
  • Мәтіннің тілдік ерекшеліктеріне (тұрақты сөз тіркесі, антонимдер, эпитет, сұраулы сөйлем) талдау жүргізеді.
  • Тілдік тәсілдердің қолданылу мақсатын түсіндіреді.

Оқушылар мәтіндерде кездескен ұқсас тілдік ерекшеліктер сыныппен талқыланады. Бұл тілдік ерекшеліктердің қандай стильге тән екендігі туралы әңгімелеседі.

Әдеби стиль туралы мағлұмат беріледі(3-қосымша).

ТЖ. Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Оқушылар оқыған мәтіндері бойынша топтасады (А мәтінін оқығандар 1-топқа, Ә мәтінін оқығандар 2-топқа, Б мәтінін оқығандар 3-топқа, В мәтінін оқығандар 4-топқа бірігеді). Мәтінде айтылған құндылықтарды анықтайды, мәтіндегі маңызын сараптайды, қазіргі кездегі өзектілігіне баға береді.

Тапсырма:

Мәтінде айтылған құндылықты анықтап, өз пікірлеріңді білдіріңдер.

Дескриптор:

  • Мәтіндегі негізгі және детальді ақпараттарды анықтау арқылы әңгімедегі құндылықты табады.
  • Мәтіннен мысал келтіреді.
  • Әңгімедегі маңызын анықтайды.
  • Анықталған құндылықтың қазіргі заман үшін маңызын көрсетеді.

Бағалау.

Топтар өз мәтіндері бойынша талдауларын сыныптастарына таныстырады. Өзара бағалау жүргізіледі.

1-қосымша

А мәтіні

https://ust.kz/word/asyq_sabaq_otbasy_jarastygy_5_synyp-5876.html

Ә мәтіні

http://ihsan.kz/kk/articles/view/5704

Б мәтіні

http://old.el.kz/blogs/entry/%D0%A2%D0%B5%D0%BA%D1%81%D1%96%D0%B7%D0%B4%D1%96%D2%A3-%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96-%D2%9B%D2%B1%D0%BB

В мәтіні

https://www.zharar.com/kz/story/11497-oralhan_bokey.html

2-қосымша

3-қосымша

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

Оқушылар сабақтағы проблемалар кестесін толтырады.

Қиындықтар

Себебі

Шешімі

Кестенің «шешімі» бөлімін мұғалім толтырады. Оқушыда туындаған қиындықтың шешу жолдарын ұсынады.

4-қосымша

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Мәтіндерді тарату кезінде А мәтінін үлгерімі төмен оқушыларға ұсынуға болады.

Жұптық, топтық бағалау кезінде оқушылардың сабақ материалын қаншалықты деңгейде меңгергендігін анықтауға болады.

Топтық, жұптық жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелері сақталуы қажет.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу