Отбасы құндылықтары. Қазақ тілі, 6 сынып, дидактикалық материал.


 

 Отбасы – күнделікті өмірде адамдардың арасындағы өзара қатынастардың орнықты жүйесі, ол бірқатар тұтастай функцияларды атқарады.

Отбасының функциялары – отбасының тіршілік қызметінің, өз мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырумен тікелей байланысты саласы.

Отбасының репродуктивтік функциясы – тіршілікті биологиялық тұрғыдан қайта туындату, өмірге балаларды келтіру арқылы оның үздіксіз болуын қолдау. Ол адамзаттың тіршілігін жалғастыру үшін қажет.

Отбасының әлеуметтік – демографиялық функциясы (халықтың өсуін жүзеге асыру). Қоғам келер ұрпақтың саны өткен ұрпаққа қарағанда сан жағынан көп болуына мүдделі. Бұл адамның адами-эмоционалдық қажеттілігі де. Баласыз отбасы - толыққанды отбасы емес.

Отбасының балаларды бастапқы әлеуметтендіру функциясы – отбасының баланы қоғамға біртіндеп енгізуі, оны осы қоғамға тән барлық заңдармен таныстыру. Туған кезінен бастап бала әкесімен және анасымен жеткілікті психо-әлеуметтік байланыста болса, ол үйлесімді тұлға болып өседі.

Отбасының тәрбиелік функциясы осының алдындағы функцияға жақын тұр.

Отбасы сүйіспеншілік сезімін сіңіріп, балалар мен ата-аналардың бір-бірлеріне бауыр басу, сену сезімдерін қалыптастырады. Әсіресе, отбасылық қатынастардың эмоционалдық негізін құрайтын: үлкендерді, әйелдерді құрметтеу, кішіге, қарт кісілерге қамқорлық көрсету сияқты адами сезімдерді қалыптастырудағы отбасының рөлі орасан зор.

Отбасы балаға эмоционалдық тұрғыдан жайлылық пен қорғауда болу сезімін береді. Араласып-сөйлесу, бірге еңбектену, ынталандыру, жазалау, мінез-құлқын бағалай арқылы әсер ету – дұрыс тәрбие берудің кепілі.

Отбасының бос уақытты өткізу функциясы да адами тәрбие беруге жәрдемдеседі. Бос уақыт – бұл балалардың дамуы үшін маңызды тәрбиелік, эмоционалдық фактор. Ата-анасымен бірге өткізілген уақыт балалардың мәдени, адами-эстетикалық деңгейін көтеруге, олардың рухани дамуына аса қажет.

Отбасындағы қолайсыз жайлардың балаға жағымсыз салдары - психикасының бұзылуы, мінез-құлқының қиындығы, әлеуметтік бейімделмеушілік және девианттық мінез-құлық, одан тек отбасы ғана емес, тұтастай алғанда қоғам да зардап шегеді.

Отбасының экономикалық және шаруашылық-тұрмыстық функциясы отбасының биологиялық тіршілік етуін қамтамасыз етуде (тамақ, тұрғын үй, киім-кешек және т.б.). Отбасындағы өмір ең алдымен тұрмыстың материалдық қамтамасыз етілуімен, еңбекке қабілеті жоқ туыстар мен кәмелетке толмағандарға бірлескен материалдық қамқорлықпен байланысты.

Отбасының медициналық функциясы немесе отбасы мүшелерінің физикалық денсаулығын қолдау ең алдымен профилактикалық сипатта болады. Ол салауатты өмір салтын сақтаумен, зиянды әдеттерден бас тартумен, демалысты белсенді

страница 83

жағдайда өткізумен, гигиеналық дағдыларды игерумен, сауықтыру іс-шараларын өткізумен тікелей байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Бағаланатын оқушының аты-жөні:

Бағалайтын оқушының аты-жөні:

Дескриптор

Оқушының жауабы

Комментарий

1

Мәтіннің мазмұнын қысқаша 3-жақтан баяндайды (3-4 сөйлем: Мәтінде ... туралы айтылды. Автор ... туралы айтқысы келген).

2

Мәтіннің тілдік ерекшеліктеріне(тұрақты сөз тіркесі, антонимдер, эпитет, сұраулы сөйлем) талдау жүргізеді.

3

Тілдік тәсілдердің қолданылу мақсатын түсіндіреді.

4

Мәтіннің стилін анықтайды.

 Әдеби стильді әдеби шығармалардың деңгейі мен ерекшеліктерін танытатын жазу құралы деуге болады. Бұл стильде ғылыми немесе ресми іс-қағаздар стильдеріндегідей талдау, ресмилік және пікірталас тұдыру секілді ойлар мен жоспарлар мүлде болмайды.

 Кез келген стильде өзіндік бір бейне беретін, тек сол стильге ғана тиесілі элементтер болады. Сәйкесінше, әдеби стильдің көркемдік ерекшелігін танытатын элементтер мыналар:

 - Нақтылай көрсету (дәйектеу)

 - Автордың эмоция мен сезімді оқырманға бере білуі

 - Тұрақты сөз тіркестері

 - Антонимдер

 - Эпитеттер

 - Метафоралар

 - Салыстырулар

 - Аллегориялар

 - Өзге де стильдердің элементтерін қамту

 Аталған элементтердің барлығы дерлік бір әдеби шығармада қамтылмауы мүмкін және ол міндетті емес те. Себебі ешбір шығарма осындай ауқымды әдеби білімге негізделіп жазыла қоймайды. Дегенмен белгілі бір элементтерінің қолданылуы заңды. Онсыз шығарманың әдеби стильге жататынын анықтауға келмейді.

https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/22738/

Қиындықтар

Себебі

Шешімі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу