Негізгі және туынды зат есім. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 69 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән Қазақ тілі

Бөлім Табиғат құбылыстары

№ 69абақ. Тақырыбы Негізгі және туынды зат есім

Мектеп:

Күні: 3-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Ж.М.Жарылғасова

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

4.2.4.1 - мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау

4.3.5.1 Стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету; жазба жұмысын пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялау.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;мұғалім көмегімен грамматикалық нормаға сәйкес түзете алады.

Оқушылардың көбі:

-мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды; грамматикалық нормаға сәйкес түзете алады және түсіндіре алады.

Оқушылардың кейбірі:

мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады; грамматикалық нормаға сәйкес өз бетінше түзете алады және түсіндіре алады.

 Бағалау

критерийлері

Мәтін тақырыбы мен мазмұны арасындағы сәйкестікті анықтайды

Мәтіннің негізгі ойын тұжырымдайды

Мұғалімнің көмегімен сөйлемде жіберілген қателерді түзетеді

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Зат есім. Негізгі зат есім.Туынды зат есім. Ұзақ.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Ұзақ құсы туралы не білесің?

Бұл құс туралы не білгің келеді?

Негізгі зат есім дегеніміз не?

Туынды зат есім дегеніміз не?

 Құндылықтар

Белсенді қарым-қатынас,өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және дамыту.

 Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану.

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Зат есім. Зат есімнің тәуелденуі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ж.Т) Мұғалім оқушыларға ұзақ суретін көрсетеді. Мұғалім оқушылардан «Білемін, білгім келеді, білдім» тәсілі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тәсілдің алғашқы екі тапсырмасы сабақтың бастапқы бөлімінде орындалады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

-Ұзақ құсы туралы не білесің?

-Не білгің келеді?

Оқушылар жұптасып білгендерін жазады. Сабақ барысында оқушылар жазғандарын мәтін мазмұнымен салыстырып, «Менің сабаққа дейін білгенім дұрыс/бұрыс па екен? Менің білейін дегенім сабақта қарастырылды ма?» деген сұраққа жауап беріп отырады. Сабақ аяқталысымен оқушылар «Мен не үйрендім?» деген сұраққа жазбаша жауап береді. Жауаптарын жұптасып немесе топ ішінде талқылайды.

Слайд

Қосымша

материал

№1

Сабақтың ортасы

15 минут

15 минут

4.2.4.1 - мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау

1-тапсырма.Оқушылар оқулықтағы «Ұзақ» мәтінімен танысады. Алдымен іштей оқып шығады. Содан соң мұғалім мәтіннің мазмұнын түсінгенін байқау үшін «Суреттер сөйлейді» әдісін жүргізеді. Тақтадан суреттер ұсынылады. Мұнда сурет бойынша оқушылар мәтінді мазмұндайды.

1

2

3

4

5

6

7

(Т)2-тапсырма. Мәтінге тақырып қою. Топта талқыланады. Әр топ бір тақырыптан дайындайды. Себебін түсіндіреді.

1.Ұзақ –пайдалы құс

2.Ұзақ – қомағай құс

3. Пайдалы құс

4. Ұйымшыл құс

-Мәтіннен қандай ой түйдіңдер?

-Мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді тауып, қоршап сызыңдар.

Дескриптор:

-мәтінге ат қояды;

-мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

-мәтін бойынша өз ойын тұжырымдайды.

Соңынан кестенің үшінші бөлігі толтырылады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

4.3.5.1 Стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету; жазба жұмысын пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялау.

(Ж)1-тапсырма. «Кім тапқыр?» ойыны ойналады.

Оқушыларға сызба-кесте беріледі. Оқушы тиісті жерге «+» , «-» таңбасын қояды.

Негізгі зат есім

Туынды зат есім

балық

достық

әнші

кітапхана

жаңбыр

кемпірқосақ

саудагер

домбырашы

орындық

балалық

жайын

Оқушылар өзара бір-бірін тексереді.(Т)2-тапсырма. Сөздердің ұйқасына, мағынасына қарай өлеңді қалпына келтіріп жазу. Негізігі және туынды зат есімдерді табу. Сөз құрамына талдау.

Аң мен құсты бүркітші

Аңшы, бірақ бұл тіптен

Аулайды ылғи бүркітпен.

Шықпайды аңға мылтықпен. (С.Оспанов)

Дескриптор.

-сөздердің ұйқасын анықтап, өлеңді қалпына келтіріп жазады;

-жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтайды.

Слайд

https://aviales.ru/files/foto/2018/news2_19072018.jpg

Қосымша материал №2

Слайд

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс

Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін жүргізіледі.

- Сабаққа қатысуыңды қалай бағалайсың?

- Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Үй тапсырмасы оқулықтағы 24-жаттығу:

-негізгі зат есімдерге –шы, -ші жұрнақтарын жалғау арқылы туынды зат есімдер жасау;

-әр сөзге сұрақ қою, олардың мағыналық айырмашылығын түсіндіру.

Слайд

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау. Сабақты қорытындылау кезеңіндегі сұраққа жауап алғанда қабілеті жоғары оқушылардың өзіндік ой-пікір күтіледі. Әр топта оқушылардың түгелдей сабаққа қатысуын қадағалау.

Қалыптастырушы бағалауда дескриптор арқылы бағаланады.

АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу