Спектакль сценариін жазу. Қазақ тілі, 4 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар

Сабақ тақырыбы: Спектакль сценариін жазу

Тірек сөздер: Спектакль, театр, афиша, сахна, көрермен, әрекет, антракт.

Спектакль (фр. spectacle, лат. spectaculum – ойын-сауық) – театр өнерінің туындысы. Осы заманғы театрда режиссер-қоюшының басшылығы арқылы театр ұжымы күшімен (актерлер, суретші, композитор, т.б.) жүзеге асырылады. 

Театр (грек. theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.

Афиша (фр. affiche - хабарландыру) - спектакльконцертцирк, т.б. мәдени шараларды алдын ала хабарлайтын жарнаманың бір түрі.

Сахна (сцена; stage) —

  • мультимедиалық қосымша программалар әрекеті болатын ұсыну ортасында жоспарланған логикалық кеңістік.[1]
  • театр ойын-сауықтары көрсетілетін орын. 

Әрекет -

  • әлеуметтік мінез-құлықтың белгілі бір немесе бірнеше түрінің көрінісі;
  • сахнадағы сияқты әлеуметтік рөлдерді ойнау немесе орындау;
  • іс-әрекеттің немесе мінез-құлықтың түрі;
  • әлеуметтік іс-әрекет процесіне қарағанда «орындалған әрекет»;
  • екі өтпе арасында дайындаманы 90°-қа бұру.
  • (араб.: харекет‎, амал, тәсіл), театрда - актерлік өнердегі ойды жеткізу құралы. 

Антракт (франц. entr Аacte — әрекет аралығы) 1) Спектакль актісі немесе циркконцерт бөлімі аралығындағы үзіліс. Антракт кезінде сахналық жиһаздарды ауыстырып қояды, әрі орындаушылар мен көрермендер тыныстап дем алады. 2) Операбалет т.б. өнер туындыларының бөлімі аралығында орындалатын музыкалық пьеса. 

Музыкалық театр[1] – операбалетоператта мен музыкалы-драмалық қойылымдарды көрсететін өнер ұжымдары. Құрамында актерлері, әнші-солистері, хоры және оркестрі болады. Музыкалық театрларда музыка сахналық жағдай мен кейіпкерлер мінезін бейнелеудің маңызды бір тәсілі әрі спектакль драматургиясының бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады және көркемдік идеяны жүзеге асыру міндетін атқарады. Қазақстанда екі опера театры бар. Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрыАстанадағы опералық театр. 

Астанадағы опералық театры

 

 

 

 

(МТ) Кейіпкерлерді сипаттау мақсатында символикалық мәндерді түсіндіру арқылы осы тақырыпты пайдалануға мүмкіндік беру.

Көлеңке театры Қытайда 2.000 жыл бұрын пайда болған. Хан әулетінен шыққан Ву атты императордың сүйікті әйелі қайтыс болып, император көп қайғы кешті. Жұтқан қайғысы соншама, тіпті елді басқаратын ықыласы жоғалып кетіпті. Бір күні ел министрі қуыршақ ойнаған балаларды көріп, қуыршақтардың көлеңкелері ол үшін нанғысыз тірі болып көрінді. Осыны аңғарған зерек министрдің ойында бір идея пайда болыпты. Ол император әйелінің мүсінін мақтадан жасап, бояйды. Қас қарайғанда, ол императорды жарық түсіретін қуыршақ көрінісін тамашалауға шақырды. Императорға бұл көрініс ұнап, келешекте халыққа көрсетуді бұйырды. Осы оқиға тарихи кітапта көлеңке театрының пайда болған күні деп жазылды.

Көлеңке театры халық жырлары мен тарихи оқиғаларды айту үшін және дін туралы мәлімет беру үшін қолданылған. Көлеңке қуыршақтарын жасау үшін өте жұқа тері қолданылған. Терінің ішіне жарық сәулелері, сурет экран арқылы өтетіндей етіп тесіктер жасалған. Бұл қуыршақтың келбеті мен киімін анықтауға көмек береді.

Жалпы ұқсастықтар мыналарды қамтиды:

  • күшті кейіпкерлер (кейде стереотиптерге сай) және қойылым тәртібі;
  • шешілуі, барысы, шыңы /шиеленіс, қорытындысы;
  • кейіпкерлер өзгереді немесе оларға сабақ беріледі.

Айырмашылықтары:

  • баяндама немесе сипаттаманың болмауы;
  • бет әлпетінен оқылатын өзгерістері;
  • қосымша дерек беретін детальдардың, не жақыннан түсірудің болмауы.

(Қ) Оқушыларға кейіпкерлердің мінез-құлқын, өз қорытындыларын кестеге жазуды ұсыну, мысалы:

Фильм бөлімі

Қимыл/әрекет

Сезімді тудыру

Алынған хат

Басын қолымен ұстау

Қайғы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу