Құрғақшылықты зерттейміз_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Су – тіршілік көзі» Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Судың да сұрауы бар | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу; 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру 3.3.2.1* хабарландыру, хат, іс-әрекеті баяндалған күнделік, өмірбаян жазу | ||||
Сабақ мақсаттары | Өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, диалогке қатыстыру. Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп,әңгіме құрап айта білуге үйрету.Ашық және жабық сұрақтар құрастыруға дағдылану. Хат жазу. | ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар |
| ||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын тапсырмаларды орындау барысында дарыту. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||
Бастапқы білім | Өзендер туралы мәтіндерді оқу. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 2 минут 5 минут | І.Ұйымдастыру кезеңі Ана тілім тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдағы Өссе тілім мен де бірге өсемін, Өшсе тілім мен де бірге өшемін. Оқушылар шеңбер құрады. Сабақты өлең жолдарымен бастайды.
/Оқушылардың жауаптары тыңдалып, қазақ тілі пәніннің ерекшелігі мен маңыздылығы туралы атап өтеді./ (Т)Қызығушылықты ояту.«Жалғасын тап» Мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, сыни ойлауын, коммуникативтік дағдыларын дамыту. Мұғалім мәтіннің бастапқы бөлігін айтады. Оқушылар шеңбер бойымен ертегіні жалғастырулары керек. Ертеде бір хан өз нөкерлерімен жорықтан келе жатып, шөл далаға тап болыпты. Қатты шөлдеген хан әсерлері айналадан су көзін іздеуге кірісіпті. Бір кезде хан нөкері алыстан жылтыраған бір нәрсені байқайды... Оқушылар әрі қарай жалғастырады.
/Оқушылардың жауаптары тыңдалады/ Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. | Слайд Слайд | |||
Сабақтың ортасы 5 минут 16 минут 5 минут 2 минут | (МК) Тыңдалым алды жұмыс. «Сөз сыры» Оқушылар берілген сөздерге қарап, мәтін мазмұнын болжайды, жұпта мәтін/ сөйлемдер құрастырып көреді. Жаңа сөздердің мағынасын таниды. Мақсаты:Оқушылардың айтылым және сыни ойлау дағдыларын дамыту.
/Мұғалім бірнеше оқушының болжамдарын тыңдайды/. (Ұ, Т) Тыңдалым. Мақсаты: тыңдалым, айтылым, оқылым дағдыларын дамыту. Сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу, ойын жүйелі түрде жеткізуге дағдыландыру. Оқушылар мәтінді тыңдай отырып, тапсырмаларды орындайды. 1-топ: мәтін бойынша 3 ашық, 3 жабық сұрағын құрастыру. Дескрипторлар:
2-топ: мәтін мазмұны бойынша көрініс көрсетеді, мақалдың мағынасын ашады. Дескрипторлар:
3-топ: Су тасқынының туындау себебін анықтап, алдын алу жолдарын ұсыну. Дескрипторлар:
Баяғыда бір бай мен кедей көрші тұрыпты. Бай өте жақсы өмір сүріпті. Ал кедей егін егіп, өз еңбегінің нанын жеп күнелтеді екен. Бір жылы көктемде қатты су тасқыны болады. Бай бар алтынын көтеріп, биік ағаштың басына шығып кетіпті. Кедей де нанын алып, ағаштың басына шығады. Су тасқыны бірнеше күнге созылады. Қарны ашқан бай кедейге:
– Алтынымның жартысын берейін, бір үзім нан берші, –деп жалынады. Кедей бере алмайтынын айтады. Ақыры, аштан өліп бара жатқан бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Байға жаны ашыған кедей өз нанымен бөліседі. Келесі күні су тоқтап, олар ағаш басынан түседі. Содан бері бай мен кедей араласып, жақсы көрші болған екен. Халықтың «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен» дегені осыдан қалған болар. /Топтар өз жұмыстарын қорғайды, дескрипторлар бойынша өзара бағаланады, мұғалім «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша топтарды бағалайды/. (Ө) «Ойлан, жаз» Мақсаты: хат жазуға дағдылану. Тапсырма: мәтіндегі таңдаған кейіпкерге арнап хат жаз. /Оқушы таңдаған кейіпкерге арнап хат жазады,жазылған хаттарын жұппен алмасып, өзара «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша бағалайды./ | Үлестірмелі парақтар, кестелер мен дескрипторлар, тыңдалым мәтіні, мәтін жазылған парақтар. Қима қағаздар | |||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы өз жұмысын қорытындылайды. Мен бүгін............. Маған бүгін ................ Бағалау: Сабақтың басында анықталған критерийлер арқылы өзін-өзі бағдаршамның түрлі-түсті көздері арқылы бағалайды. | бағдаршам | |||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
топтық тапсырма оқушылардың қабілет-деңгейлеріне сәйкес орындалады. Жұптық және топтық жұмыс арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді. | Жұптық топтық жұмыстар арақылы өзара бағалау және өздік бағалау қолданылады. | Сабақ барысында оқушының денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуына мән беріледі. | |||
Сабақ бойынша рефлексия
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?