Құрғақшылықты зерттейміз_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Су – тіршілік көзі»

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Құрғақшылықты зерттейміз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.6.2* көркем, публицистикалық және ресми стильдерді (мақала, хабарландыру, күнделік, өмірбаян...) ажырату

3.4.2.7 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау

Сабақ мақсаттары

Оқушыларды көркем, публицистикалық және ресми стильдерді ажырату

Болымды және болымсыз етістіктерді анықтау.

Бағалау критерийлері

Мәтіннің стильдерін ажыратады.

Болымды және болымсыз етістіктерді ажыратады.

Тілдік мақсаттар

  • Поэзия, мәтін, өлең, өзен,су, су айналымы, құрғақшылық,сусыз,шөлдеу,стиль, ажырату, болымды етістік, болымсыз етістік.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік,

Еңбекқорлық

Өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Құрғақшылық ұғымын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

5 минут

Бастапқы іс-әрекет

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

Өткенді бекіту.

Оқушыларға суреттер таратылады. Оқушылар бұл сурет жайлы не ойлайтыңдары туралы жұптарына айтады.

Бірнеше жұптар өз жұмыстарымен таныстырады.

-Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта не туралы айтамыз?

/Оқушылар өз болжамдарын ортаға салады/

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен танысу.

Бағалау критерийлерін құрастыру.

Слайд

Слайд

Суреттер

Сабақтың ортасы

5 минут

3 минут

5 минут

10 минут

5 минут

(Ұ, МК) «Болжам жаса».

Мақсаты: көркем жазуға, тірек сөздер бойынша божам жасауға дағдылану.

Оқушыларға түрлі-түспен жазылған сөздер көрсетіледі.

  • Берілген сөздерді көшіріп жаз.
  • Сөздердің арасындағы байланысты анықта.

Сөздер:

Жер, сусыз, гүлдейді,құрғақ,құнарлы,аспан, жаңбыр, су, ыстық, кебеді,күннің көзі,көркейеді.

-Сөздердің арасында қандай байланыс бар?

-Құрғақшылық дегеніміз не?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады, толықтырулар енгізіледі/.

(Ұ) «Ойлан. Анықта. Талқыла»

Мақсаты: мәтін стильдерін ажыратуға дағдылану.

Оқушыларға сөз тіркестері беріледі. Стиль түрін анықтайды.

Мұғалім оқушылардан берілген сөздерге теңеу және эпитет сөздерді қосып, сөз тіркестерін құрастыруды сұрайды.

/Оқушылардың жауаптары тыңдалып, кері байланыс жасалады/.

  •  Бұл сөз тіркестері қандай стильдік мәтінде кездеседі деп ойлайсыңдар?Неліктен?

 /Оқушылар бұл сөз тіркестерінің көркем әдебиет стиліндегі мәтіндерде кездесетінін айтады/.

(Ұ) «Сен маған, мен саған»

Мақсаты: стиль түрлері туралы білімдерін бекіту.

Мұғалім стиль түрлеріне қатысты бір сұрақ қояды, сұраққа жауап берген оқушы өзі сұрақ құрастырып, ұжым оқушыларына қояды. Өзара сұрақ-жауап алмасады.

Ескеру: мысал келтіру арқылы сұрақ құрастыруға болатындығын оқушыларға хабарлау.

Қазақ әдеби тілінің бес түрлі стилі бар:

1. Білім мен ғылым саласында – ресми іс – қағаздар.

2. Әдебиет пен өнерде – көркем әдебиет.

3. Бұқаралық ақпарат саласында – публицистикалық.

4. Күнделікті тұрмыстық қарым – қатынаста – сөйлеу тілі (ауызекі).

5. Ғылым саласына байланысты –(ғылыми стиль)

Мысал:

Біз мектепке келе жатырмыз. (ауызекі сөйлеу стилі)

Бүгінгі күнгі алға қойған мәселенің бірі - латын әліпбиіне көшу болып отыр. (публицистикалық стиль).

Ауа-райының өзгеруі атмосферада өтетін нақты құбылыстарға байланысты (ғылыми стиль).

Көрген жанның көзі сүйсінетін бұл баланың қаладан келгені кеше ғана. (көркем әдебиет стилі).

Сізден, қызым Әмірқызы Айжанды 2018 жылдың 12 сәуірі күні отбасы жағдайына байланысты сабақтан босатуыңызды сұраймын. білдіремін (ресми іс – қағаздар стилі).

Дескрипторлар:

  • Стиль түрлдерін ажырата алады;

/Оқушылар дескриптор бойынша жұппен өзара бағаланады/.

(Ұ,Т) «Мәтінмен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың оқылым дағдыларын дамыту. Стиль түрлерін ажырату.

Құрғақшылық

Бұған дейінгі жылдар да шаруа баққан адамға қолайлы болып тұрған жоқ еді. Ал биылғы жыл тіпті ерекше болды. Құрғақшылықтың нышаны өткен күзде-ақ сезілді. Күз жауын-шашынсыз өтті. Қыста қар аз түсті. Наурыз, сәуір айлары ғана шамалы ырымдады. Есесіне одан кейінгі үш ай: мамыр, маусым, шілде  ішінде облыс аумағында бір күн жауын болмай, анық құрғақшылыққа бағыт алды. Жалпы, мамандардың айтуына қарағанда, қазіргі құрғақшылық Қазақстанды тұтас қамтуда. Мұнда көктем мен жазда жауын-шашын болмағаны өз алдына, осынша уақыт ыстық тұрып алды. Ыстықтың беті қайтпай, шілде айына келіп кірді. Құрғақшылық пен ыстық аптап облыстың аумағын түгел қамтып, барлық аудандарды тегіс қаусырды. Ең жоғарғы температура барлық аудандарда сақталды. Ырғыз, Шалқар аудандарында — 43, Алға, Мұғалжарда  40-41 градусқа жетті. Қалған аудандарда  38-39-дан төмен болған жоқ. Топырақтың беткі қабаты барлық аудандарда дерлік бірдей 64-68 градусқа дейін қызды. Осыдан келіп ауыл шаруашылығында қиын жағдай қалыптасты. Егіс күйіп, табиғи шабындықтар қурап, сұйылды.

Әрбір топқа сұрақ беріледі. Оқушылар топпен ойласып, сұрақтарға жауап береді.

1 топ:

  • Мәтін не туралы?

- Мәтін қай стильде жазылған? Дәлелде.

- Құрғақшылық неліктен болды?

2 топ:

  • Мәтін не туралы?

- Мәтін қай стильде жазылған? Дәлелде.

- Құрғақшылық кезінде ауа-райы қандай болды?

3 топ:

  • Мәтін не туралы?

- Мәтін қай стильде жазылған? Дәлелде.

- Құрғақшылық қандай қиын жағдайға әкелді?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Дескриптор бойынша өзара бағаланады.Кері байланыс жасалады/.

Дескриптор:

  • Мәтін стильдік ерекшелігін анықтайды;
  • Құрғақшылықтың себебін анықтайды.

(Ө) «Ойлан тап»

Мақсаты: болымды және болымсыз етістіктерді ажыратуға дағдылану.

Тапсырма:

Мәтіннен 5 етістікті тауып, болымсыз етістікке айналдырып жаз.

_____________________________________________________________

Дескриптор:

  • Болымды етістікті анықтайды;
  • Болымсыз етістікті ажырата алады.

/Тапсырма орындалып болған соң, жұппен алмасып, өзара «+», «-» арқылы бағалайды, кері байланыс жасалады/.

Үлестірмелі парақтар, кестелер мен дескрипторлар,

Мәтін жазылған парақтар

Қима қағаздар

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.

Телефоннан СМС. Оқушылар бір адамға сабақта не үйренгендері туралы СМС-жазады.

«Жетістік жолында» өзін-өзі бағалау

СМС хабарлама

«Жетістік жолы»

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

топтық тапсырма оқушылардың қабілет-деңгейлеріне сәйкес орындалады.

Жұптық және топтық жұмыс арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.

Жұптық топтық жұмыстар арақылы өзара бағалау және өздік бағалау қолданылады.

Сабақ барысында оқушының денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуына мән беріледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу