Қазақ тілі_ Тірі табиғат_Тақырыбы Тірі ағзаларды зерттейміз_қысқа мерзімді жоспар


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім: Тірі табиғат

Күні:

Мектеп: Көкшетау қаласы, Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тірі ағзаларды зерттейміз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.6.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/теріп оқу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білу керек:

  • Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Берілген ақпаратты оқып, мазмұнын айтады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Ауыз әдебиеттің жанрын анықтайды.

Бағалау критерийлері

Оқыған мәтіннің жанрын анықтай алады.

 Сөздік қор

Тіршілік иелері,омарта, ұшады, ұйымшыл

Құндылықтарды дарыту

Еңбек пен шығармашылық;

 Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Өмір кезеңдері туралы анықтамалық мәтіндерін оқу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Өткенді бекіту.

Ойын: «Сиқырлы қорапша» Сұрақтарға жауап беру.

1. Шыбын Араға не деді?

2. Ара оған неге бірден келісе алмады?

3. Шыбындар араны қалай қарсы алды?

4. Шыбындар қандай деп ойлайсың?

5. Ара қандай деп ойлайсың?

6. Осы мысалдан өзіне қандай сабақ алдын?

Оқушылар үйде орындап келген тапсырмаларымен бір-бірімен алмасады.

Қорапша, сұрақтар жазылған қима қағаздар.

Сабақтың ортасы

ІҮ. Негізгі бөлім

Қызығушылығын ояту.

Жұмбақтарды шешу:

Қыс кезінде ұйықтап жатар,Жаз мезгілі думан ашар./Шыбын/.

Тыру-тыру тырналар,Тауға қарай жорғалар./Ара/.

Жұптық жұмыс: «Кім ақын?» тапсырмасы.

Келді араға ШыбынЖиып жатқан ..............,Шақырды Шыбын қонаққа.Ара келсе кешігіп,Жатып қапты .................Қонақты дұрыс күтпепті,Шыбынға ақыл .....................

-Бүгінгі сабақта не туралы айтамыз?

-Бүгінгі сабақта біз «Ара мен шыбын» деген мысалды оқимыз.

-Мысал дегеніміз не?

Мысал дегеніміз - шығарманың ішіндегі ең қысқа түрі. Көбіне, аң, хайуанат, жәндік туралы жазылады. Сол арқылы адам бойындағы мін, кемшілік мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады.Мысалда түйінді ой болады. Түйінді ой дегеніміз - ақынның айтар өсиеті.

Мысалды оқу.

Сұрақтарға жауап беру:

а) Шыбын Араға не деді?

ә) Ара оған неге бірден келісе алмады?

б) Қонақ күтуге Шыбындардың дайын еместігі жөнінде мәтінде не делінген?

в) Егер сен Араның орнында болсаң не істер едің?

г) Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?

(Т) оқушылар Көбелек пен шыбын және Ара мен шыбын мәтіндерін салыстыру.

Сипаттау.

Шыбын (қандай?)                                      Ара (қандай?)

Жалқау                                                        ұқыпты

Өтірікші                                                      ұйымшыл

Арамтамақ                                                  еңбекқор

Нас                                                              шыншыл

тұрақсыз                                                     пайдалы

Мәтінді рөлге бөліп оқу.

«Әңгіме кестесі» бойынша жұмыс Мысалдың аты : Авторы : Мысал не жайлы?

Кейіпкерлері : Оқиға орны : Оқиға қалай аяқталды? Не үйрендің?

Мәтін

Өлең жазылған қима қағаздары

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия:

  • Шыбын мен Араның әрекетіне баға бере отырып, мысалдан өзіңе не түйдіңдер?
  • Қандай мақал айтуға болады?

-Бүгінгі сабақта қандай ақпараттар білдік?

-Сен үшін қызықты не болды?

Оқушыларға үш түстері әр түрлі стикерлер беру. Оқушылар стикерлерге

1 стикерге-қандай жаңа ақпарат алғаны туралы;

2 стикерге-шыбын бен ара туралы не білгілері келеді туралы;

3 стикерге-не қызықты болды туралы ойларын

жазады.

Стикерлер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті оқушыларға өлеңдер шығаруға тапсырма беріледі.

Оқушылардың мәтіннің негізгі бөлімдерін анықтай алуын және

мәтіннің негізгі ойын анықтау арқылы түсінгенін көрсете алуын бағалау.

Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу