1. Қазақ тілі_3-сынып_6-бөлім_Атақты тұлғалар_№101 сабақ_ КМЖ


Пән: Қазақ тілі

Бөлімі: Атақты тұлғалар

Сабақ тақырыбы: Бақылау диктанты

101-сабақ.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

3.2.4.1.өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің қолдауымен негізгі ойды анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері мен анықтамалығы арқылы түзету

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

Оқушылардың көбі:

- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;

Оқушылардың кейбірі:

- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;

- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді.

Бағалау критерийлері

- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Күйші, өріс тілеп, зор қошемет, көне күйлер.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

1. Мәтін не туралы?

2. Мәтін неге «Айжан қыз» деп аталады?

Құндылықтар

Күйдің шығу тарихына қызығушылықтарын арттыру

Алдыңғы меңгерілген білім

Сын есім, етістік тақырыбынан игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

5 минут

Ұйымдастыру «Ашық микрофон» ойыны

Оқушылар бір-біріне өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды. Мысалы, сын дегеніміз не? сын есімнің түрлерін ата т.с.с.

Сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

Негізгі бөлім

5-10 минут

10-25 минут

25-30 минут

30-35 минут

(МК) Диктант жазуға қойылатын талаптар:

1. Мәтін жазбас бұрын оқушыларға оны ынта қойып тыңдау, мазмұны бойынша жазу ауыр тиетін сөздерді қадағалап отыру керек.

2. Оқылған сөз және сөйлемнің мән-мағынасын түсініп, іштей қайталап қалай жазылатынын еске түсіріп барып жазу.

3. Диктант жазу үстінде қасындағы жолдасының дәптеріне қарауға болмайды.

3.2.4.1. (Ө; МК; Ұ) Мұғалімнің диктантты алғашқы рет оқуы.

«Айжан қыз»

 Бірде Құрманғазы мен Дәулеткерей екеуі күйші қыз Айжан аулына келеді. Халық оның өнеріне өріс тілеп, өзін қадірлейтін.

 Айжан қыз қонақтарына зор қошемет көрсетті. Ол алғашында халық арасына ең тараған көне күйлерді тартады. Соңынан өз туындыларын да төгілдірді.

 Міне, осы кезде күйші қыздың өнеріне сүйсініп, риза болған Құрманғазы күй шығарады.

 Дәулеткерей бұл күйді «Айжан қыз» деп атады.

Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:

1. Мәтін не туралы?

2. Мәтін неге «Айжан қыз» деп аталады?

Таныс емес жазылуы қиын сөздер: өріс тілеп, зор қошемет, көне күйлер.

Сөздік жұмыс:

Өріс тілеп – кеңейгенін тілеп;

Зор қошемет – құрмет көрсету, риза болу;

Көне күйлер – ерте заманнан келе жатқан күйлер.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Мойнымызды бұрайық.

Қолымызды көтеріп,

Алақанды созайық.

3.3.5.1 (Ө; МК; Ұ) Мұғалім диктантты тағы бір қайтара оқиды.

Мұғалім мәтінді ең баяу жазатын оқушының үлгеріп жазу жылдамдығын сақтап оқиды.

Диктант жазылып болған соң мұғалім тағы бір рет қайталап оқып шығады. Оқушылар жазғандарын тексеріп, қалып қойған сөз болса, әріп болса толықтырады.

Тапсырма:

1. Мәтіннің негізгі ойына келетін тұжырымды анықта:

А) Әр нәрсенің өзінің уақыты бар.

Ә) Күйдің шығу тарихы.

Б) Күйші қыз.

2. Мәтіннің негізгі ойына сәйкес болатын мақал-мәтілді анықта:

А) Өнерлі өрге жүзеді

Ә) Кітап алтын қазына

Б) Ана тілін алпыс тілге татиды.

3. Қайтты? Не істеді? Не қылды? сұрақтарының біреуін қолданып, мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастыр және жауап бер.

Бағалау кестесі

Дескрипторлар

Балл

1

Орфографиялық нормаларды сақтайды (2 қатеден артық емес)

1/

2

Пунктуациялық нормаларды сақтайды (1 қатеден артық емес немесе 1-2 түзетуі бар)

1/

3

Мәтіннің негізгі ойын дұрыс анықтайды

1

4

Мәтіннің негізгі ойына сәйкес мақал-мәтелді анықтай алады

1/

5

Мәтіннің мазмұнына сәйкес сұрақ құрастырып, жауап береді

1/

Барлығы

5/

Қорытынды бөлім

35-40 минут

5 минут

Рефлексия

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтай аламын

Мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзете аламын

Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік

  • Тапсырма көлемі бойынша саралау;
  • Деңгейлік тапсырмаларды орындату;
  • Бақылау негізінде қолдауды қажет ететін оқушыларды белгілеу
  • Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін оқылым тапсырмалары негізінде ұйымдастыру
  • Топтық, жұптық жұмыс барысында берілген мәтін, өлеңмазмұны бойынша тұжырым жасай алуы, сыпайы жауап бере білуге бағалау

Топта бірі-бірі тыңдау, сыйлау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс.

1:

2:

Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу