1. Қазақ тілі_3-сынып_6-бөлім_Атақты тұлғалар_ №85 сабақ_ КМЖ
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Атақты тұлғалар Сабақ тақырыбы: 85-сабақ. | Мектеп: | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау. | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжай алады; - мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтай алады; - сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды етістікті анықтай алады. | |||||||||||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология мен тірек сөздер Құрманғазы, Дина, композитор, күйші, домбыра, тұтқын, күйлердің тарихы. Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: - Құрманғазының қандай күйлері бар? - Егер, Сіз күй шығарсаңыз мазмұны не туралы болар еді? - Қазіргі кездегі күйшілерді ата. | |||||||||||||||||
Құндылықтар | Құрманғазының шығармашылығын бағалай білуге баулу | |||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Етістік тақырыбынан игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі. | |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-5 минут 5 минут | Ұйымдастыру Салыстыру Венн диаграммасын толтыру Сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру | Қосымша №1 | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Негізгі бөлім 5-10 минут 10-25 минут 25-30 минут 30-35 минут | (Ұ; Қ) «Блумның сұрақ қою өлшемі» стратегиясы • Күй деген не? • Күйде не туралы айталады? • Күйлер осы заманға дейін қалай сақталған? • Күйді шығарған кімдер? • Қандай күйшілерді білесіңдер? 3.4.2.4 (Ө; Ж; Қ) 45-беттегі 7-тапсырма. Керекті сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап бер. Етістіктерді тап, оларды дара немесе күрделі екенін айт. 3.4.2.4 (Ө; Ұ) 45-беттегі 8- тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Сергіту сәті Шаршаса қолымыз, Оңымыз, солымыз. Былай - былай ойнаймыз, Күш жігерді жинаймыз. 3.1.2.1 (Ж; Ұ; Қ) 46-беттегі 10-тапсырма. Суретке қарап, мәтіннің тақырыбын болжа. Мәтінге ат қой. Келесі беттегі жоспарды толықтыр. Жоспар бойынша мәтінді мазмұнда. Мәтіннен етістіктерді тауып, олардың дара және күрделі түрін ажырат. 3.2.4.1 (Т; Ұ; Қ) Жұмыс «Граффити» стратегиясы бойынша ұйымдастырылады. Әр топ оқыған мәтіндері бойынша флипчарттарға сурет салып өз ойларын жазады. Жасалған жұмыстар сыныптың керегелеріне ілінеді. Содан соң басқа топтағы оқушылар флипчарттардың жанына барып жұмыстармен танысады. Топтар жұмыстарын өзара бағалайды: - салынған сурет оқыған мәтіннің мазмұның ашу керек; - мәтінге қойылған ат мазмұнына сай болуы. 1-топ Қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі «Аман бол, шешем, аман бол» күйі. Күйшінің анасы Алқаға арналған бұл шығарманың тарихы мынадай. «Бірде түрмеге айдалып бара жатқан Құрманғазы анасын көріп, көзіне жас алды. Мұны көрген анасы Алқа: «Мен ұл таптым деп жүрсем, жасық неме екен ғой туғаным. Кімнің алдында көзіңнің жасын төгіп тұрсың. Егер мына солдаттардың алдында жасыңды көрсетсең, менің күнім қандай болмақ. Неге соны ойламайсың? Көтер басынды!»-деп жағынан шапалақпен тартып жіберді. Негізі Құрманғазының анасы өте қайратты, күшті, ер мінезді, намысты бірінші орынға қоятын қатал мінезді әйел болған екен. Сонда ғана Құрманғазы есін жиып алып, «Әй, қайран, менің шешемдей адам бұл дүниеде жоқ шығар: Маған қайрат, жігер беретін де, өмірде қайыспай күресерде қуат беретін де осы анамның тілегі емес пе?» - деп сол жерде шешесіне жігермен қарап, қоштасып, «Қайран шешем» деп күй шығарған екен. Екі күй екі түрлі болғанмен, мұңы, тақырыбы, саздылығы ұқсас. Сөздік жұмысы: көзіне жас алды, көзіңнің жасын төгіп – жылап; жасық неме – әлсіз; жігер – күш. 2-топ «Құрманғазы Орал түрмесінде жатып қалады. Бір күні қысқы серуен кезінде Лавочкин деген орыс тұтқынымен танысады. Ол «ақ патшаға тіл тигізгені үшін» қамалған орыс жұмыскері болып шығады. Өзі қазақ арасында көп болып, қазақша судай білетін болады. Бірде, түрме қарақшыларының бірі Лавочкинге оның шешесі келгенін хабарлайды. Ол түрме бастықтары рұқсат еткен бөлмеге барып, шешесімен көріседі. Шешесі пісіріп алып келген тамақтарын надзирательдің көзінше баласына береді. Бір нанның ішінде болат ара барын ыммен білдіреді. Шешесі қоштасып кеткесін, Лавочкин тамақтарды камераға алып келіп, болған жайды Құрманғазыға баяндайды. Екеуі қашу жоспарын жасап, ол ойларын өздеріне іш тартып жүрген надзирательге білдіреді. Ол бұларға жәрдемдесуге уәде береді». Құрманғазы Сағырбайұлы Лавочкиннің анасына арнап, «Лаушкен» күйін шығарған. Сөздік жұмысы: қарақшы – түрме қызметкері; надзиратель – түрмедегі бақылаушы. 3-топ Күндерден күн өткенде Құрманғазы амалдың жоқтығын біліп, қалайда түрмеден қашуды ойлайды. Айсыз қараңғы бір түнде жұмыстан қайтып келе жатып, аяғы ауырып, тіпті жүргізбеген болып Құрманғазы тұтқындар тобынан кейін қала береді. Қапысын тауып, конвойдың біреуін қағып түсіріп, қаша жөнеледі. Қараңғыда күйшінің ізін жоғалтып алған конвойлар түрмеге қайтады. Оның алдында күндіз жұмыс үстінде Құрманғазы баяғы Лавочкиннің шешесі берген болат араны ұлтарағының астынан суырып, кісеннің бір жағын кесіп жай орнына байлап қойған болатын. Қашарда бір жағын қолына алып адымдай жөнеледі. Қаладан алысырақ бір сарайға барып, кісеннің екінші басын да кесіп, сол араға лақтырып тастайды. Ол күні қалың шөптің арасынан ешқайда шықпайды. Кеш бата Құрманғазы Жайықтың бойын төмен қуа жүре береді. Таң ата бір ауыл шетіндегі малшының үйіне келіп, өзінің мән-жайын айтады. Ол үйдің иелері Құрманғазыны тамақтандырып, басқалардың көздерінен тасалап, тыным алдырады. Жарасына сормақта тартып, жақсылап байлап береді. Кішкене тыныққасын, Құрманғазы домбыра алдырып, бірнеше күй тартады. Ең соңғы күйінде қайғының үні шығады. Айналадағыларға Құрманғазы бұл күйдің атын «Кісен ашқан» екенін айтады. Сөздік жұмысы: қапысын тауып – ыңғайлы сәтте; конвой – тұтқындарды күзетуші; сормақта – суға матырылған түйенің жүні. 4-топ «Қыз Данайдың қырғыны» – Құрманғазының күйі. 1850 жылы Құрманғазы Жем өзенінің бойындағы Төремұрат, Өтен, Нарымбай ағаларымен барып қыз Данайды алып қайтады. Қыз соңынан шапқан қуғыншыларды Құрманғазы отауға жібермей келгенін қағып түсіріп, қорғап тұрады. Оның бұл батырлығына нағашылары риза болып, сый – құрмет жасайды. Шабыты шалқыған күйші осы қуанышқа арнап «Қыз Данайдың қырғыны» күйін шығарады. Құрманғазы күй арқылы ат тұяғының дүбірін, қиян-кескі ұрысты суреттейді. Арасында қыз Данайдың сұлулығын, сыңғырлаған күлкісін сазды дауыстармен бейнелей білген. Бұл күйдің шығуына байланысты Төремұрат ел жиып, мал сойып үлкен той жасайды. Сөздік жұмысы: ұрыс – соғыс; отау – үй. Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар: - Құрманғазының қандай күйлері бар? - Егер, Сіз күй шығарсаңыз мазмұны не туралы болар еді? - Қазіргі кездегі күйшілерді ата. | Оқулық. Ә.Е: Жұмабаева,... Қосымша № 2 Қосымша № 3 Қосымша № 4 Қосымша № 5 | ||||||||||||||||
Қорытынды бөлім 35-40 минут 5 минут | Рефлексия Бағалау критерийлері
Үйге тапсырма 45-беттегі 9-тапсырма. | |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||
Саралау | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік | ||||||||||||||||
|
| Топта бірі-бірі тыңдау, сыйлау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | ||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс. 1: 2: Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?