1. Қазақ тілі_3-сынып_6-бөлім_Атақты тұлғалар_ №84 сабақ_ КМЖ
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Атақты тұлғалар Сабақ тақырыбы: 84-сабақ. Етістік | Мектеп: | ||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау. | ||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді; - жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжай алады; - кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жаза алады; - сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды етістікті анықтай алады. | ||||||||||||||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология мен тірек сөздер Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісқызы, композитор, күйші, домбыра. Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар:
| ||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Қазақтың ұлы композиторларының шығармаларына деген қызығушылықтарын баулу | ||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Етістік тақырыбынан игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі. | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-5 минут 5 минут | Ұйымдастыру Сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру | Қосымша №1 | |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Негізгі бөлім 5-10 минут 10-25 минут 25-30 минут 30-35 минут | (Ұ; Қ) «Кім тапқыр?» ойыны. Қандай музыкалық аспапта күй орындалып жатқанын табу. Күйші кім екенін айту. https://www.youtube.com/watch?v=kiuca0BTFsU 3.1.2.1 (Ө; Ж; Т; Қ) 43-беттегі 4-тапсырма. Сөзжұмбақты шеш. Сөзжұмбақтың шешуіндегі сөз бойынша тыңдайтын мәтіннің не туралы екенін болжа. Мәтінді тыңда. Мәтінде кім туралы айтылған? Дина туралы не білетініңді айт. Мәтіндегі мақалды көркем жазып, етістіктің астын сыз. Мәтінге сүйеніп, өнер адамы қандай болу керектігі туралы нұсқаулық жаз. 3.4.2.4 (Ө; Ұ) 44-беттегі 5- тапсырма. Шығармашылық тапсырма. Дөңгелекшелердің ішіндегі әріптер реті бойынша мақалды оқы. Етістікті тап. Оның қай сөзбен байланысып тұрғанын айт. 3.4.2.4 (Ө; Ұ) 45-беттегі 6-тапсырма. Күрделі етістіктерді теріп жаз. Неліктен күрделі етістік екенін дәлелде. Осы етістіктермен төрт сөйлем құрап жаз. Сергіту сәті Оңға, солға бұрылдық, Алға, артқа иілдік. Тіземізді бүктіріп, Қолды создық тік тұрып. 3.1.1.1 (Т; Қ) Жұмыс «Бөліскім келеді» әдісі бойынша ұйымдастырылады. Жүзеге асыру қадамдары:
Өзара бағалау парағы
1-мәтін Құрманғазы Сағырбайұлы – күйші, композитор.Құрманғазы Сағырбайұлы туып - өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Батыс Қазақстанда 1818 жылы дүниеге келген. Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жерге жерленді.Алғашқы ұстазы Ұзақ күйші. Күйлері: «Ақсақ құлан», «Адай», «Қайран шешем» т. б. күйлері бар.Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болды. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алып, есейген шағында домбырашылық, күйшілік шеберлігін танытты. 2-мәтін ХІХ ғасырдың аса көрнекті композиторы, күй атасы. Құрманғазы Сағырбайұлы – теңдесі жоқ ұлы күйші. Ол – заманындағы қоғамдық - әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық – зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам. Ол 71 жасында қайтыс болады.«Атақты күйші Динаға «Қайран шешем» күйін үйретіп отыр еді. Сырттан аттың дүбірі естілді. Құрманғазыны тұтқынға алып, ол домбырасын Динаның қолына ұстатады. «Мұрамды саған тапсырамын, халқыма жеткіз», - дейді». 3-мәтін Дина Нұрпейісова (1861-1955ж.)Туып өскен жері Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Қайтыс болған жері Алматы қаласы. Қазақстанның халық әртісі. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында жеңіске жетті. Одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады. 4-мәтін Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды. Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:
| Оқулық. Ә.Е: Жұмабаева,... Қосымша № 2 Қосымша № 3 Қосымша № 4 Қосымша № 5 Қосымша № 6 | |||||||||||||||||||
Қорытынды бөлім 35-40 минут 5 минут | Рефлексия Бағалау критерийлері
Үйге тапсырма «Домбыра» сөзіне бес жолды өлең құра. | ||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||
Саралау | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік | |||||||||||||||||||
|
| Топта бірі-бірі тыңдау, сыйлау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | |||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс. 1: 2: Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?