1.Қазақ тілі_3-сынып_5-бөлім_Өнер_75-сабақ_Негізгі және туынды зат есім_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Қазақ тілі Бөлім:Өнер Сабақ тақырыбы 75-сабақ. Негізгі және туынды зат есім | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:Каирова К. У | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 3 «А» | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау. 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету; | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды; - мұғалімнің көмегімен фотосуреттер пайдаланып, мәтін құрайды; - негізгі, туынды зат есімді анықтайды; - жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен табады, түзетеді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология және тірек сөздер Зат есім, сөз таптары, негізгі, туынды зат есімдер Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өнер түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру ; Оқушыларды өнерді бағалай білуге, өнер иелерін,туындыларын қастерлей білуге тәрбиелеу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Зат есім. Қандай сұрақ қойылатыны, зат есімнің жалқы есім және жалпы есім болып бөлінетіні, олардың емлесі, зат есімнің жекеше, көпше түрлері туралы біледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. (Ұ, Ж, қ) «Тақырыптық теннис» әдісі Оқушылар өтілген тақырыпқа сай бір сөзден айтып, әр топ сол сөздің мағынасын ашып отырады. Мысалы:(зат есім туралы білімдерін бірінен соң бірі кезектесе ортаға салады.) | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 2 минут 4 минут 5 минут 4 минут 3 минут 4 минут 5 минут 5 минут | ІІ. Негізгі бөлім Көркем жазу. Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету. Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып жазады. Мысалы: Жж Жж жжж жарқын жайдары жанашыр жайсаң 3.3.5.1 (МК; Ө) Мәтінді тыңда. 35-жаттығу. Өнерлі бала.
Оқушылар топта мәтінді түсініп оқиды. Мәтін кейіпкерлерінің әрекеттеріне пікірін айтады. Төменде берілген ақпараттардың дұрыс бұрыстығын анықтайды. Мәтінге қатысты берілген бес сөздің қайсысының артық, не себепті артық екенін өзара топта ақылдаса отырып, дәлелдейді. Содан соң сынып алдында жария етеді. Бағалау дескрипторы:
3.1.4.1 (ТЖ) 36-жаттығу Белгілі суретші Ағымсалы Дүзелхановтың «Аңшылық» атты суретіне зер сал.
Жинақталған топ суретке зер сала қарайды. Өз сезімдерін білдіреді. Сурет мазмұны бойынша шағын мәтін құрастырады. Құрастырған мәтіндерін ортаға салып, идея алмасады. Шағын мәтінді дәптерлеріне қатесіз көшіріп жазып алады. Бағалау дескрипторы:
3.1.4.1(ТЖ) 38-жаттығу Сызбадағы тірек сөздер мен суретті пайдаланып, мәтін құрап айт. Оқушылар топқа біріктіріліп, тірек сөздер мен суретті пайдалана отырып ауызша шағын мәтін құрастырады. Бағалау дескрипторы:
Сергіту сәті. Ой сергек! 3.3.5.1 (ЖЖ) 39-жаттығу Шығармашылық үзіліс. «Пирамидадағы» цифрларды нақыл сөз шығатындай ретпен орналастыр.
Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Жұптар бір-біріне нақыл сөздің мағынасын ашып, өнердің адам өмірі үшін маңыздылығын айтады; Бағалау дескрипторы:
3.4.2.4 (Ө; Ж, Ж) «Ойлан», «Жұптас», «Ақылдас» әдісі Оқушылар топта ойланып, жұптаса отырып, ақылдасып шешім қабылдайды. Негізгі зат есімдер мен туынды зат есімдердің құрылу ерекшеліктеріне мән береді. Шешімдерін көпшілікке жария етеді. Бағалау дескрипторы:
3.4.2.4 (Ө; Ж, Ж) Саралау. Тест 1. Негізгі түбірден болған зат есімді ... дейміз. а) туынды зат есім ә)дара зат есім б)негізгі зат есім 2. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді ... дейміз. а) негізгі зат есім б) туынды зат есім ә)дара зат есім 3. Мақал ішінен туынды зат есімді белгіле. Талант қартаймайды, Білім ортаймайды. а) талант б) қартаймайды ә) білім 4. Негізгі зат есімді белгіле. а) талапты б) өнер ә) ұйқышыл 5.Туынды зат есімді белгіле. а) жүзу б) өшіргіш ә) білдім 6. Түбір сөздерді белгіле а) өзен б)көлшік ә)құлыншақ Бағалау дескрипторы:
| №3 Дәптермен жұмыс 4-слайд «Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж. №3 Дәптермен жұмыс №3 Дәптермен жұмыс 5-слайд №3 Дәптермен жұмыс | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия
Үй тапсырмасы Туынды зат есімдер жасайтын жұрнақтар құрастырып жазу. | 7-слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру. Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі. | Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?