1.Қазақ тілі_3-сынып_5-бөлім_Өнер_71-сабақ_Негізгі және туынды зат есім_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі

Бөлім:Өнер

Сабақ тақырыбы

71-сабақ. Негізгі және туынды зат есім

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:Каирова К. У

Күні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, жауап береді;
  • сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды зат есімдерді анықтайды;
  • стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен таба алады, түзетеді;

Оқушылардың көбі:

  • пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды мәтіннің мазмұны бойынша құрастырады, оларға жауап береді;
  • негізгі және туынды зат есімдерді ажыратады;
  • жіберілген стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету жолдарын қарастырады.

Оқушылардың кейбірі:

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге

бағытталған сұрақтарды өз бетінше құрастырады,

нақты тұжырыммен жауап береді;

  • туынды зат есімдер жасай алады;
  • жіберілген стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетіп, шапшаң жазады;

Бағалау критерийлері

мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды құрастыра алады, жауап береді;

негізгі, туынды зат есімді анықтайды;

жіберілген стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен табады, түзетеді.

Сөздік қор

Пәндік терминология және тірек сөздер:

Зат есім, сөз таптары, сөз құрамы, түбір, қосымша, жұрнақ, негізгі, туынды зат есімдер

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Өнердің киелілігі адамды қандай сезімге бөлейді?
  • Негізгі, туынды зат есімдердің айырмашылықтары қандай?(саралау сұрағы)

Құндылықтарды дарыту

Өнер түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру ;

Оқушыларды өнерді бағалай  білуге, өнер иелерін,туындыларын қастерлей білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

Алдыңғы меңгерілген білім

Зат есім. Қандай сұрақ қойылатыны, зат есімнің жалқы есім және жалпы есім болып бөлінетіні, олардың емлесі, зат есімнің жекеше, көпше түрлері туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

5 минут

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал. Оқушылар кішкене қағаз жүрекшелерге тілектерін жазып бір-біріне ұсынады.

(Ұ, Ж, қ) «Топтастыру» әдісі бойынша зат есім, оған қандай сұрақ қойылатыны, зат есімнің түрлері, олардың емлесі туралы өтілген тақырыпты қайталау жұмысы жүргізіледі. Оқушылар дөңгелене тұрып, зат есім туралы білімдерін бірінен соң бірі кезектесе ортаға салады.

3.4.2.4 Оқушыларды топқа бөлу. Барлық оқушыларға суреттер немесе (күйші, әнші, қобызшы) қима қағаздар үлестіріліп беріледі. Суреттер немесе қима қағаздар бойынша топқа бөлінеді.

күйші әнші қобызшы

Әр топ өз суреттеріне байланысты топтарын қысқаша таныстырады.

1-топ: Құрманғазы Сағырбайұлы — қазақтың ұлы күйші-композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алды. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Назым», «Балқаймақ», сияқты күйлері бар.

2-топ: Роза Рымбаева- әнші, профессорактрисаҚазақстанның халық әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері. Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды.

3-топ: Молықбай Байсақұлы – қобызшыбақсы, жыр дүлдүлі. Өнерпаздық, емшілік қасиеттері әкесінен дарыған.  Халқына киелі қара қобызы және шипагерлік қасиеті арқылы қамқор болғандықтан «қобызшы Молықбай» деп атанған.

«Ой бөліс» әдісі бойынша әр топ сөздерді сызба негізінде сөз құрамына талдайды.

түбір + жұрнақ = туынды сөз

Түбір сөздердің қай сөз табынан жасалғанын анықтайды. Қорытынды жасайды. Әнші, қобызшы, күйші сөздерін сөз құрамына талдай отырып, қорытынды жасайды.

қобыз-қобызшы қобыз- түбір, - шы -жұрнақ

ән-әнші ән- түбір, - ші -жұрнақ

күй-күйші күй- түбір, - ші -жұрнақ

Оқушыларға негізгі, туынды зат есім туралы түсінік беріледі.

Зат есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.

Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейді:ана, бала, кесте, көз.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейді:іскер, суретші, оқулық.

Бағалау дескрипторы:

- негізгі, туынды зат есімді ажыратады;

- олардың жасалу жолдарын біледі.

қағаз жүрекше

лер

4-слайд

Суреттер

5-слайд

Сабақтың ортасы

3 минут

5 минут

2 минут

2 минут

2 минут

3 минут

4 минут

4 минут

ІІ. Негізгі бөлім

3.4.2.4 (МК, Ө) Көркем жазу.

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.

Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып сөйлем жазады.

Мысалы: Дд ддд Дд

Достық - алтыннан да қымбат. (мақал)

Оқушыларға қарамен жазылған сөзді сөз құрамына талдау ұсынылады. Дос - түбір, тық - жұрнақ.

Оқушылар қандай зат есім екенін, оның қалай жасалғанын анықтайды.

Бағалау дескрипторы:

-сөз құрамына талдайды;

-негізгі, туынды зат есімді анықтайды;

3.2.3.1 (ТЖ; Ө) Мәтінді тыңдау.

21-жаттығу. Оқушыларға «Ананың асыл арманы» мәтіні тыңдатылады.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қойып, жауап бер.

Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды жалғастырып көр:

  • Әйел барлық ақшасына әдемі суретті сатып алу себебі неде деп ойлайсың?
  • Ұл балалар анасының үш жыл бойы кестелеген орамалына неге аң-таң болды?
  • Өнердің киелілігі адамды қандай сезімге бөлейді?

«Сиқырлы қобдиша» әдісі арқылы алдымен бірінші топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, сұрақтарды жазып, сандықшаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Екінші топ сұраққа жауап береді. Ары қарай, екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, бағыт беріп тұрады.

«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.

Түсіндірме сөздікпен жұмыс

көгал-газон– біркелкі, тегіс жерге өсірілген, шөбі қысқа, көп жылдық өсімдіктер алаңы. 

шебер- өнері дамыған, іскер адам.

кестеленген- мата бетіне жіппен тігіп түрлі өрнек салу.

3.4.2.4 Сөздерді салыстырып оқы.

Өнер - өнерпаз

Сурет - суретші

Шебер - шеберлік

Сый - сыйлық

  • Олардың әрқайсысына сұрақ қой, айырмашылығын байқа.
  • Туынды зат есімді сөз құрамына талда.

Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Жұпта талқылаған соң топ болып кеңеседі. Ойларын ортаға салады.

Бағалау дескрипторы

  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге сұрақ құрастырады;
  • сұрақтарға өзіндік пікірін білдіріп, жауап береді;
  • негізгі, туынды зат есімді анықтайды;

Сергіту сәті. Дене қимыл жаттығулары жасалады.

3.4.2.4, 3.3.5.1 (Ө, Т, Ж, қ) 22-жаттығу Мақалдың қатесін түзеп, көшіріп жаз.

  • «Өлеңшінің қолы алтын,

Өнерлінің сөзі алтын».

Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылар топқа бөлініп, мақалдың қатесін түзеп, мағынасын ашады. Туынды зат есімдерді тауып, сөз құрамына талдайды.

Бағалау дескрипторы:

  • мақалдың қатесін түзейді;
  • туынды зат есімдерді табады;
  • сөз құрамына талдайды;
  • мақалды қатесіз, сауатты жазады.

3.4.2.4 (ҰЖ) Семантикалық картамен жұмыс

( «+», «-» таңбаларын қою арқылы орындалады)

  • Сәйкес сөздерді белгіле. 

Сөздер

Негізгі

зат есім

Туынды зат есім

ойыншық

дәрігер

әділдік

білім

ақыл

оқушы

тілші

жұмысшы

Оқушылар тапсырманы өзара топта ақылдаса отырып, шешеді. Неліктен негізгі, туынды зат есім екенін дәлелдеп, сол сөздермен сөйлем құрап айтады.

Бағалау дескрипторы:

  • сөздерді сөз құрамына талдап, негізгі, туынды зат есімді анықтайды;
  • туынды зат есімнің жасалу жолын түсіндіреді.

(Ө; Ж, Ж) Саралау. Шығармашылық үзіліс.

  • Түбірге тиісті жұрнақтарды жалғап, туынды зат есім жаса.
  • Туынды зат есімдермен сөйлем құрап жаз.

Кітап, егін, мал, таза, шебер, сый, дос, орын, саз.

- лық, - лік, - хана, - шы, - ші,-дық, -тық, - гер,

Бағалау дескрипторы:

  • тиісті жұрнақтарды жалғап, туынды зат есімдер жасайды; туынды зат есімдермен сөйлем құрайды;
  • құраған сөйлемдерін қатесіз жазады.

№3 Дәптермен жұмыс

6-слайд

«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж.

7-слайд

8-слайд

9-слайд

Оқулық

№3 Дәптермен жұмыс

10-слайд

11-слайд

12-слайд

№1жұмыс парағы

13-слайд

14-слайд

№2 жұмыс парағы

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия: «Мұғалімге хат» әдісі арқылы түсінбеген сұрақтарын жазып, почта жәшігіне салады.

Үй тапсырмасы

Негізгі, туынды зат есімдерге 10 мысал жазу.

15-слайд

16-слайд

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу