1.Қазақ тілі_3-сынып_5-бөлім_Өнер_72-сабақ_Негізгі және туынды зат есім_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Қазақ тілі Бөлім: Өнер Сабақ тақырыбы 72-сабақ. Негізгі және туынды зат есім | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:Каирова К. У | ||||||||||||||||||
Күні: | |||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салы стырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу; 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету; | ||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін) жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады; - негізгі және туынды зат есімді анықтайды; - жіберілген орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен табады, түзетеді. | ||||||||||||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология және тірек сөздер Зат есім, сөз таптары, негізгі, туынды зат есімдер Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар:
| ||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өнер түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру ; Оқушыларды өнерді бағалай білуге, өнер иелерін, туындыларын қастерлей білуге тәрбиелеу. | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану, музыка | ||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Туынды сөз, түбір, жұрнақ. Негізгі, туынды зат есімдерді ажырата алады. | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||
Сабақтың басы 4 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. (Ұ, Ж, қ) «Былғары қолғап» әдісі Мұғалім оқушыларды үштен топтастырады. Олардың екеуі ойыншы, біреуі төреші. Мұғалім нұсқауымен берілген тақырып бойынша сұрақ-жауап сағаты ұйымдастырылады. Мысалы:
Осылайша сұрақ-жауап сағаты қарсыласы тоқтап қалғанша жалғаса береді. Төреші есеп жүргізіп отырады. Рөлдермен ауысып жүргізуге болады. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылып, бағалау критерийлері айтылады. | ||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3 минут 6 минут 2 минут 4 минут 2 минут 4 минут 6 минут 6 минут | ІІ. Негізгі бөлім 3.4.2.4 (МК, Ө) Көркем жазу. Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету. Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып, сөйлем жазады. Мысалы: Тт Ттт Тттт теңге төзім табандылық тиянақтылық Төзімділік- адамгершілік асыл қасиеттердің бірі. Оқушыларға қарамен жазылған сөзді сөз құрамына талдау ұсынылады. Бағалау дескрипторы:
3.2.6.1 (МК; Ө) Мәтіндерді салыстыру 24-жаттығу. Мәтіндерді оқып, олардың қайсысы көркем мәтін, қайсысы ғылыми-танымдық мәтін екенін анықта. Оқушылар топқа біріктіріледі. Тапсырманы өзара топта талдап болған соң қорғайды. Екі мәтіннің ортақ тақырыбы не екенін анықтайды. Зергер, зергерлік сөздеріне сұрақ қойып, зат есімнің қай түріне жататындықтарын айтады. Венн диаграммасы арқылы мәтіндердің айырмашылықтарын көрсетеді. Көркем мәтін Ғылыми-танымдық мәтін Сөздік жұмыс: Зергер- алуан түрлі сәндік бұйымдар мен әшекей заттарды айшықтап жасаушы адам. Зергерлік- сәндік безендіру бұйымдары. Бағалау дескрипторы:
25-жаттығу.3.3.5.1, 3.4.2.4 (Ө; Қ) 25-жаттығу. Мәтіннің қатесін түзеп жаз. Зат есімдерді тауып, олардың қайсысы негізгі және туынды екенін ажырат. Оқушылар топта ақылдасып, шешім шығарады. Мәтіндегі қате жазылған сөздерді түзеп жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі. Зат есімдерді табады. Сөз құрамына қарай зат есімнің түрлерін ажыратады. Мысалы, Зергердер - зергерлер Сақыйна – сақина
Бағалау дескрипторы:
Сергіту сәті. Дене қимыл жаттығулары жасалады. 3.3.5.1 (Ө; Қ) 26-жаттығу. Жасырынған мақалды тауып оқы. Мақалды жаз және ондағы зат есімдерге жұрнақтар жалғау арқылы туынды зат есім жаса. Оқушылар өрнектерге және олардың түсіне қарай жасырынған әріптерді қойып, мақалды оқиды. (Өнер алды – қызыл тіл). Мақалдың мағынасына талдау жасайды. Бағалау дескрипторы:
жұрнақтар жалғау арқылы туынды зат есім жасайды. «Суреттер сөйлейді» ойыны3.4.2.4 (ЖЖ) «Суреттер сөйлейді» ойыны. Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Екеуара ақылдаса отырып, ортақ шешім қабылдайды. Суреттердің атауын атап, сөз құрамына талдайды.
Суреттер сөйлейді
Сурет атаулары: (әнші, сызғыш, дәрігер, кітапхана, дүкенші, балықшы, ғарышкер, оқушы) Негізгі зат есімдер: балық, ән Туынды зат есімдер: сызғыш, дәрігер, кітапхана, дүкенші, ғарышкер, балықшы, оқушы, әнші Бағалау дескрипторы:
3.4.2.4, 3.3.5.1 (ТЖ) Шығармашылық үзіліс. Саралау тапсырмасы. «Сиқырлы қалпақ» әдісі.
Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Жұпта талқылаған соң топ болып кеңеседі. Туынды зат есімдерді қатыстырып, сөйлем құрастырады. Ойларын ортаға салады. Сөйлемдерді қатесіз дәптерге көшіріп жазады. Бағалау дескрипторы:
| №3 Дәптермен жұмыс 4-слайд 5-слайд «Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж. 6-слайд 7-слайд №3 Дәптермен жұмыс 8-слайд суреттер 9-слайд 10-слайд қалпақ суреті №3 Дәптермен жұмыс | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия:
Үй тапсырмасы 27-жаттығу | 11-слайд | |||||||||||||||||
Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру. Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі. | Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?