1.Қазақ тілі_3-сынып_5-бөлім_Өнер_74-сабақ_Негізгі және туынды зат есім_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Қазақ тілі Бөлім:Өнер Сабақ тақырыбы № 74-сабақ. Негізгі және туынды зат есім | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Каирова К.У | |||||||||||
Күні: | ||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету; | |||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||
Бағалау критерийлері | - мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды құрастыра алады, жауап береді; - негізгі, туынды зат есімді анықтайды; - жіберілген орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен табады, түзетеді. | |||||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология және тірек сөздер Зат есім, түбір, жұрнақ, жалғау, сөз құрамы, негізгі, туынды зат есімдер Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар:
| |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өнер түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру ; Оқушыларды өнерді бағалай білуге, өнер иелерін,туындыларын қастерлей білуге тәрбиелеу. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сөз құрамы. Негізгі және туынды зат есім туралы игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 4-минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. (Ұ, Ж, қ) «Қарама-қарсы сұрақтар» әдісі. Оқушылар екі сапқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады, екі минут ішінде олар қарсы тұрған оқушыға сұрақ қойып, жауап алады. Бір-біріне өткен тақырыпқа байланысты сұрақтарын қояды. Берілген уақыт аяқталған соң, мұғалім бір саптың оң жаққа, ал екінші саптың сол жаққа бір қадам жылжуын сұрайды. Оқушылардың жұптары өзгеріп, олар басқаларға сұрақ қояды. Осылайша оқушылар бір-бірімен сұрақ алмасып болғанша жылжи беруге болады. Ықтимал сұрақтар:
Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу. | |||||||||||
Сабақтың ортасы 3 минут 5 минут 2 минут 2 минут 4 минут 4 минут 3 минут 5 минут 5 минут | ІІ. Негізгі бөлім 3.4.2.4, 3.3.5.1 (МК, Ө) Көркем жазу. Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету. Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып, алфавиттік сөйлем жазады. Мысалы: Пп Пп Пп ппп ппп пенал парта пейзаж Пейзаж – табиғатты бейнелеу деген ұғымды білдіреді.
Оқушыларға қарамен жазылған сөз зат есім екенін дәлелдеп айтады. Бағалау дескрипторы:
3.4.2.4 (МК; Ө) 31-жаттығу. Киіз үй мен ағаш үй. Ы. Алтынсарин. Мәтінді оқы. «Галереяны шарлау» әдісі.
Оқушылар топтарға біріктіріледі. Топта ой бөлісіп, ортақ шешімге келеді. Топтар қарсы топтарға мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Құрастырған сұрақтарына сынып алдында жауап алады. Ықтимал сұрақтар:
Венн диаграммасы арқылы үйлердің ерекшеліктерін сипаттайды. Қарамен жазылған сөздерден туынды зат есім жасайды. (табыс- табыскер, дос- достық)
Киіз үй Ағаш үй
Түсіндірме сөздікпен жұмыс Әділ қазы – әділ шешім қабылдаушы. Бағалау дескрипторы:
3.4.2.4, 3.3.5.1 (Ө, Т, Ж, қ) 32-жаттығу Өлеңді көркем жаз. «Сиқырлы телефон» ойыны арқылы оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар жұптаса отырып, өлеңнің не туралы екенін және киіз үйдің жабдықтарын санамалап айтады. Туынды зат есімді тауып, сөз құрамына талдайды. Өзін-өзі тексеру және өзара тексеру жүргізіледі. Қате түрлері сыныппен талқыланады. Бағалау дескрипторы:
3.4.2.4 (ТЖ) 33-жаттығу. Мәтінді оқы.
(кітап-кітапхана, кітапханашы, мал-малшы, мүсіндері-мүсінші, құстың-құсбегі, аңның-аңшы) Оқушылар топтаса отырып, мәтінге талдау жүргізеді. Сөздердің түбірін табады, оларға жұрнақ жалғау арқылы туынды зат есім жасайды. Сергіту сәті. Ой сергек! 3.4.2.4 (ТЖ) «Сөздер тізбегі» ойыны. Түбір сөздерге жұрнақ жалғау арқылы жаңа сөз жаса.
Үлгі жауап: (айлық, кезекші, сазгер, ойыншық, дәрігер, ұстахана, оқушы, сызғыш, мүсінші, биші, аспаз, қойшы) Берілген сөздер тізбегін құрастыру үшін әр топтан бір адамнан шығып, туынды зат есім айтып, дәлелдейді. Ойын осылайша жалғаса береді. Бағалау дескрипторы:
3.4.2.4 (Ө; Ж, Ж) Саралау. Шығармашылық үзіліс. 1-деңгей: Көп нүктенің орнына негізгі зат есімді қойып жаз: ...- кезекші …- сөздік …-бапкер …- бастық (кезек, бап, сөз, бас) Көп нүктенің орнына туынды зат есімді қойып жаз: бі-... етік-... орын-... балық-... (білім,етікші, орындық, етікші, балықшы) 2-деңгей: Артық сөзді тап! 1. Сәнді, білім, ұшқыш, ұстаз; 2. Қысқы, аула, балық; 3. Қара ала, сахна, торғай; (сәнді, қысқы, қара ала) 3-деңгей: Жаңылтпашты оқы. Сөз құрамына талда. Қандай қорытынды жасар ең? Шын еңбекшіл - өрмекші, Өрмекші - шын өрнекші. (өрмекші) Бағалау дескрипторы:
| №3 Дәптермен жұмыс 5-слайд
«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж. 6-слайд 7-слайд 8-слайд 9-слайд №3 Дәптермен жұмыс №1жұмыс парағы 10-слайд №2 жұмыс парағы 11-слайд 12-слайд 13-слайд 14-слайд | ||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия: «Стикер» әдісі бойынша бағалау жүргізіледі. Бағалау критерийлері бойынша:
Үй тапсырмасы Негізгі, туынды зат есімдерді қатыстырып, 3 сөйлем жазу. |
15-слайд | ||||||||||
Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру. Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі. | Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?