1. Қазақ тілі_3 сынып_2 бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_Сабақ тақырыбы Мазмұндама жазайық_ҚМЖ


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Мектеп: Талдықорған қаласы НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Омарова А.Е.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мазмұндама жазайық

Оқу мақсаты

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
  • бейне материал бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, жабық сұрақтарға жауап береді;
  • бірлесіп құрған жоспарды қолданып, үлгі бойынша мазмұндама жазады

Оқушылардың көбі:

  • тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
  • бейне материал бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
  • бірлесіп құрған жоспар бойынша тірек сөздерді қолданып мазмұндама жазады

Оқушылардың кейбірі:

  • сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
  • бейне материал бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
  • өз бетінше жоспар құрып, мазмұндама жазады

  Бағалау критерийлері

  • сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
  • жасаған болжамын негіздей алады;
  • мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
  • аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жаза алады;

 Тілдік мақсаттар

 

Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерімен танысады, оларды сөйлеу барысында қолданады. Сауатты жазып, ойын тиянақты жеткізуге дағдыланады.

 Құндылықтарды дарыту

 

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді, ұлттар арасындағы татулықты насихаттайды.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, АКТ

Алдыңғы меңгерілген білім

Кейіпкерді сипаттау, мәтін кейіпкерін анықтап, оған мінездеме беру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

(Ұ) Психологиялық ахуал орнату.

«Көңіл күйім» жаттығуы орындалады.Оқушылар ақ қағазға өздерінің көңіл күйлерін суреттеп салады.

Оқушылардың сабаққа дейінгі көңіл күйін білу.

( Ө/Ж) «Ойымызбен бөлісейік» айдары бойынша

«ББҮ» әдісі

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарын таныстыру.

Кадрларға назар аудару. Тақырып бойынша білетіндерін және білгісі келетіндерін өз бетінше жазу. Жұпта білгендерін кестеге жазады, талқылау жүргізеді.

Соңғы бөлігін сабақ соңында толтыру керектігін ескерту.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

- Мына кадрлар туралы не білесің?

-Бұл мультфильм қалай аталады?

-Мультфильмді көрдің бе?

  • Бейнематериал кім туралы болмақ?
  • Ол саған несімен ұнады?

Ақ қағаз

4-5 слайд

Сурет

Қосымша1

кесте

Сабақтың ортасы

(30 мин)

3 мин

4 мин

5 мин

5 мин

10 мин

3 мин

(Ж/Т) «Тыңдайық, болжайық» айдары бойынша

«Болжау» әдісі

) «Көк ту және достар» мультфильмінен үзіндіні көру. Алған әсерімен бөлісу.

«Көк ту және достар» мультфильмінен 2:48- 3:09 минут аралығындағы үзінді көрсетіледі.

(Т) Оқушыларға фильмнің соңы қалай аяқталатынын болжау ұсынылады. Фильмнен алған алғашқы әсерлерімен бөлісуге мүмкіндік беріледі.

«Көк ту және достар» мультфильмінен 7:05-8:42 минут аралығындағы үзінді көрсетіледі.

Мұғалім топтағы барлық оқушылардың оқиғаны баяндауын қадағалайды.

Фильмді қайта көру. Фильмдегі әрбір кейіпкердің қандай сезімде, ойда болғанын топта талқылау. Сынып алдында өз ойларын қорғау.

(Ж) «Мағжанның орнында болсаң, не істер едің?»

Оқиғаның соңын болжау. Мағжанның іс-әрекеті қандай болуы мүмкін?

Ұ) Оқиғаның соңын көру. Өз болжамдарымен салыстыру.

Оқушылармен бірге дескриптор құрастыру .

Дескриптор:

  • сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
  • жасаған болжамын негіздей алады;
  • мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;

«Сахналайық» айдары бойынша

(Т) Фильмдегі әрбір кейіпкердің қандай сезімде, ойда болғанын топта талқылауға, сынып алдында сахналық көрініс ретінде көрсетуге уақыт беріледі .

«Жазайық» айдары бойынша

Мағжан мен Диманың іс – әрекеті туралы топта пікір алмасады. Олардың іс-әрекеттеріне салыстырмалы түрде баға береді.

Оқушылармен бірге дескриптор құрастыру .

Дескриптор:

  • аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жаза алады;

Жоспар:

  • Жаңа достар
  • Туды құрметтеу
  • Көмектесу
  • Асық ойнау

Құрылған жоспар бойынша мазмұндама жазады. Дәптерге көркем, таза жазу ескертіледі. Балалар жоспарға қосымша мәліметтерін енгізуге болады.

«Тексерейік» айдары бойынша жұмыс

«Бағытталған жазу» стратегиясы

Мұндай жұмыс түрі шамамен 7-10 минутты қамтиды. Жазба жұмыстарында жіберілген қателерінің түріне байланысты оқушылар топтастырылады. Тапсырманы қатесіз орындағандар өз алдына топ құрайды және оларға өз бетінше жұмыс беріледі. Мұғалім қате түрлеріне байланысты тапсырмаларды алдын ала дайындап келеді және оқушыларға түсіндірме жұмысын жүргізеді. Топ оқушылары қатеге байланысты берілген тапсырмаларды орындайды.

6-слайд

Бейнематериал

https://www.youtube.com/watch?v=m-3QTXZQIQQ

Қосымша 2 кесте

7-слайд

Сабақтың соңы

(5 мин)

Кері байланыс

«Қол белгісі» стратегиясы

Тақырыпты игергендерін қол белгілері арқылы көрсету:

*Мен ..... мазмұндаманы жүйелі, қатесіз жаза аламын (бас бармағын жоғары көтеру)

* Мен ..... мазмұндама жазуда қиындыққа кездестім (бас бармағын бір жанына қарай бұру )

*Мен ..... мазмұндама жаза алатыныма сенімді емеспін (бас бармағын төмен түсіру

Саралау– оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мазмұндама жазу кезеңінде қабілеті төменірек оқушыларға әртүрлі қолдау көрсетіледі.

Қабілеті жоғары оқушыларға сыни тұрғыдан ойлануға сұрақтар беріледі.

Сабақтың басында көңіл – күйлерің туралы білдік, ал енді көңіл күйлеріңді неге теңейсіңдер?

Бір- біріне кедергі келтірмеу.Қауіпсіздік ережесін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу