👈 қаріп өлшемі 👉

1.Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_Өткенді пысықтау БЖБ_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі

Бөлім: 2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Каирова К

Сабақ тақырыбы:

Өткенді пысықтау. « Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен » ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау. (БЖБ)

Күні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрастырып жазу

Сабақ мақсаттары

- Мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

- Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

- Жоспар мен көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрастырып жазу

Бағалау критерийлері

- Мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды

- Мәтін бойынша пікір білдіруге арналған сұрақтарға жауап береді

- Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрастырады

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Мәтіннің тақырыбы, негізгі ой, көмекші сөздер, пайымдау.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Менің ойымша, себебі, сондықтан.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілікке, ұқыптылыққа баулу

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін, мәтін және оның түрлерінің сипаттамасын, құрылымдық ерекшеліктерін ажырата біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі. Өтілген материалды пысықтау.

- Бұл суретке қандай тақырып қоюға болады?

- Суретші осы сурет арқылы бізге не айтқысы келді деп ойлайсыңдар?

- Суреттегі оқиғадан қандай өнеге алуға болады?

Сурет бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақ құрастыру.

Қалай ойлайсың? Неліктен? Сен осы пікірмен келісесің бе? Басқаша болуы мүмкін бе?

( Ж, қ) «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі.

Оқушылар өздері құрастырған сұрақтарын бір-біріне қойып, жауап береді.

- Неліктен бұл тақырыптарды қайталадық деп ойлайсыңдар?

- Бұл білім бізге қандай жағдайларда өмірде қолдануға қажет болады?

Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін таныстыру.

2-слайд

3-слайд

Сабақтың ортасы

20 минут

5 минут

1-тапсырма

Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

 Арман мектептен келісімен, атасына бақылау жұмысынан алған бағасын көрсетті.

 – Бәрекелді, балам, жарайсың, – деді атасы маңдайынан иіскеп.

 – Есеп білгенің жақсы.

 – Ата, біз қазір жүздіктерге байланысты есептерді шығарып жатырмыз. Бірақ мен мыңдық сандарды да шемішкедей шағамын – деді Арман.

 – Балам-ай, аздап асырыңқырып жіберген жоқсың ба, – деді атасы.

 – Жоқ, шығарамын –деді. Бірақ атасы айтқан есепті қате шешті.

 – Мұныңыз жаңылтпаш сияқты қиын есеп екен, – деп ұялғаннан қызарып кетті.

  •  Армантай, неге бұртиып қалдың? – деді сұраулы жүзбен атасы.

 – Ата, мақтаншақтық жаман, ә, – деді ол бір түрлі жабырқаңқы пішінмен.

  •  Әрине, жаман.
  •  Одан құтылуға бола ма?
  •  Неге болмасын, ол үшін өзіңді ұстамдылыққа үйрет. Төзімді бол. Бостан-босқа асып-таспа. Мақтаншақтыққа қарсы күрес.

  Сонымен Арман екі білегін сыбанып «күреске» шықты. Әрбір сөзін таразылап, өлшеп-пішіп сөйледі. Өзін-өзі тежеді. Асып-таспай байқап сөйледі.

 Атасы: «Менің Армантайым нағыз ер, сөзіне берік», – деп мақтады.

 Ол бірақ бұған мақтанбады.

 Дәулет Қасенов

  • Мәтінге қандай тақырып қояр едің? Белгіле ()

А. Қиын есеп.

Б. Мақтаншақтықты жеңген бала

С. Атасы мен немересі

  • Арманның бойындағы қандай қасиетін өзіңе үлгі тұтар едің?

Неліктен?

  • Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 1 сұрақ

құрастырып жаз.

2-тапсырма

Оқыған мәтіннен қандай ой түйдің?

Көмекші сөздерді пайдаланып, қысқаша жаз

Көмекші сөздер: менің ойымша, себебі, сондықтан.

Өзін-өзі тексеру.

Жазған жұмысыңды оқып, тексер.

- Сөйлемдер түсінікті құрастырылған ба?

- мәтіндегі сөйлемдердің өзара мағыналық байланысы сақталған ба?

- Сөйлемнің емлесі сақталған ба?

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай аламын

Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құратсыра аламын

Мәтін бойынша пікір білдіруге арналған сұрақтарға жауап беремін

Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрай аламын.

Үй тапсырмасы: Кейіпкерге сипаттама жазу.

үлестірме қағаздар

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ресурс арқылы саралау, мәтін құрылымының шаблоны беріледі.

Қалыптастырушы бағалау дескрипторына сәйкес жүреді.

Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы