2 .Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_Ч әрпінің емлесі_Презентация


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

2-бөлім

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы: Ч әрпінің емлесі

(«Қазақ тілі» оқу жоспары 3-сынып. «НЗМ» ДББҰ, 2018 ж.)

Құрастырған: Каирова К.У.

Әуекомпанияға арналған жаңа бағыттар

НОМИНАЦИЯЛАР:

Ең қызықты бағыт;

Ең жақын бағыт;

Ең арзан бағыт;

Ең тиімді бағыт, т.с.с.

Үй жұмысын тексеру

3.4.1.3* ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін білу;

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

Оқу мақсаттары

Бағалау критерийлері

сөздердің дыбыстық құрамын ажыратып, ч әрпі бар сөздерді сауатты жаза алады;

мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;

берілген тақырып бойынша жаңалықтарды іріктеп, ақпарат табады, жүйелейді7

Чч,чемпион

Қазақстандық олимпиада чемпиондары еліміздің көк туын желбіретті.

Көркем жазу

Чемпионат, чек, чупа-чупс, чемпион, черри, чуваш, Чукотка, Чехия.

Есте сақтау диктанты

Соңғы жаңалықтар

Бүгін Астана қаласының халықаралық әуежайында Рио-де-Жанейро қаласында өткен Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты күтіп алу шарасы өтті..

Түнгі сағат 4.30-да Астана әуежайында жанкүйерлер мен Рио-де-Жанейро қаласында өткен олимпиадаға қатысқан спортшылардың туған-туыстары мен достары жиналды.

Елордаға келген спортшылардың қатарында суға жүзуден Паралимпиада ойындарының чемпионы Зүлфия Габидуллина, пауэрлифтингтен күміс жүлдеге ие болған Раушан Қойшыбаева мен байрақты бәсекеге бағын сынаған 9 спортшы болды.

Алыс жолдан келгендеріне қарамастан спортшылар жанкүйерлерге өз қолтаңбаларын беріп, журналистердің сұрағына толыққанды жауап беруге тырысты.

Суға жүзуден Паралимпиада ойындарының чемпионы Жамбыл облысының атлеті Зүлфия Габидуллина жетістікке жетуге көп дайындалғанын атап өтті.

22.09.2016

Әсел Сарқыт

https://baribar.kz/10279/paralimpiadashylar-rio-olimpiasynynh-zhenhimpazdarymen-tenh-darezhedegi-aqshalaj-zhuldege-ie-bolady/

1-тапсырма

2-тапсырма

1. Әуежайға кімдер және не себепті жиналды?

2. Паралимпиада ойындары туралы не білесің?

3. Зулфия Габидуллина қандай медаль алды?

4. Рио-де-Жанейро қаласында олимпиада қай жылы өткен?

5. Пауэрлифтинг спорттың қандай түрі?

6. Спортшыларды күтіп алғанда, қандай тілек айтар едің?

Мәтіннен ақпарат алу

Қалай ойлайсың?

Пікірімен келісесің бе?

Неліктен?

Спортшылардың қайсар мінезі бар екенін мәтіннен дәлел тауып жазу.

Чемпион, Зүлфия, пауэрлифтинг сөздерін буынға бөліп жазу. Дыбыстық талдау жасау.

Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру

Өзіндік бағалау

Үйге тапсырма: Зүлфия Габидуллина, Раушан Қойшыбаеваның бірі туралы деректер тауып іріктеу.

Туған жылы, салмағы, спортпен неше жасынан бастап шұғылданады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу