3. Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_Өткенді пысықтау. БЖБ_Дидактикалық материалдар


2-бөлім. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы: Өткенді пысықтау. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен » ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау. (БЖБ)

Қосымша № 1

Қосымша 2

1-тапсырма .Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

 Арман мектептен келісімен, атасына бақылау жұмысынан алған бағасын көрсетті.

– Бәрекелді, балам, жарайсың, – деді атасы маңдайынан иіскеп.

– Есеп білгенің жақсы.

– Ата, біз қазір жүздіктерге байланысты есептерді шығарып жатырмыз. Бірақ мен мыңдық сандарды да шемішкедей шағамын – деді Арман.

– Балам-ай, аздап асырыңқырып жіберген жоқсың ба, – деді атасы.

– Жоқ, шығарамын –деді. Бірақ атасы айтқан есепті қате шешті.

– Мұныңыз жаңылтпаш сияқты қиын есеп екен, – деп ұялғаннан қызарып кетті.

Армантай, неге бұртиып қалдың? – деді сұраулы жүзбен атасы.

– Ата, мақтаншақтық жаман, ә, – деді ол бір түрлі жабырқаңқы пішінмен.

Әрине, жаман.

Одан құтылуға бола ма?

Неге болмасын, ол үшін өзіңді ұстамдылыққа үйрет. Төзімді бол. Бостан-босқа асып-таспа. Мақтаншақтыққа қарсы күрес.

 Сонымен Арман екі білегін сыбанып «күреске» шықты. Әрбір сөзін таразылап, өлшеп-пішіп сөйледі. Өзін-өзі тежеді. Асып-таспай байқап сөйледі.

Атасы: «Менің Армантайым нағыз ер, сөзіне берік», – деп мақтады.

Ол бірақ бұған мақтанбады.

Дәулет Қасенов

Мәтінге қандай тақырып қояр едің? Белгіле (+)

А. Қиын есеп.

Б. Мақтаншақтықты жеңген бала

С. Атасы мен немересі

Арманның бойындағы қандай қасиетін өзіңе үлгі тұтар едің? Неліктен?_________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 1 сұрақ

құрастырып жаз_______________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма

Оқыған мәтіннен қандай ой түйдің? Көмекші сөздерді пайдаланып, шағын пайымдау мәтінін жаз.

Көмекші сөздер: менің ойымша, себебі, сондықтан.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу