2 .Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_Өткенді пысықтау. БЖБ_Презентация


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

2-бөлім

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы: Өткенді пысықтау. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау. (БЖБ)

(«Қазақ тілі» оқу жоспары 3-сынып. «НЗМ» ДББҰ, 2018 ж.)

Құрастырған: Каирова К.У.

Өтілген материалды қайталау

Өзара құратсырған сұрақтарын қойып, жауап беру

- Неліктен бұл тақырыптарды қайталадық деп ойлайсыңдар?

- Бұл білім бізге қандай жағдайларда өмірде қолдануға қажет болады?

«Ішкі және сыртқы шеңбер»

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрастырып жазу

Оқу мақсаттары

1-тапсырма. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Арман мектептен келісімен, атасына бақылау жұмысынан алған бағасын көрсетті.

Бәрекелді, балам, жарайсың, – деді атасы маңдайынан иіскеп.

Есеп білгенің жақсы.

Ата, біз қазір жүздіктерге байланысты есептерді шығарып жатырмыз. Бірақ мен мыңдық сандарды да шемішкедей шағамындеді Арман.

– Балам-ай, аздап асырыңқырып жіберген жоқсың ба, – деді атасы.

Жоқ, шығарамындеді. Бірақ атасы айтқан есепті қате шешті.

Мұныңыз жаңылтпаш сияқты қиын есеп екен, – деп ұялғаннан қызарып кетті.

Армантай, неге бұртиып қалдың? – деді сұраулы жүзбен атасы.

Ата, мақтаншақтық жаман, ә, – деді ол бір түрлі жабырқаңқы пішінмен.

Әрине, жаман.

Одан құтылуға бола ма?

– Неге болмасын, ол үшін өзіңді ұстамдылыққа үйрет. Төзімді бол. Бостан-босқа асып-таспа. Мақтаншақтыққа қарсы күрес.

Сонымен Арман екі білегін сыбанып «күреске» шықты. Әрбір сөзін таразылап, өлшеп-пішіп сөйледі. Өзін-өзі тежеді. Асып-таспай байқап сөйледі.

Атасы: «Менің Армантайым нағыз ер, сөзіне берік», – деп мақтады.

Ол бірақ бұған мақтанбады.

Дәулет Қасенов

Мәтінге қандай тақырып қояр едің? Белгіле (+)

А. Қиын есеп.

Б. Мақтаншақтықты жеңген бала

С. Атасы мен немересі

Арманның бойындағы қандай қасиетін өзіңе үлгі тұтар едің? Неліктен?

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 1 сұрақ құрастырып жаз.

Тапсырмаларды орында

2-тапсырма

Оқыған мәтіннен қандай ой түйдің? Көмекші сөздерді пайдаланып, шағын пайымдау мәтінін жаз.

Көмекші сөздер: менің ойымша, себебі, сондықтан.

Жазған жұмысыңды оқып, тексер.

Сөйлемдер түсінікті құрастырылған ба?

Мәтіндегі сөйлемдер өзара мағыналық байланысты құрастырылған ба?

Сөйлемнің емлесі сақталған ба?

Өзін-өзі тексеру

Өзіндік бағалау

Үйге тапсырма: Кейіпкерге сипаттама жазу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу