4. Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен _Сабақ тақырыбы Мазмұндама жазайық _Әдістемелік нұсқау


Әдістемелік нұсқаулық

2-бөлім. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы Мазмұндама жазайық

Оқу мақсаттары

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу

Бағалау критерийлері

  • сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
  • жасаған болжамын негіздей алады;
  • мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
  • аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жаза алады;

Құндылықтар Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді, ұлттар арасындағы татулықты насихаттайды.

Пәнаралық байланыс дүниетану, әдебиеттік оқу

Ресурстар Қима қағаз, сурет, кесте, бейнематериал

Сабақ барысы

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. «Көңіл күйім» жаттығуы орындалады. Оқушылардың сабаққа дейінгі көңіл күйін білу. Оқушылар ақ қағазға өздерінің көңіл күйлерін суреттеп салады.Жұпта көңіл күйлері туралы бір- біріне айтады.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

(Ө) 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

(Ж/Т) «Тыңдайық,болжайық » айдары бойынша

«Болжау » әдісі

) «Көк ту және достар» мультфильмінен үзіндіні көру. Алған әсерімен бөлісу.

«Көк ту және достар» мультфильмінен 2:48- 3:09 минут аралығындағы үзінді көрсетіледі.

(Т) Оқушыларға фильмнің соңы қалай аяқталатынын болжау ұсынылады. Фильмнен алған алғашқы әсерлерімен бөлісуге мүмкіндік беріледі.

«Көк ту және достар» мультфильмінен 7:05-8:42 минут аралығындағы үзінді көрсетіледі.

Мұғалім топтағы барлық оқушылардың оқиғаны баяндауын қадағалайды.

Фильмді қайта көру. Фильмдегі әрбір кейіпкердің қандай сезімде, ойда болғанын топта талқылау. Сынып алдында өз ойларын қорғау.

Ж) «Мағжанның орнында болсаң, не істер едің?»

Оқиғаның соңын болжау. Мағжанның іс-әрекеті қандай болуы мүмкін?

Ұ) Оқиғаның соңын көру. Өз болжамдарымен салыстыру.

Оқушылармен бірге дескриптор құрастыру .

Дескриптор:

  • сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
  • жасаған болжамын негіздей алады;
  • мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;

(Ө) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

«Жабық» және «ашық» сұрақтар кестесі бойынша орындалады. Оқушылар көрген мультфильмі бойынша сұрақтарды күрделілігіне қарай жариялау-кестесіне жазып, тұжырымдайды. «Күрделі және оңай сұрақтар» әдісі арқылы сұрақ қою мәнері жетілдіріледі. Сабақ үстінде төмендегідей кестені пайдаланған жөн:

Оңай сұрақтар – бір рет қана дәлелді жауапты талап ететін сұрақтар

Күрделі сұрақтар – күрделі, толыққанды жауап беруді, талдауды қажет ететін сұрақтар.

Мысалы, кім..., не...

қашан..., ...болуы мүмкін, ... болады, ... қалай аталады, ... болды ма, келісесің бе..., дұрыс ...

 түсініктеме беріңдер, неге ...? неге сендер ... ойлайсыңдар?

 ... айырмашылығы неде?

болжап көріңдер, ...болса, не болады?

Дескриптор:

- мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;

-мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

(Ө) 3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу

«Жазайық» айдары бойынша

Мағжан мен Диманың іс – әрекеті туралы топта пікір алмасады. Олардың іс-әрекеттеріне салыстырмалы түрде баға береді.

Оқушылармен бірге дескриптор құрастыру .

Дескриптор:

  • аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жаза алады;

Жоспар:

  • Жаңа достар
  • Туды құрметтеу
  • Көмектесу
  • Асық ойнау

Құрылған жоспар бойынша мазмұндама жазады. Дәптерге көркем, таза жазу ескертіледі. Балалар жоспарға қосымша мәліметтерін енгізуге болады.

«Тексерейік» айдары бойынша жұмыс

«Бағытталған жазу» стратегиясы

Мұндай жұмыс түрі шамамен 7-10 минутты қамтиды. Жазба жұмыстарында жіберілген қателерінің түріне байланысты оқушылар топтастырылады. Тапсырманы қатесіз орындағандар өз алдына топ құрайды және оларға өз бетінше жұмыс беріледі. Мұғалім қате түрлеріне байланысты тапсырмаларды алдын ала дайындап келеді және оқушыларға түсіндірме жұмысын жүргізеді. Топ оқушылары қатеге байланысты берілген тапсырмаларды орындайды.

Рефлексия

«Қол белгісі» стратегиясы

Тақырыпты түсінген /түсінбегендерін қол белгілері арқылы көрсету:

*Мен ..... түсініп отырмын, түсіндіре аламын (бас бармағын жоғары көтеру)

* Мен ..... әлі түсінбей отырмын (бас бармағын бір жанына қарай бұру )

*Мен ..... түсінгеніме сенімді емеспін (бас бармағын төмен түсіру

Қосымша әдебиеттер

1.Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)

2.«Назарбаев Зияткерлік Мектептері »ДББҰ. Қазақ тілі.Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.

3.«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж

4. Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде. Оқу-әдістемелік құрал.

.

2-бөлім. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Дидактикалық материалдар

Сабақ тақырыбы: Сипаттау мәтінін құрастырайық.

Қосымша №1

Тест

Қаратпа сөзді тап.

A) Мәди, екеуіміз кітапханаға барайық.

B) Мәди екеуі кітапханаға барды.

C) Мәди екеуіміз кітапханаға бардық.

2.Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықта.

Әділет, сен ауылға барасың ба?

А) сен

В) Әділет

С) барасың ба.

3.Қаратпа сөздің анықтамасын көрсет.

А) Аяқталмаған ойды білдіретін сөздер.

В) Айтушының көңіл-күйін білдіретін сөздер.

С)Біреудің назарын өзіне өзіне аудару үшін айтылатын сөздер.

4.Қаратпа сөзі бар сөйлемді анықта.

А) Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!

В) Ауылдың табиғаты қандай керемет!

С) Сен өзенге барасың ба?

5.Қаратпа сөз сөйлемнің ....

A) тек басында тұрады.

B) тек ортасында тұрады.

C) басында, ортасында және соңында тұрады.6.Сөйлемнің ортасындағы қаратпа сөзді анықта.

A) Келіңдер қыздар жазайық!

B) Балалар үлкендерді сыйлаңдар!

C) Шыңғыс қаламыңды бере тұршы!

7.Сөйлемнің соңындағы қаратпа сөзді анықта.

A) Аманбысыз ата!

B) Ботам ұйқың қанды ма?

C) Кел Сәкен төрге шық!

8.Қаратпа сөз бар сөйлемде қойылатын тыныс белгісін анықта.

A) Нүкте.

B) Үтір.

C) Сұрау белгісі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу