4.Қазақ тілі_3 сынып _2 бөлім «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» _4 сабақ_Жақсы мен жаманды айыра білемін_ Әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы: №4 -сабақ «Жақсы мен жаманды айыра білемін» тақырыпшасы

Сипаттау мәтінін жазамын

Сабақ мақсаттары

Ресурстар: Интерактивті тақта, «Балаларға арналған сюжетті суреттер топтамасынан» сурет, А4 қағаз, жұмыс дәптері, кесте

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау жағдайын назарда ұстап оқушылардың сынып ішінде қозғалысын тиімді ұйымдастыру қажет. Ол үшін сабақта түрлі оқыту әдістері өткізіледі.

Сабаққа қатысты ескертпелер

  • Сюжетті суретпен жұмыс.
  • Сызбамен жұмыс.
  • Мәтінмен жұмыс.

«Білімдарлар» әдісі

Мақсаты: Оқылған тақырыптарды еске түсіріп, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.

Бұл әдісте ең алдымен, ойынның басында «білгірлер» анықталады, олар өздеріне топ құрады. Ойынға қатысушылар топтары бойынша парта басына отырады. Бір топ тақта жанында қалады. Басқа топтардың өкілдері оларға оқылған тақырыптары бойынша сұрақтар қояды.

  • Мәтін дегеніміз не?
  • Мәтіннің қандай түрлері болады?
  • Мәтінге қатысты ерекшеліктерді ата.
  • Сипаттау мәтінінің ерекшелігі қандай?
  • Мәтіннің құрылымдық бөліктері қандай?

Топтың сұрақты өз ішінде талдауы 20 секунд қана жүреді де, бір оқушы жауап береді (кезекпен). Жеңімпаз топ дұрыс жауаптар мөлшерімен анықталады. Осылайша өткен тақырыптар пысықталып, шолу жасалады.

Көркем жазу

Кең жолды дәптерге В әрпінің жазу үлгісін және бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісі тақтада үлгі ретінде көрсетіледі. Қолдауды қажет ететін оқушыларға мұғалім дәптеріне үлгі көрсетеді.

Тілдік нормаларды жүзеге асыру үшін мұғалім сабақта сөздік диктантын жүргізу қажет. Ұсынылған сөздік диктанттарындағы сөздерді мөлшерлеп алған дұрыс. Бір сабақ көлемінде берілген әр әріптің емлесіне байланысты кемінде 8-10 сөз жаздырту қажет. Осы орайда сөздік диктанты жазылады.

Мақсаты: В әріптері бар сөздерді сауатты жазуға төселдіру.

Оқушылар диктантты жеке орындайды. Соңында жұмыстарын алмастырып, жұпта тексереді. Содан кейін нтерактивті тақтадағы дұрыс нұсқасымен салыстырып, тексереді.

Сөздік диктант

Трамвай, вагон, велосипед, волейбол, автобус, витамин, аквариум, автомобиль, авиация, пингвин, вокзал.

Қабілеті жоғары деңгейлі оқушыларға құрамында в әрпі бар сөздерден сөйлемдер құрап жазу тапсырылады.

  • Құрамында в әріптері бар сөздерді сауатты жазу
  • Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей, көркем жазу.
  • Велосипед сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Мақал-мәтелдермен жұмыс

Берілген мақалдарды көркем етіп, көшіріп жазу ұсынылады.

  • Жақсы адам- елдің ырысы,

Жақсы сөз- жанның тынысы.

  • Аға әдепті болса,- іні әдепті

Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті.

  • Мақал-мәтелдерді қатесіз көшіру
  • Мақал-мәтелдердің мағынасын білу
  • Бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтау
  • Бас әріп пен кіші әріптің мөлшерін сақтау
  • Сөздерді, әріптерді үзбей, көлбеу жазу
  • Әріптердің дұрыс байланысын көрсету
  • «Қандай» сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызу

Мәтінмен жұмыс

Оқушыларға мәтіннен қандай сұрағына жауап беретін сөздерді, тірек сөздерді табуды ұсынады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:

  • «Аққу» мәтіні мәтіннің қай түріне жатады?
  • Сипаттау мәтіні екенін дәлелде?
  • Мәтіннен қандай сұрағына жауап беретін сөздерді табу
  • Мәтіннен тірек сөздерді табу
  • Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтау
  • Мәтін түріне ажыратып, дәлелдеу

Аққу

Аққу-құс төресі. Аққу-тазалықтың, шынайылықтың белгісін білдіреді. Оның мойны ұзын. Басы үлкен емес, денесі созылыңқы. Қауырсындары тығыз, ақ түсті, үлпілдек.

Аққу ұясын суы тұщы, таза, қамысы қалың көлдің жағасына салады.

Олардың жұптары жазылмайды. Ол киелі құс.

Суретпен жұмыс

Әр топқа сиқырлы ашық хат үлестіріледі. Оның ішінде «Әдепті бала», «Назерке-өнерлі қыз», «Біздің сынып» деген тақырыптар бар. Әр топ алған тақырыптары бойынша сипаттау мәтінін құрап жазады да қорғайды. Сипаттау мәтінін құру үшін «қандай?» сұрағын ескереді. Әр топ мәтінге тән ерекшеліктерді есте ұстайды. Мәтіннің құрылымдық бөліктеріне, мазмұнына назар аударады. Құраған сипаттау мәтіндерін дәптерге көшіріп жазады.

Оқушылар топта қорғап болған соң «Борт журналы» әдісі бойынша кестені толтырады. «Борт журналы» - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады: Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына» енгізеді. «Борт журналының» бағандарын толтырады. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындайды.

Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін?

Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?

Қандай ой түйдім?

  • Суреттер арқылы шағын сипаттау мәтінін құрап жазу
  • Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтау
  • Сипаттау мәтініне тән ерекшеліктерді білу
  • Сөйлемдегі сөздерді байланыстыра, орын тәртібін сақтап, жазу
  • Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі, сауатты жазу
  • «Борт журналы» әдісі бойынша кестені толтыру

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтауға назар аудару. Рефлексия «Бес саусақ» әдісі бойынша жүргізіледі.

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу