Қазақ тілі және әдебиеті _3 сынып_2 бөлім _«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»_Әдістемелік нұсқау_Жарылғасова Ж


Әдістемелік нұсқаулық

Сабақ . 2-бөлім. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен».

Сабақ тақырыбы Әңгімелердегі жақсы мен жаманды (жарық пен қараңғы) зерттеу

Бағалау критерийлері

- сюжетті суреттер арқылы шағын әңгімелеу мәтінін құрап жазады;

- э, ф, в, ц дыбыстары бар сөздерді дұрыс айтып, сауатты жазады.

Құндылықтар: Жануарларға қамқор болуға, еңбексүйгіштікке үйрету.

Пәнаралық байланыс. Әдебиеттік оқу, жатаьылыстану, дене шынықтыру.

Ресурстар: кесте, суреттер, маркер, түрлі түсті қарындаштар, жұмыс дәптері, э, ф, в, ц әріптері.

Сабақ барысы

1 Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар әріптер бойынша топқа бөлінеді: э, ф, в, ц әріптері. Оқушылармен «Кім шапшаң?» ойыны ойналады. Әр топқа мұғалім сұрақтар қояды. Әр сұрақтың жауабында таңдап алынған әріп кездеседі.

«Э» әрпін таңдаған топқа:

1.Жылжымалы баспалдақ (эскалатор)

2. Жер қазатын машина (экскаватор)

3. Спорттық жарыс (эстафета)

«Ф» әрпін таңдаған топқа:

1. Спорттық ойыннның бір түрі (футбол)

2. Байланыс құралы (телефон)

3. Аспаптың бір түрі (флейта)

«В» әрпін таңдаған топқа:

1. Көліктің бір түрі (автобус)

2. Үй ішінде бөлмеде балық жүзіп жүр (аквариум)

3. Пойыз тоқтайтын жер (вокзал)

«Ц» әрпін таңдаған топқа:

1. Өлшем бірлігі (центнер)

2. Оқу құралы (циркуль)

3. Ата заң (Конституция)

Оқушылар э, ф, в, ц әріптерін қайталайды. Оларды дұрыс айтуға жаттығады. Басқа дауыссыз дыбыстардан ерекшелігін ажыратады. В мен ф дыбыстарының ерекшеліктерін салыстырады. Бұл әріптердің жазылуын еске түсіреді. Мұғалім тақтадан әріптердің жазу үлгісін өзі жазып көрсетеді. Соңында қорытынды шығарады.

Қорытынды: э, ф, в, ц әріптері басқа тілден енген сөздерде жазылады.

э-дауысты дыбыс,жіңішке, ашық, езулік.

ф-дауыссыз дыбыс, қатаң;

в- дауыссыз дыбыс, ұяң;

ц-дауыссыз дыбыс, қатаң.

Бұл тапсырмадан кейін мұғалім сабақ тақырыбын және оқу мақсаттарын таныстырады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

2. (Жұптық) 3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу. «Сүйеніп отыру» диктанты жүргізіледі.

Оқушылар диктантты жұптасып орындайды. Ол үшін  екі оқушыға э, ф, в, ц әріптері бар сөздер екіге бөлініп беріледі. Жұп оқушының біріншісі жазып отырса, екіншісі 90º-қа бұрылып, сөздерді оқиды. Алдымен  оқушыларға сөздермен танысуға уақыт беріледі. Бірінші оқушы берілген сегіз сөзді оқиды, жұбы жазып отырады. Содан соң сөздердің келесі бөлігін жазған оқушы оқиды да, оқыған оқушы диктантты жазады.

Соңында жұмыстарын алмастырып, мұғалімнің берген  дұрыс нұсқасымен салыстырып, тексереді.

1-жұп

Автобус, Вова, мультфильм, микрофон,

циркуль, концерт,Эльмира, эскимо.

2-жұп

Волейбол, аквариум,асфальт, лифт,цифр,

энциклопедия, электр, экскаватор.

Қабілетті оқушыларға құрамында э, ф, в, ц әрпі бар сөздерден сөйлемдер құрап жазу тапсырылады.

Дескриптор:

- құрамында э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазады;

- көркем жазады.

Сергіту сәті. Осы тапсырмадан кейін оқушылар сергіту сәтін орындайды. Оқушылар қимыл жаттығуларын жасайды.

Ал,балалар, бір ауық,

Әріп сырын ұғайық.

«Э» дегенде экран болып жанайық,

«Ц» дегенде циркуль болып шеңбер сызайық,

«В» дегенде вагон болып тізіліп, тұра қалайық.

«Ф» дегенде белге қолды қояйық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

3.3.1.1 Жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу/пайымдау мәтіндерін құрап жазу; (Т) Әр топқа бір суреттен таратылып беріледі. Оқушылар суретте не туралы әңгіме болуы мүмкін екенін шешіп, ол әңгімені суреттейтін бірнеше сөздерді жазып шығады.Топтың бір мүшесі жазбалар жасап отырады. Стикерлерді қолдануға болады.Талқылауға уақыт беріледі. Содан кейін әр топ өз жұмыстарын ораға шығып қорғайды. Суретке қатысты тірек сөздерін тақтаға іледі. 4 сурет қатарынан ілінеді.Жоспар құрылады. Берілген жоспар мен көмекші сөздерге сүйеніп, әңгімелеу мәтінін құрап жазу тапсырылады.

1. Фатиманың аквариумы

2. Аквариумдағы судың лайлануы

3. Аквариумды тазарту жолын іздеу

4. Аквариумды тазарту

Қабілетті оқушылар суреттерді пайдалана отырып, шағын мәтін жазады. Қабілеті орташа оқушылар оқиғалардың ретін сызбаға сүйене отырып құрастырып жазады.

 

Қабілеті төмен оқушылар ретімен берілген суреттер бойынша сөйлемдер жазады.

Мұғалім қосымша тірек сөздерін береді: аквариум, лайланды, аңғару, энциклопедия, тазарту, сүзгімен алу, ұсақ тастар,кішкентай балықтар, шөп, бақалшақ, жем, қуану.

Дескриптор:

- сурет бойынша шағын мәтін құрап жазады;

- мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) сақтайды;

- тірек сөздерді орынды қолданады;

- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;

- сөйлемді сауатты жазады;

- пунктуациялық нормаларды сақтайды.

Аквариумды тазарту

Фатиманың үйінде әдемі аквариум бар. Мұндағы балықтың аты – цихлазом. Оны әкесі айтқан болатын.

Бір күні аквариумдағы су лайланып кетті. Фатима мұны бірден аңғарды. Үйде үлкендер жоқ болатын. Ол не істерін білмеді. Сөреде тұрған энциклопедияны алды. Өзіне қажет ақпаратты тауып алды. Дереу кішкентай балықтарды сүзгімен алып, басқа ыдысқа ауыстырды. Аквариумның ішіндегі суын төкті. Қабырғасын, тастарын жуды. Содан соң балықтарды аквариумға салды. Жем берді. Тап-таза судың ішінде балықтар жүзіп жүр. Фатима қуанып кетті.

(Жарылғасова Ж.М.)

Сабақ соңында рефлексия жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды. Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.

- Сіз өзіңіз үшін жаңа не білдіңіз?

- Сіз үшін не жеңіл болды?

- Сізге қай жерде көмек қажет болды?

- Сіздің қандай да бір сұрағыңыз бар ма?

Үй тапсырмасына жаңа материал туралы түсініктерін кеңейту үшін құрамында э, ф, в, ц әріптері бар бірнеше сөздерді жазып келу тапсырылады.

Қосымша әдебиеттер

  • Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)
  • «Назарбаев Зияткерлік Мектептері »ДББҰ. Қазақ тілі.Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.
  • С.Рахметова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.
  • «Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж
  • «Қазақ тілі» оқулық-тест.2007,
  • Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер. Әдістемелік кітапша
  • Интернет материалдары


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу