1.Қазақ тілі 3-сынып 2-тарау Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_Қаратпа сөз_ҚМЖ
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Күні: Сынып: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қаратпа сөз. Жақсы мен жаманды айыра білемін | |||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою; 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - қаратпа сөздерді ажыратады және тыныс белгілерін дұрыс қояды; - өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды; - мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді | |||||||||||||||||
Сөздік қор |
| |||||||||||||||||
Құндылықтар | Кеңпейілді болуға, жақсы мен жаманды ажырата білуге баулу | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін-өзі тану, жаратылыстану, әдебиеттік оқу | |||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | - | |||||||||||||||||
Бастапқы білім | Тіл және сөйлеу, сөйлеу мәдениеті. | |||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | (МК; Ж) Рөлдік ойын: «Тыңдашы мені» Өз ісімен шұғылданып отырған кісіні қалай өзіңе қаратуға болады? 1 минут уақыт беріледі. Жағдаятты қалай шештің? - Не дедің? Қай сөз сенің оған қарауына себеп болды? Талдау. Ой бөлісу. Қаратпа сөз ұғымын енгізу. Ықтимал шешімдер: Досым, сен маған айтшы.... Аслан, екеуіміз дос едік қой...т.с.с Сабақ мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін бірлесіп белгілеу. |
| ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы мин | 3.3.7.1 (МК, Т) Сөздерді зерттеу. Қарамен берілген сөздерді түсіріп оқып, сөйлемдерді салыстыру. - Не байқадың? Қаратпа сөздер қандай қызмет атақарады деп ойлайсың? - Үтір неліктен қойылады? Балақай, гүлдерді жұлма! Егін басына барғың келе ме, Дәурен? Құлыным, мәдени өсімдіктерге не жататынын айта қойшы. Биыл егін жинау науқанын, Дархан, сәтті аяқтай аламыз ба? Кестені оқы. Қандай ақпарат алдың? Жасаған қорытындыңмен сәйкес пе?
3.2.4.1 (Ө,Т,Ж) Әдина Жүсіптің «Бидай мен Шырмауық» мысалын іштей оқу. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін белгілеу. Тірек сөздер мен сөз тіркестері: орап алу, өкпе қысу, кесір, өсірмей тастау, мақсатына жету, жамандық ойлау. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін толықтыру. Есте сақтау диктанты. Өзін-өзі тексеру, бағалау. 3.2.4.1 (Т; Қ) Мәтінмен жұмыс. Кейіпкерлерді салыстыру. «Венн диаграммасы» әдісі. Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, ат қою. Мәтінді іштей оқу. - Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстырып, қорытынды шығару. - Осы оқиғадан қандай қорытынды жасауға болады? «Біреуге ор қазба, өзің түсесің» деген мақалдың мағынасын мысал мазмұнына сәйкестігін дәлелде. Қосымша тапсырма: пунктуациялық ширату. - Неліктен шырмауық және бидай сөздері бас әріптен жазылған? - Мысалдан сұраулы сөйлемдерді теріп оқы. - Екі кейіпкердің сөзі, яғни диалогін жазуда қандай тыныс белгі қолданылған? Сергіту сәті: дене қимыл жаттығуы (Ж) Терме жазу - Мәтіннен қаратпа сөзі бар сөйлемді тауып оқу. Мәтіннен қаратпа сөзі бар екі сөйлемді теріп жазу. Тексеру, тыныс белгілерінің қойылу себебін негіздеу және түсіндіру. Жазба жұмысын өзін-өзі тексеру. Саралау. Сөйлемнің сызбасы. (Ө, Ж, Т) Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру. «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі. Сұраққа жауап бергенде қаратпа сөздерді пайдалану. Үлгі: - Бидайға шырмауықтың қатар өсуінің пайдасы бар ма? Неліктен? - Сен Шырмауықтың пікіріне қосыласың ба? Не себепті? - Шырмауықтың іс-әрекеті туралы не айтар едің? Саралау: Ал сен ... туралы не ойлайсыз? Тағы қандай пікір қосасың? Сен ... пікіріне қосыласың ба? Шыныңды айтшы ... сенің көңіліңнен шықты ма? (Ұ) «Ішкі және сыртқы шеңбер» (Карусель) әдісі
|
| ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия +, - таңбаларын қолданып, өзіңді бағала.
Үйге тапсырма: Шырмауыққа 2 кеңес жазу. Сөйлем құрамында қаратпа сөз болуы керек. |
| ||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||
Сөйлем сызбасы. Сұрақ құрастыру шаблоны | Өзіндік бағалау | Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
| ||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?